Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек.пед..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.24 Кб
Скачать

Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Білім беруді баскаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары. Білім беруді баскарудың әртүрлі үлгілері: орталыктандырылган, орталықтандырылмаған, аралас.

Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық баскару (БМҚБ) - білім беру жүйесін баскарудағы мемлекеттік және қоғамдық кұрастырушылардың шыгармашылық өзара әрекеттестігі, басқарудың ерекше типі.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-когамдык қызметтері мен қагидалары. Қазакстанда білім беруді басқарудын мемлекеттік-коғамдык типін қалыптастыру. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы БМҚБ. Білім беру менеджментін жетілдіру: корпоративтік басқарудын қағидаларын ендіру, білім беруде мемлекеттік- жеке серіктестік жүйесін қалыптастыру, когамдық ұйымдарға катысу, қамқорлық кеңестер, бизнес өкілдері, ұлттык-мәдени кауымдастық, даму фонды және т.б.

ҚР-да 12 жылдык оқыту жагдайында білім беру үйымдарын басқару моделі

Негізгі ұғымдар: білім беруді басқару, білім беруді басқару моделі, білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық типі, білім берудегі серіктестік.

Жоспар:

  1. Білім беруді басқарудың әр түрлері.

  2. ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.

  3. 12-жылдық білім беруді басқару моделі.

Мақсаты: Қазіргі кездегі білім жүйесінің басты ерекшеліктері мен басқару тәсілдерін анықтау. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының міндеттерін түсіндіру

Қазіргі заман мектебі күрделі, кіріктірілген жүйе. Ол оқушылардың, оларды оқытып тәрбиелейтін мұғалімдердің,  мектеп әкімшілігінің және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді.  Басқарылушы кіші жүйеге мектеп оқушылары мен олардың ұйымдары жатады.

Білім беру жүйесінің белгілі бір ретпен жасалған құрылымында басқарудың  педагогикалық басқарудан басқа да түрлері кездеседі. Мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық.  Басқарудың барлық түрлері бір–бірімен тығыз байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шеуге бағытталған.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, ата –аналар мен оқушыларға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» Заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында ҚР білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар:

Министрлік

Облыстық білім департаменті

Аудандық білім бөлімі

Қалалық білім бөлімі

Министрлік, облыстық, аудандық, қалалалық білім департаменттері өздерінің құзырлылығы шеңберінде білім берудің бағдарламаларын жасайды және іске асырады, мемлекеттік білім беру стандарттарын жасайды, білім туралы құжаттарды айқындайды, білім мекемелерін қаржыландырады, т.б. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.

Оқу–тәрбие процесін  тікелей басқару  мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата–аналар мен жұртшылық өкілдері кіреді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кеңесі. Мектеп кеңесі жұмысының мазмұны мен қызметі  мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылына бір рет өткізілетін конференция болып табылады. Оның өкілеттілігі өте кең. Жалпымектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдайды, оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан, дамудың негізгі бағыттарын, оқу–тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерінің өкілетті шегін белгілейді. Ал конференцияға шешуші дауыспен орта және жоғары сынып оқушылары, ата–аналар, жұртшылық өкілдері, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері сайланады.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міңдеттері:

- 12 жылдық мектептегі білім беру максатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

- 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін дайындау;

- Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж. 7 желтоқсан)

Білім беруді басқару жүйесі. Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.       Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың әртүрлі топтары да тартылады.

      Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.

      Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пәрменді қоғамдық қатысу тетігі әзірленетін болады.

     Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру және кәсіптік қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.       Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету үшін оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық және өңірлік кеңестер жұмыс істейтін болады.       Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады.       Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.

Бақылау сұраұтары:

1.Қазіргі заманда білім берудің мақсаты қандай?

2.Қазіргі мектептерде білім берудің мақсаты мен мазмұнын анықтайтын қандай тұжырымдамалар мен бағдарламалар бар?

3. Тұжырымдамалар мен бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері қандай?

Әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. В помощ лектору. Алматы, 2004.

2. Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,2006.

3. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005.

4. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 2006.

5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы,2006.

6. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 2001.

1. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2007.