- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Сыныптың тәрбие жүйесі және оны баскару туралы ұгым. Тәрбие жүйесін қүрудагы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Педагогикалык үдеріске қатысушы- лардын өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекші жұмысының максаты мен міндеттері. Сынып жетекшісінің кызметін аныктаудың казіргі жаңа тұрғылары. Окушыларды педагогикалык қолдау - сынып жеткшісі іс-әрекетінің негізі. Сыныптын тәрбие үдерісін жоспарлау.
Сынып жетекші мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің формасы. Ата-аналар жиналысы - сынып жетекшісімен ата-ананың өзара әрекеттестігінің непзгі формасы. Ата- аналар жиналысын үйымдастыру және өткізу технологиясы. Окушының тәрбиелілігінің диагностикасы мен болжауы. Сынып үжымында этникаара лық карым-катынас мәдениетін калыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
Сынып жетекшісінің қосымша білім беру үйымдарымен, ата-анага қамқорлық кеңестерімен және баска да когамдык ұйымдармен іс-әрекетінің интеграциясы. Тәрбие үдерісіне ақпараттык колдау корсету. АКТ (акпараттық коммуникациялык технологияны) тәрбиелік іс-әрекетті оңтайландыру үшін пайдалану. Сынып жетекшісінің кәсіби күзыреттілігі.
Негізгі угымдар: тәрбиелік жүйе, моделдеу, сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің кызметтері, өзара әрекеттестік, окушы түлгасы мен сынып ұжымының диагностикасы.
Жоспар:
Сыныптың тәрбие жүйесі.
Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.
Тәрбие үдерісінде АКТ қолдану.
Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
Мақсаты: тәрбие жүйесі туралы түсінік беру, тәрбие істерін жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдеріне сипаттама беру. Тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің қызметімен таныстыру, өз бетімен тәрбие жұмысының жоспарын құра білуге үйрету.
Адамзат тарихында әртүрлі тәрбиелік жүйе болды. Олардың әрқайсысы, сол қоғамға тән сипаттағы талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі белгілілері:
Спартандық тәрбие жүйесі;
Афиндық тәрбие жүйесі;
Діни тәрбие жүйесі;
Джентельмен қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);
Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі).
ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңестік мектептердегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық істер, қоғамдық пайдалы еңбек, әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары, ұлттық дәстүрлер негізінде қалыптасты.
Тәрбие жүйесін құру бірнеше кезеңдерді болжайды:
жүйенің қалыптасуы;
ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
жүйені лайықты тәртіпке безендіру;
дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру.
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема - тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманда тәрбиенің мақсатын анықтауда ұлттық және дүниежүзілік мәдениетте қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.
Сынып жетекшісі қызметінің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау.
Сынып жетекшісі қызметінің негізгі міндеттері:
Сыныптағы оқушылардың талап-тілектерін, мүдделерін, жеке басының еркшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
Оқушылардың бейімділігін анықтап, олардың саналы ұжымға ұйымдастыру.
Сыныптағы пән мұғалімдері, ата-аналар, мектеп әкімшілігінің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігін үйлестіру.
Оқушыларды тәрбиелеуде мектеп, отбасы және жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Оқушылардың ата-анасымен үнемі байланыс жасап, бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
Тәрбиенің тұтастығын, жүйелілігін қамтамасыз ету.
Ұлттық тәрбиені қолдану.
Қазақстанда сынып жетекшісінің қызметі барлық Кеңестік Үкіметтегі сияқты 1934 жылы енгізілді. Сынып жетекшісінің қызметі мектеп жарғысымен (Устав) анықталады. Сынып жетекшісі – кәсіптік даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін,тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек. Сынып жетекшісі – оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға міндетті. Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімінің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің (көрегендік, ұйымдастырушылық, іскерлік, дербестік) дамығандығы, ғылыми хабардың бастауы бола білуі, өзін-өзі ұстау мәнерінің беріктігі жатады.
Сынып жетекшісінің қызметін үш бағытта қарастыруға болады:
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлы;
Ұйымдастырушылық;
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару;
Мектеп пен ата-аналардың бірлесіп атқаратын жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен іс-әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Сынып жетекшісі мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен тығыз жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қажет етеді. Ата-аналармен жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;
Ата-аналар ұжымын құру;
Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесін мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
Осы міндеттерге сай сынып жетекшісі келесі бес қызметті атқарады:
Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен таныстыру;
Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;
Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру;
Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру;
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс;
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы, т.б.
Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты ата-аналардан құрылған қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпымектептік ата-аналар комитеті) және сыныптық (сыныптық ата-аналар комитеті) жиналыстырда сайланады. Ол 5-6 адамнан (төрағасы және негізгі міндеттерді бөліп алған мүшелерден) тұрады. Ата-аналар комитеті мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие шараларын ұйымдастыруға, өткізуге көмектеседі.
Ата-аналар жиналысы немесе конференциясы жалпы мектеп бойынша, не сынып бойынша өтеді. Онда отбасы мен мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің маңызды мәселелері талқыланады. Жалпымектептік ата-аналар жиналысы жылына екі не үш рет өткізіледі. Сынап ата-аналар жиналысында сынып өмірі, оқу үлгерімі, тәртібі туралы ақпараттар беріледі.
"Ашық есік" күндері ата-аналар сабақтарға қатысады, балалардың сабақтағы белсенділігін бақылайды, оқушылардың өнерін тамашалайды, т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыныпта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атаңыз.
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері қандай?
3. Сынып жетекшісінің басты қызметтерін атаңыз.
4. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің негізгі міндеттері қандай?
5. “Адамның еңбекке қатынасы” дегенді қалай түсінесіз?
6. Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер
1. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1999.
2. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы 2000.
3. Ақназарова Б. Класс жетекшісі, Алматы 1997.
4. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі, Алматы 2000.
5. Педагогика. Дәріс курсы, Алматы 2003.
6. Кайралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы 2001.
7. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана 2006.
