- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Білім берудегі инновация туралы түсінік. «Жаңарту, новация», «иннова-циялык үдеріс», «инновациялық іс-әрекет», «жаңашылдық» ұғымдарының мәні. Білім берудегі инновациялык үдерістердің мәні, олардың жіктемесі. Педагогикалык инновацияның объектісі мен пэні. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны ендірудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдері.
Инновациялык мектептер. Авторлык мектептің сипаттамасы: жаңашыл-дык, альтернативтілік (баламалык), концептуалдык, кешенділік, әлеуметтік-педагогикалык максатка бағыттылық, шынайылык, өндірушілік, тиімділік. Авторлық мектептердін инновациялық моделі: «Назарбаев интеллектуалдык мектебі». өзін-өзі аныктау мектебі (Ш.А. Амонашвили); мәдениет диалогы мектебі (М.М. Бахтин, B.C. Библер) және т.б. Қазакстандагы педагогикалык инновациялык. (А.Искаков, М.М. Жампеисова, Ж.Қараев). Мұғалімнің жаңа- шылдык санасының мәні. Педагогтың жаңашылдығынын негізгі сипаты. іМүғалімнің жаңашылдык кұзыреттілігі.
«Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалык технология» ұғымдарының аракатынасы. Педагогикалык үлгілердің гехнологиялы- гының өлшемдері. Педагогикалык технологиялардын кызметтері. Қазіргі педагогикалык технологияларды эр түрлі түрғыдан жіктеу. Педагогикалык технологиялардың түрлері. Тұтас педагогикалык үдерісті жүзеге асыру технологиясы. Тұлгалық-бағдарлық білім беру технологиясы. Үжымдық- танымдық іс-әрекет технологиясы. Оқушылардың ұжымдык-танымдык іс- әрекеті тұтас педагогикалык үдерістегі ынтымактастык технологиясы ретінде. Проблемалық оқыту технологиясы. Оқытудың жобалау технологиясы. Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиялары. Окушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы. Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі.
Негізгі ұғымдар: инновациялық үдерістер, инновация, инновациялык іс- әрекет, инновациялык жүйе, инновациялык мектеп, мүгалімнің жаңашылдығы, технология, педагогикалык технологиялар, мұгалімнің шығармашылык іс-әрекеті, технологиялардың түрлері, технологиялардын жіктемесі.
Жоспар:
Инновация туралы түсінік.
Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні.
Инновациялық мектептер.
Педагогикалық технологиялардың түрлері мен жіктемесі
Мақсаты: Білім берудегі инновациялық процестерге сипаттама беру.
«Инновация» термині ағылшын тілінен аударғанда жаңалық дегенді білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды: 1) озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы, 2) педагог-психолог ғалымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.
Жаңа енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналады.
ТПП-тің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ролі артуда. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалы, компьютерлік, проблемалық, модульдық және т.б. – жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан, мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау, және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және енгізуде басқару қызметі маңызды. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы қызметті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметте инновациялық бағыттың қажеттілігі бірқатар жағдайлармен анықталады:
Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің ролі мен беделі артуда.
Мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру мен қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда, мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрын инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Содықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануғаи қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынасқа енуі, жаңа сипатты сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Педагогикалық инновацияның критерийлері мынадай: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі,
Мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып көрінген құбылыс екінші біреулер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшеліктерін, дербестік, психологиялық мінездемелерін ескеру керек. Оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін анықтайды. Оқу процесіне пеагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді. Нәтижелік мұғалімнің қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Инновацияны бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критериі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шатты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтандырылуымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік. Инновация сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.
