Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек.пед..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.24 Кб
Скачать

Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

«Педагогикалык менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және онын негізгі кызметтері. Баскару Кағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарга сипаттама. Мектептегі Педагогикалык үдеріс - әкімшілік басқарудың объектісі. Мұгалімдер мен оҚушылар үжымының іс-әрекеті - басқарудың пәні. «Педагогтар - окушыЛар және олардың жүйесіндегі басқару қатынасының ерекшеліктері.

Мектеп әкімшілігігіің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс- әрекеттері: директор, іүтас педагогикалык үдерістің эртүрлі аспектісіндегі Директордың орынбасарлары, менеджер.

Мектептегі педагогикалык үдерісті басқарудағы алқалық ұйымнын қызметтері (педагогикалык кеңес, әдістемелік кеңес).Мектептін әдісгемелік кызметі - педагогтардың кәсіби кұзыреттілігі мен біліктілігін арттырудын негізі. Мектептегі әдістемелік кызмет шеңберінде мұғалімдерді гылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетке дайындау.

Мұгалімнін өздігінен білім алу жұмысы - онын педагогикалык кұзыретті- лігін жетілдірудің негізі. Мүғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа түрлері.

Мұгалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айкындайтын құрал. Мұғалімдерді жіктеу деңгейлері, оларга сипат- тама. Ішкі және сырткы сараптама барысында мұгалімдерді аттестациялау және диагностика технологияларына қойылатын қазіргі талаптар. Портфолиопедагог іс-әрекетінің және онын кәсіби құзыреттілігін дамытудын мотивациялык негізі.

Негізгі ұғымдар: басқару, педагогикалык үдеріске жетекшілік жасау, менеджмент, басқару кагидалары мен кызметтері, әдістемелік кызмет, мұгалімдердің өздігінен білім алуы, педагогикалык іс-әрекеттерді диагностикалау және өзіндік диагностикалау, педагогикалык іс-әрекетті сараптау, мұгалімдерді аттестациялау.

Жоспар:

  1. Педагогикалық менеджмент ұғымы.

  2. Басқарудың мәні, қызметі, негізгі қағидалары.

  3. Мектеп әкімшілігінің қызметі.

  4. Мектептегі алқалық ұйым мен әдістемелік қызмет.

  5. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолдары.

  6. Мұғалімдерді аттестациялау.

Мақсаты: мектепішілік менеджмент ұғымына түсінік беру, мектепішілік басқарудың түрлерін түсіндіру. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру мәселелерін талдау.

 

«Менеджмент» термині ағылшын тілінен аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.  Педагогикалық басқару бүгінгі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Ол жайлы ғалым педагог Хмель Н.Д. өзінің зерттеулерінде былай дейді: «Педагогикалық процесті басқару дегеніміз -  әлеуметтік жүйені басқару».

Кез–келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар принциптерді сақтауға негізделеді. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің басшылыққа алатын қағидалары туындайды. Ол принциптер:

Педагогикалық жүйені басқарудағы демократияландыру және ізгілендіру. Шешім қабылдау мен талқылаудың ашықтығы, мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды конкурспен және контракт негізінде қабылдау – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпарыттың ашықтығы мен түсініктілігіне негізделеді. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беруі, оны талқылауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыру мектеп өмірінде демократияның орнығуының негізін қалайды.

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Жүйеліліктің бірінші белгісі – мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі – мектептің құрылымы. Үшінші белгі – жүйенің ерекшеліктері мен сипаттары. Төртінші белгі – оның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы.

Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі. Шамадан тыс орталықтандыру әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеледі. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамашылдығын шектейді, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдерді жай ғана орындаушығы айналдырады. Сонымен қатар орталықсыздандыруға да шамадан тыс көп мән беруге болмайды. Артық орталықсыздандыру тұтастай басқару мен әкімшіліктің ролін төмендетеді, басқарудың қадағаушылық қызметін жояды. Педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пайда болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару органдарының бір –біріне қарсы тұруына негіз болады. Сондықтан орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіріп, бүкіл мектеп ұжымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдаған дұрыс.

