- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны - педагогикалык бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - тұтас педагогикалык үдерістің компоненті. Білім мазмұнын аныктаудын ғылыми- педагогикалык негіздері. Жалпыадамзаттык мәдениет. Білім мазмұнына койылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлгшемдерінің дидактикалык жүйесі және негізгі кағидалары.
Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұны - білім алушылардың интеллектуалды дамуынын факторы. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі. Кұзыреттілік тэсіл негізінде 12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялау. Білім мазмұныи ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру. Функционалды сауаттылық - тұлғаның өмір тіршілігінің эр түрлі саласындагы міндеттерді шешу нэтижесі және негізі.
Бағдарлы окыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық мектепте білім мазмұнын пэнаралык байланыс негізінде интеграциялау.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті кұжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оку жоспары, оку жоспарлары, оқу бағдарламалары, окулыктар мен оку- әдістемелік кешендер (ОӘК).
Қосымшабілім беру жүйесінің мазмұны мен мәні.
Негізгі ұғымдар: білім мазмұны, кәсіптік оқытудың білім мазмұнының көздері, пәнаралык байланыс, функционалды сауаттылық, қосымша білім беру, нормативті құжаттар.
Жоспар:
«Білім мазмұны» ұғымы.
Білім берудің құрылымы, түрлері.
Білім мазмұнына қойылатын талаптар.
Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар.
Мақсаты:қазіргі мектептегі білімнің мазмұнымен таныстыру. Білім мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттармен таныстыру.
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен іскерліктер жүйесі. Білім мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, ғылыми жетістіктер әсер етеді.
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі ХҮІІ ғ. соңы ХІХ ғ. басында қалыптасты. Білім берудің мазмұны материалистік және формальдық болып бөлінді.
Материалистік білім мазмұнын Я.А.Коменский жақтаған. Ол балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан кең көлемде білім беру керек деп есептеді.
Формальдық білім мазмұнын жақтаушылар И.Г.Песталоцци, А.Дистервег оқушылардың дұрыс ойлауын, танымдық қызығушылықтарын дамытуды көздеді.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский материалдық және формальдық теориялардың бірлігін жақтады.
Жалпы білім - оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқытылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.Политехникалық білім беру оқушыларды аспаптармен, құралдармен жұмыс істеуге үйрету, компьютер, ЭЕМ -мен таныстыру, техника мен өндіріс жайлы түсінік беру, мамандық таңдау т.б. мәселелерді қамтиды. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің енгізінде арнаулы орта және жоғары оқу орнын орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңиді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең игереді.
Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді.
Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға оқытылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінген сағаттар саны белгіленеді. Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндерге арналып құрылады. Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады.
Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.
Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады.Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы
Мемлекеттік білім беру стандарты маңызды мемлекеттік құжат болып есептеледі. Онда оқушылар меңгеруге тиіс білімнің міндетті деңгейі көрсетіледі. Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.
Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі –бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.
Оқулық оқу бағдарламасының негізінде жасалады. Оқулық оқушыға білім берудің негізгі көзі. Оқулық арнаулы талаптарға сай болуы керек. Талаптардың күрделілігіне орай, соңғы кезде әр пәннен оқулықтардың бірнеше нұсқалары (вариант) шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар, электронды оқулықтар, аудио-видео кассеталар, компакт-дискілерге жазылған оқулықтар пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады?
2. Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?
3. Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не 4. Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.
5. Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз.
6.Білім беру мазмұны – дидактикалық категория.
7.Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар және оларға қойылатын талаптар.
8.Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мектептерде оқытудың мазмұны.
Әдебиеттер
1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
5. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010
