- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
«Тұтас педагогикалык үдеріс диагностикасы», «педагогикалык диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі - тұтас педагогикалык үдеріс, онын эр түрлі кезеңдердегі колданылуы жайлы ақпараттар. Педагогикалык үдерістін жагдайы туралы акпарат түрлері: бастапкы, тактикалық, оперативок.
Педагогикалык үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функцио- налды сауаттылык, интеллектуалдык даму деңгейі, окушылардын тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының калыптасу деңгейі, окушылардын әлеуметтену белсенділігінін деңгейі. Педагогикалык үдеріс жайлы ақпаратты өндеу әдістемесі және мектептін іс-әрекетін болжау үшін нэтижелерін корсету.
Педагогикалык үдерісті баскару жайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері.
Мектепішілік бакылаудың формалары және әдістері. Мектептегі педагогикалык ұжымының іс-әрекетін багалау өлшемдері - педагогтарды аттестация- лаудың негізі. Педагогикалык ұжымнын іс-әрекетінің көрсеткіштері мен өлшемдері. Мектептің тұтас педагогикалык үдерісін баскару мониторингінін сапасы.
Мектеп жұмысынын барлык түрін жоспарлау үшін педагогикалык удеріс жайлы ақпаратты пайдалану. Болашақ және жылдык жоспар. Мектеп жұмы- сының барлык жоспар түрлерінің орындалуына бакылау жасау формалары- ның мазмұндық бірлігі
Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудагы мектеп қүжаттарының рөлі. Негізгі кұжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және баска да құжаттардың жүргізілуіне койылатын талаптар. Мектептік кұжаттарды жүргізудің электрондық формасы.
Негізгі ұғымдар: мектепішілік бакылау, диагностика, ақпарат, педагогикалык үдеріс сипаттамасы, диагностиканың әдістері, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп кұжаттары.
Жоспар:
Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері.
Мектепішілік бақылаудың түрлері мен формалары.
Мектеп жұмысын жоспарлау түрлері.
Мектеп құжаттарының сипаттамасы.
Электрондық құжаттар.
Мақсаты: мектепішілік бақылаудың түрлері, әдістері мен формаларымен таныстыру. Мектеп құжаттарының түрлеріне сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, диагностиканың әдістері, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.
Мектептегі бақылау күрделі және қиын, өйткені білім беру процесін, әсіресе тәрбиені бағалаудың нақты критерийлері жоқ. Мектепте бақылауды директор мен оның орынбасарлары жүргізеді. Сонымен қатар мектеп директорының бақылау қызметін жоғары жақтан да тексереді. Бақылау басқарудың басқа функцияларымен тығыз байланысты, оның ішінде педагогикалық талдаумен байланысы анық көрінеді, өйткені мектепішілік бақылау кезінде алынған мәліметтерге педагогикалық талдау жасалады. Бақылау мен таңдаудың өзара байланысы мен айырмашылығы Ю. А. Конаржевскийдің еңбегінде баяндалған. Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі – ол мұғалімнің жеке басына әсер етеді. Егер ол жас мұғалім болса, оның кәсіби қалыптасуына ықпал етеді, ал тәжірибелі мұғалімнің мектептегі беделінің нығаюына ықпал етеді. Бақылауда тексерушінің жеке басының кәсіби шеберлігі де маңызды. Олардың міндеті қорқыту не басу емес, керісінше әдістемелік көмек көрсету, істің нақты жағдайын бағалау, педагогикалық қызметті ынталандыру. Қазіргі кездегі мұғалімдерді бақылаудың кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, бақылау жүйелі түрде жүргізілмейді. Екіншіден, бақылау формальды жүреді, бақылаудың нақты мақсаты мен бағалаудың объективті критерийлері болмайды. Үшіншіден, бақылау бір жақты ғана болып, кейбір мәселелері сырт қалады. Төртіншіден, бақылауды тек әкімшілік қана жүргізіп, тәжірбиелі әдіскерлер мен мұғалімдер қатыспайды. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін, мұғалімдерді бақылауда мынадай талаптарды ескеру керек:
1. Бақылау жүйелілігі
2. Бақылау объективтілігі
3. Бақылау нақтылығы
4. Тексерушінің құзырлылығы.
Мектеп ісін бақылау үшін оған бірнеше педагогикалық талаптар қойылады. Олар:
- бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру;
- бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану;
- бақылаудың әділеттілігі, жариялылығы;
- бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.
Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары,олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі, оқушылар білімінің ,іскерлігінің және дағдысының сапасы)
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары);
г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар, т.б);
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) мектеп құжаттары;
ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.
Оқу - тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар:
– жаппай немесе фронталдық, мысалы, барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары;
- тақырыптық - оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру;
- дербес - кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау;
Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді, жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі. Педагогтар М.Л. Портнов, Т.И. Шамова, Н.А. Шубин педагогиканы басқару тауралы еңбегінде мектепішілік басқарудың мазмұнына мыналарды жатқызады:
1. Жалпыға бірдей оқыту мәселесі;
2. Оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалуы;
3. Оқушының білім, іскерлік, дағдысының сапасы;
4. Оқушының тәрбиелілігінің деңгейі;
5. Пәндердің оқытылу жағдайы;
6. Тәрбие шараларының жағдайы мен сапасы;
7. Педагогикалық кадрлармен жұмыс,
8. Мектеп, отбасы, жұртшылықпен байланыс;
9. Нормативтік құжаттар мен қабылданған шешімдердің орындалуы.