Жеке билік пен басқарудың тұтастығы. Басқару қызметінде билеп–төстеушілікке жол бермей, әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып оң шешім қабылдаудың маңызы зор.

Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың обьективтілігі және толықтылығы. Басқару тиімділігі ақпараттардың толықтығына байланысты. Әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың көптігі де, аздығы да шешім қабылдауға кедергі жасайды. Қазіргі кезде техникалық құралдар мен компьютерді пайдаланып, ақпараттарды өңдеуге, талдауға, жинауға, сақтауға болады.

Мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруланады, оқу-тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзіретін, дербестігін,ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды.Мектеп директорының оқу- тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер :шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзіреттілік, шешімділік,тапқырлық    сияқты қасиеттердің де болуы тиіс.

Мектеп директоры мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналар жұртшылығымен ұласу әдістерін, ынтымақтастық принципін жүзеге асыруда негізгі рухтандырушы, ұйымдастырушы.

Мектеп басшыларына кәсіби және адамгершілік-психологиялық талаптар қойылады.

Кәсіби талаптар - бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі.

Адамгершілік талаптар - ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық т.б.

Мектеп директорлары өз ісіндегі жауапкершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.Оқу орнын басқаруды директор және оның орынбасарлары жүзеге асырады, олардың функциялық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды. Оқу–тәрбие процесін басқаруды педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады. Мектеп директорының функциялық міндеттері «Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен» және соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен анықталады.

Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функционалдық міндеттерді атқарады:

  • Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты;

  • оқу–тәрбие процесін жоспарлап ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін бақылайды;

  • мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектеп мүддесін танытады;

  • мектептен және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға жағдай жасайды;

  • мектеп директорының орынбасарларын тағайындап, олардың міндеттерін белгілейді;

  • педагог кадрларды таңдайды, сынып жетекшілерін тағайындайды;

  • оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын ұйымдастырады;

Мектептегі жекелеген жұмыстарды директордың орынбасарлары атқарады.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:

  • Мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;

  • Оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылардың үлгерімі сапасын бақылау;

  • Әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау, оның нәтижесі туралы ауызша және жазбаша есеп беру;

  • Білім департаментініңнұсқауларын жүзеге асыру;

  • Мұғалімдердің пәндік-әдістемелік комиссиясының жұмысына басшылық жасау;

  • Оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:

  • Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс жүргізу;

  • Ата-аналармен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;

  • Тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік талдау жасау;

  • Озат педагогикалық тәжірибені қорытындылау және енгізу;

  • Мектептің іс-әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың стилін анықтайды.

Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Стиль объективтік және субъективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.

Объективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы, іс қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.

Субъективтік фактор - мектеп басшысының жеке басының қасиеттері.

Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік  (авторитарлық) стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық (либералдық) стиль.

Өктемдік стиль (авторитарлық) стиль - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының  ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.

Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен  мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.

Ымырашылдық стиль (либералдық) - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.

Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

Дербес формалары:

а) педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды;

ә) әдістемелік ұсынбалар, оқу құралдарын жасау, конференцияларға қатысу;

б) пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу;

Ұжымдық формалар:

а) педагогикалық кеңес;

ә) әдістемелік кеңес;

б) мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестігі;

в) сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;

г) кіші шығармашылық топтар;

д) пед-психологиялық семинарлар;

е) ғылыми-практикалық конференциялар;

ж) педагогикалық оқулар;

Бақылау сұрақтары:

1.Әдістемелік басқару жұмысына сипаттама беріңіз.

2. «Менеджмент» ұғымы нені білдіреді?

3.Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын атаңыз.

4.Мұғалімнің басқару әрекетіндегі ақпараттың ролі қандай?

5. Оқу-тәрбие жұмысындағы гуманизациялық бағыттың сипат алуы.

6.Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын қағиданы атаңыз.

Әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. В помощ лектору. Алматы, 2004.

2. Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,2006.

3. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005.

4. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 2006.

5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы,2006.

6. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 2001.

1. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2007.