Технология термині гректің техно-өнер, логос-білім деген сөздерінен құралған. Технология өндіріс процесінде шикізат, материал, жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу әдістерінің жиынтығытуралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Мысалы, металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыс материалдары технологиясы, т.б. Оқыту процесіне технология алғаш рет ХХғ. 40-50 жылдары енді. Техникалық оқыту құралдарының қолданылуымен "оқыту технологиясы" ұғымы пайда болды. 50-60-шы жылдары бұл ұғым "педагогикалық технология" болып өзгертілді. 60-шы жылдары американдық психолог Б.Скиннер негізін салған бағдарламалық оқытумен байланысты "оқыту технологиясы" термині қолданыла басталды. 70-ші жылдары компьютерлік құралдарды қолдануға байланысты "оқытудың ақпараттық технологиясы" туындады. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан "педагогикалық технология" ұғымы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде түсіндірілді. Қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық технология білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын дамыту мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субьектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестіруде.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" ұғымына Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, В.М.Монахов, Н.Д.Хмель, т.б. ғалымдар анықтама берген.
Зерттеуші ғалым В.С.Безрукова педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізіне жататын идеялары бойынша төрт топқа топтастырады:
Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И.махмутовтың проблемалық технологиясы, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин бойынша оқыту технологиясы, т.б.)
"Еркін тәрбие" идеясына негізделген технологиялар (Ш.И.Амонашвилидің ізгілікті-оқыту технологиясы, Вальдорф педагогикасы, Л.Н.Толстой мектебі, Отбасылық мектеп, т.б.)
"Мектептің жойылуы" теориясына негізделген технологиялар (парктік технология, дистанциялық оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі, артпедагогика технологиясы т.б.)
Невропсихикалық ықпал жасау технологиясы (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмология негізінде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг, т.б.)
Г.К.Селевко келесі педагогикалық технологиялардың жіктеуін ұсынады:
Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыруға негізделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.И.Амонашвилидің технологиясы, Е.И.Ильинаның оқыту жүйесі, т.б.)
Оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және күшейтуге бағытталған технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту, В.Ф.Шаталов технологиясы, т.б.)
Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру және басқару технологиялары (Оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И.Д.Ривин, В.К.Дьяченко), компьютерлік технологиялар, алдын-ала оза оқытут.б.)
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар (П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, В.С.библер мен С.Ю.Кургановтың "Мәдениеттер диалогы", т.б.)
баланың табиғи дамуына сүйенетін, халықтық педагогиканы пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары (Л.Н.Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори, т.б.)
Альтернативтік технология (Р.Штейнердің Вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы т.б.)
Кешенді технологиялар (А.М.Тубельскийдің өзін өзі анықтау мектебі, И.Ф.Гончаровтың "орыс мектебі", М.Балабанның "парк мектебі" т.б.)
Барлық педагогикалық технологияларға ортақ мынадай ерекшеліктерді көрсетуге болады:
Оқыту мақсаттарының айқын. нақты болуы;
Нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
Оқыту мен тәрбиелеу субьектілерінің іс-әрекеттерінің әрбәр кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
Мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
Тәжірибенің қайталануы мен алмасуы;
Бақылау сұрақтары:
1. «Инновациялық процесс» деген терминнің анықтамасын жазу.
2. Инновациялық оқу орнын дәстүрлі оқу орнымен салыстыру.
3. Көкшетау қаласында қандай инновациялық оқу орындары бар екенін анықтаңыздар.
4.Педагогикалық технология деген не?
Әдебиеттер
1. Үстеміров, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.М., 2006.
3.Ильина Т.А. Педагогическая технология // Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л. Вульдсона. М., 2000.
4.Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология теория и практика. Усть – Каменогорск, 1997.
5. Мировые образовательные технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля; Алматы, 2002.
6.Педагогическая технология / Сост.Н.Е. Щуркова, М., 2005.
7.Педагогические технологии : что такое и как использовать в школе. Под ред. Т.И. Искаковой, П.И. Третьякова. М.; Тюмень, 2005.
8.Селевко Г.И. Современные образовательные технологии: Учебное пособие;М. , 2010.
9.Смирнов С. Технологии в образовании// высшее образование в России. 2003
10.Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 2008.
11.Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 2007.
