- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-кұкыктық негіздері. Отбасы тәрбиесінін ізгіліктік және этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының кызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.
Отбасында педагогикалык үдерісті үйымдастыру. Отбасындагы педаіоги- капық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тәрбиесінің максаты, міндеттері, мазмүны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін үйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері. Педагогикалык үдерістің негізгі багыттары. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері.
Отбасындағы тәрбиенің этникалык ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттык санасын қалыптастыруга ыкпалы. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардын білім беруді баскаруға катысуы. Отбасы және мектептін ынтымақтастыгынын формалары.
Отбасы мен педагогикалык :ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінін рөлі.
Негізгі үгымдар: коғамдық және отбасылык тәрбие, отбасындағы педагогикалык үдеріс, ата-аналардыц педагогикалык белсенділігі, ынтымактастык түрлері, отбасы және мектептін тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы, отбасы құзыреттілігі.
Жоспар:
Отбасының қызметтері мен типтері.
Отбасы тәрбиесінің нормативтік құқықтық негіздері.
Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері.
Отбасы тәрбиесінің этникалық ерекшеліктері.
Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері.
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының ролін көрсету, мектеп пен отбасының бірлескен жұмыс формаларымен таныстыру.
Отбасы тәрбиесi – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерiнiң тарапынан жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Әлеуметтiк, отбасы және мектеп тәрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенiң мектеп тәрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ол сол мәселенiң әлеуметтiк жағдайлары әлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тәрбиеленiп жатқан адамның тән дене және рухани дамуына әсер етушi ықпалдар мәнi мен мағынасының тереңдiгiне тәуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан – тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан тәрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайндағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейiнгi жас кезеңдерiндiе болатын ықпалдардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандар да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелiлiгi ең алдымен отбасына тәуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгерщiлiк, еңбектiк тәрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тәуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нәтижесiне болар отбасы тәрбиесiнiң күшi мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген көзқарас, халықтық және ұлттық үрдiстердi естен шығару инабаттылық принциптерiнен тайғу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тәртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең ажырасулар – бәрi де отбасындағы бала тәрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе» - деп ұлы ұґлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк және әлеуметтiк бағыт- бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бiтiскен шырқалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.
Жоғары да әңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелiк әсерлердiң бәрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- Отбасы тұлғаның әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тәндiк, моральдық және еңбектiк тәрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.
Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi:
Отбасының аса маңызды әлеуметтiк қызметтерi – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру.
Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.
Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады:
Репродуктивтік - баланың туылуы.
Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасау.
Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
Коммуникативтік - отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
Рекреативтік - іс-әректті ұйымдастыру.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. Конвенцияда: "балаға, дене жағынан және ақыл ойы жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау қажет", - деп жазылған.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажеттін" орындамаған жағдайда өз құқықтарынан айрылады.
ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
Неке мен жанұя, аналық, әкелік, және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті.
Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңның 52 тарауында былай делінген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар".
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасының педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күші неде?
2. Отбасының педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқаны туралы қандай көрсеткіштер арқылы білуге болады?
3. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерінің отбасындағы бала тәрбиесінің нәтижелілігіне ықпал-әсерін көрсетіңіз.
4.Отбасының педагогикалық процесінің негізгі сипаттарын (өзгермелі) зерттеу үшін диагностикалық әдістер жиынтығы керек екенін дәлелдеңіз.
5.Әңгіме әдісін қолданғанда қандай талаптарды орындау керек?
6.Сынып жетекшісіне тәрбиелік жұмыс жоспарын құруда отбасының педагогикалық процесінің қандай көрсеткіштерін ескеру керек?
7.Мектеп пен отбасылық тәрбиенің байланысын сипаттаңыз.
Әдебиеттер
Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. Алматы, 1985
Кайралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы. Алматы, 2000.
Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1999.
Педагогика. Дәріс курсы, Алматы, 2003.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу жолдары. Алматы, 2000.
Аймағамбетова Б., Бозжанова Қ. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2001.
