- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Ерте ортағасырда Еуропадагы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар. Ирландия мен Британиядағы шіркеу мектептері. Ортағасырдың (ХІ-ХІІІ ғғ.) даму кезеңіндегі тәрбие мен білім беру. Схоластика - жана философиялык ілім. Орта- гасырдың дамуындагы эр түрлі деңгейдегі оку мекемелерінін өзіндік жүйесі. Еуропалык университеттердің білім беру жүйесі. Қайта өрлеу (XIV-XVI) дәуіріндегі педагогикалык ойлар: Л.Бруни, Л.Валла, Л.Альберти - «азаматтык ізгілік» өкілдері; Томас Мор, Томмазо Кампанелла - утопис-ойшылдар. В.Фельтре, Г.Гуарини жэне т.б. педагогтардын педагогикалык іс-әрекеттері.
XVI1-XVIII ғғ. еуропалык елдердегі ағартушылық. В.Раткенің педагогикалык идеялары. Я.А.Коменскийдің педагогикалык ілімі XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалык ойлар. Англиядағы мектептік білім беру. Француз революциясының мектептік білім беруге әсері. Франциядағы педагогикалык ойлар. Еуропалык агартушылык кзеңіндегі Солтүстік Америка Штаттарындагы мектеп пен педагогикалык іс-әрекет. Т.Джефферсон, Дж.Вашингтон, Б.Франклиннің білім беру туралы озық идеялары. ХІХ-ХХ ғғ. мектеп жэне агартушылык. XIX жүзжылдыктағы классикалык педагогика: И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег жэне т.б. Шетелдегі білім берудін казіргі тенденциялары.
Негізгі үгымдар: білім беру, катехумендер мектебі, кафедралды мектептер, собор мектептері, шіркеу мектептері, еуропалық университеттердегі білім беру, Қайта өрлеу мен Реформация дэуірі, еуропалык ағартушылық, ағартушылық-педагогикалык ой-пікірлер, педагогика классиктері, білім беру тенденциялары.
Жоспар:
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
ХҮІІ-ХҮІІІғғ. Еуропалық елдердегі ағартушылық. В.Ратке, Я.Коменский.
ХІХ-ХХғ мектеп және ағартушылық. И.Песталоцци. А.Дистервег.
Шетелдегі білім берудің қазіргі тенденциялары
Мақсаты: Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлерге сипаттама беру, оларды салыстыру.
Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды. Бұл өзгерістер ғылымның дамуын талап етті. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды. Ғылымның әр саласынан жаңалыктар ашылды. Европада кітап басу пайда болды. Америка және Индияға теңіз жолы ашылды. Энгельстің айтуы бойынша, бұл дәуір Папаның діни диктатурасын күйреткен, Ежелгі Шығыс мәдениетін жарыққа шығарған, өнердің даму дәуірі болды. Гуманистер жаңа тап - буржуазияның мүддесін жақтады.
Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады. Бұл дәуірде қолөнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді. XVI ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла бастады (коллегиум, гимназия). Бұл мектептердің оқу мерзімі 8-10 жыл болды, оларда тек үстем таптың балалары ғана оқыды. Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды (Чехия).
XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы педагогиканың негізін қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 мартта туды. Қауымның көмегімен ол латын (орта) мектебін, кейіннен университетті бітіреді. Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның «туыстық» мектебін басқарды.
Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кенінен тарады.
1632 жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі жазылып бітті.
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті үйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей «чех туыстың» қауымының басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның «Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы, «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. «Әлемді суреттеп бейнелеу өмірдің. әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.
Иоганн Генрих Песталоцци - әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны - коллегиумге түседі. Бұл оқу орнындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.
Пестолоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады ден есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және сануға үйретті. Сөйтіп, Пестолоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.
Пестолоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды. Біріншіден, тек қана балалардың табысы мен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Пестолоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол «Лингард және Гертуда» деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды.
Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шыққаннан кейін Пестолоццидің есімі көпке әйгілі болды.
Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ΧIΧ ғасырдың орта шеніндегі Германия буржуазиялық-демократиялық педагогикасының пргрессивті өкілі болып табылады.
Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни сословиялық тәрбиеге қарсы болды. Мектептің мақсаты- азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті. Оқытушылар балаларды зерттеп біліп, өзінің педагогтық қызметін олардың ерекшелігіне сай жүргізілуі деп есептеді. Балалардың жас ерекшелігімен қатар, олардың дара ерекшеліктерін, зейін, ес, ойлау процестерін білудің қажеттілігін атап көрсетті. Дистервег психологияны тәрбие туралы ғылымның негізі деп бағалады.
Пестолоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан-жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.
Дистервег әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады.оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады.
Бақылау сұрақтары
1. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясына қосқан үлесі қандай?
2. Дж.Локк пен Ж.Ж.Руссоның тәрбие туралы пікірлері.
3. Д.Дидро мен К.А.Гельвецидің педагогикалық теориясы.
4. И.Ф.Гербарт пен Ф.Дистервегтің педагогикалық ойларының ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1. Хрестоматия по истории зарубежной школы и педагогической мысли/под ред. Пискунова, М., 1981.
2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.
3. Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008.