Бақылаудың функциясы тұтас педагогикалық процесті реттеумен тығыз байланысты. Реттеуді ұйымдастыру жұмыстары түрлі қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
Мектепішілік бақылау түрлері
Тақырыптық – жеке мұғалімнің, мұғалімдер ұжымының қызметтеріндегі нақты бір мәселені тексеру;
Фронтальдық – жеке мұғалімді, мұғалімдер ұжымын әдістемелік бірлестікті жан-жақты тексеру;
Мектепішілік бақылаудың формалары
Дербес – жеке мұғалімді, тәрбиешіні, сынып жетекшіні бақылау;
Жалпы сыныптық бақылау – бір сыныпта жұмыс істейтін барлық мұғалімдерді бақылау;
Жалпы пәндік бақылау – бір пәннің оқытылу жағдайын сапасын бақылау;
Жалпы тақырыптық бақылау – бір тақырып бойынша әртүрлі сыныптарда істейтін бірнеше мұғалімдерді бақылау: Жалпы кешенді бақылау – бірнеше пәнді оқытуды, бірнеше мұғалімді бақылау.
Мектепішілік бақылаудың әдістері
Мектеп құжаттарын зерттеу
Бақылау
Әңгіме
Ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары
Анкета
Хронометрлік – мектеп режимін, сабақ пен тәрбие жұмысының уақытын, үй жұмысының көлемін, оқу жылдамдығын т.б. тексеру.
Озат іс-тәжірибені зерттеу.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсатты қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогиалық жүйенің үнемі қозғалысты, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мақсат жоспарлаудың өзегі болғандықтан, ол педагогтың да, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау. Сапалы түрде мақсат белгілегенде дтректормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі. Мектеп жұмысының жоспарын дайындағанда бірқатар талаптарды ескерген дұрыс:
Мақсатты бағыттылық талап – белгілі бір мақсатты қондырғы деп есептеу керек. Мұғалім, сынып жетекшісі, қоғадық ұйымдардың әрекетінде мақсат болуы керек.
Перспективалық талап – біріншіден мақсаттың түсініктілігі, айқындығы, жақындығы, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, іске асыруға болатын шынайылығын білдіреді.
Комплестілік талап – жоспарды құру барысында әртүрлі құралдар, әдістер мен тәсілдер, әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:
Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.
Мектептің жылдық жоспарының мынадай үлгісін ұсынуға болады:
1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
2. Мектеп жұмысының жалпы білім қорының жұмысын анықтауы. Мектеп оқушыларының жалпы орта білім алуына бағытталған шаралар жоспарланады. ҚР «Білім туралы» Заңының баптары басшылыққа алынады. Ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырылады, баланың құқын қорғау, үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету қамтылады.
3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі. Оқытуды ұйымдастыру, мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
4. Мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдар мен мен еңбек ұйымдарының бірлескен қызметі. Мектептің отбасымен жұмысы, ата-аналар жиналысы, педагогикалық лекторийлер, ашық есік күндері кіреді.
5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру, аттестациялау, семинар, конференция, тренингтер ұйымдастыру, педагогикалық және әдістемелік кеңестер өткізу.
6. Мектепішілік бақылау жүйесі.
7. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, оқу кабинеттерін жабдықтау, кітапхана қорын толықтыру, мектептегі ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары.
8. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Мектеп кеңесінің отырысы, педагогикалық кеңестің тақырыптары жазылады. Мектеп басшыларының міндеттері, кезекшілік кестесі, мектептің жұмыс тәртібі, оқу жүктемесі, сынып жетекшілері, кабинет меңгерушілері, т.б. анықталады.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды, және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруде өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен мен тәжірибесі ескерілуі тиіс.
Мектепте мұғалімдердің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтерумен әдістемелік кеңес айналысады. Мектептің әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетілгенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалімдік ұжымдық оқу түріне тартылып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектептің педагогикалық кадрларын аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның обьективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестация комиссиясын жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал қалалық, аудандық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарастырады. Аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат беріледі. Жоғары санатты республикалық, облыстық аттестациялау комиссиясы, бірінші санатты -аудандық, қалалық, екінші санатты – мектептің аттестациялау комиссисы береді.
Мектеп басшысының, мұғалімнің қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі - қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде тестілеу, экспертиза әдістері қолданылады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілік санат сұраған арызы арқылы бес жылда бір рет өткізіледі. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін.
Шағын комплектілі мектептерде аттестацияны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектептерде аттестациялауды аудандық білімнің немесе ірі мектептің базасында құрылған комиссия атқарады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскерлік, тілеулестік көңіл күйдің қалыптасуына тәуелді. Қорыта айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады
Бақылау сұрақтары:
1.Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның ролі?
2.Тексеру мен реттеу басқа мектепішілік басқару қызметтерімен қалай байланысқан?
3.Мектепішілік басқаруда қандай әдістер қолданылады?
Әдебиеттер
1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. В помощ лектору. Алматы, 2004.
2. Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,2006.
3. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005.
4. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 2006.
5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы,2006.
6. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 2001.
1. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2007.
