- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Ежелгі Рустегі мәдениет пен білім беру. Ежелгі славян халықтарының тәрбие мен білім беруі. Киевтік Рустегі (Х-ХІІІ гг.) тэрбие мен оқыту. Орыс мемлекетіндегі білім беру. XVII гасырдың сонында Ресейдегі педагогикалык ой-пікірлер. I Петр заманындагы ағартушылык реформалар. II Екатерина дәуіріндегі ағартушылық. II Екатерина кезеңіндегі әйелдерге білім беру. М.В.Ломоносовтың педагогикалык іс-әрекеті. XVIIIff. Ресейдегі жетекші педагогтар - И.И. Бецкой, Ф.И. Янкович де Мириево, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев т.б.
Тарихы кезеңдегі халықтық білім беру және оны кайтадан кұру мәселелері. Білім беру мекемелері мен педагогикалык теориялар. Л.Н.Толстой,Н.И.Пироговтың педагогикалык іс-әрекеттері. К.Д.Ушинский - гылыми педа- гогиканың негізін салушы.
Негізгі ұгымдар: халыктық білім беру, білім беру мәселелері, білім беру мекемелері, педагогикалык ой-пікірлер, мәдениет, білім беру, тэрбие, Оқыту, Екатерина дәуіріндегі педагогика, эйелдерге білім беру, педагогикалык іс- эрекет.
1917-1980 жж. Кецестік мектеп жэне педагогика. Мектептерді револю- циялык жолмен кайта құру. Халыққа білім беру бойынша Кеңес үкіметінің апғашкы декреттері. «Бірегей еңбек мектептерінің» негізгі кагидалары. Тэжірибелі-көрсеткіштік оқу мекемелерінің мемлекеттік жүйесі.
Ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің үлттык саясаты. Кеңес педагогтары- ның іс-эрекеттері: Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, П.П. Блонский,А.С.Макаренко жэне т.б.
¥лы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 жж.) кеңестік мектеп. Әскери уақыт жагдайында мектеп оку-тэрбие жұмысының ерекшеліктері.
Білім берудің жетекші тұжырымдамалары:
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың дамыта оқыту;
жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (В.В. Краевский, И.ЯЛернер, М.Н.Скаткин).
Ғалымдар (П.Р.Атутов, Ю.К.Бабанский, В.Е.Гмурман, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, В.В.Сухомлинский, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина жэне т.б.) гылыми-педагогикалык зерттеулерінің негізгі бағыт- тары.
1980-1990 жж. кеңестік мектеп жэне педагогика гылымыныц дамуы.
Сьездін бағдарламалық құжаттарындағы халыктық білім беру мәселелері (1981 ж.). Жалпы орта білім берудің бірдеңгей мәселесі. Жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін мектептер реформасының негізгі багыттары (1984). Үздіксіз білім беру жүйесі (1986). Жаңашыл-мұғалімдер - В.Ф.Шата- лов, Ш.А.Амонашвили, С.НЛысенкова, И.П.Иванов, Т.И. Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б.
Негізгі угымдар: халыққа білім беру, кеңестік мектегц кеңестік педагогика, енбек мектебі, жаңашыл-мұгалімдер, гылыми-педагогикалық зерттеулер, педагогиканың багыттары, білім беру тұжырымдамалары, жалпы орта білім беру, кәсіптік мектеп, үздіксіз білім беру.
Жоспар:
Ежелгі Русьтегі білім беру.
ХҮІІ-ХҮІІІғ педагогикалық теориялар.
Кеңестік дәуірдегі білім беру жүйесі мен педагогика
Мақсаты: Ресейде педагогиканың даму кезеңдерін қарастыру, әр кезеңдегі педагогтардың көзқарастарына сипаттама беру.
К.Д.Ушинский есімі XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Россиядагы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның "Балалар әлемі", "Ана тілі", "Педагогикалық антропология" атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.
Ушинский педагогикалық жүйесінде оқудың принциптері мен мақсаттары, тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекті орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек. "Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін" — деп жазды. Қалай болса да, адамда және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағыда ерекше күш тауып, межелі максатқа жетуге жол табуы тиіс" — деп көрсетті.
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж. ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
В.А.Сухомлинский "Жастарды адамгершілікке" тәрбиелеудің проблемаларын" зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері - комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдара отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі – педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық омір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: "Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі -адамгершіліктің ең жогарғы мұраты" - деп тұжырымдады.
В.Ф.Шаталов белгілі педагог-ғалым, жазушы. Шаталов педагогикалық процестің мақсаты - барлығын оқытып, барлығына берік білім беру (барлық балалар талантты болу), оның ұраны -білім барлығына. Педагогикалық процестің басты принципі - ашық болашақ. Мінез орындалған жұмыс үшін, оған ешқандай көмек болмаса, оған "бестік" баға қойылатыны даусыз. Басқа принциптері материалды бірнеше рет қайталау, аса биік теориялық дайындык оқудың жоғарғы типі және уақыт үнемділігін сақтау. Мұның барлығын сақтау - өмір, мектеп ұраны. Сапалы білім, саналы тәртіп.
В.Ф.Шаталов педагогикасы - оқушыларды ойлау іс-әрекетіне, психологиялық тірек жасайды. Ол оқу процесіндегі үлгерім, сапалы еңбек, тұрақты білім беруге негізделеді. Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады. Ол одан ірі блок жасады. Көп қайталаудан бұл блоктар "ықшамдалады" және "жинақталады". Оқу материалы схемаға түсіріледі, конспект жасалады.
Бақылау сұрақтары
1.І Петрдің ғылымға қосқан үлесі.
2.М.Ломоносовтың педагогикаға қосқан үлесі.
3. Шығыс Славян еліндегі мектептер мен педагогика
4. Ресейдегі педагогикалық ойлардың даму кезеңдерін атаңыз;
5. 1861 жылғы реформаның білім саласына тигізген ықпалына сипаттама беріңіз.
6.К.Д.Ушинскийдің оқыту теориясына қосқан үлесі.
7.Л.Н.Толстойдың “Ясная поляна мектебінің” ерекшеліктерін атаңыз.
8 .Н.И.Пироговтың білім саласына қосқан үлесі.
Әдебиеттер
1. Е.Н. Медынский История педагогики М. 1982
2. История педагогики Часть-2 С ХҮІІ века до середины ХХ в. учеб. пособие для пед. университетов\ Под. Ред. А.И.Пискунова
3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008.
