- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Педагогика ғылымындагы «ұжым» ұғымы. Балалар ұжымы - әлеуметтік ортанын күрамдас бөлігі. Балалар үжымдарынын эртүрлі типтері, олардын ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабактастығы. Ұжым - тәрбиенін объектісі және субъектісі, ұжымның мәні. Үжым теориясы мен практикасынын калыптасуы және дамуындағы А.С. Макаренконың рөлі.
Балалар ұжымын калыптастырудын кезеңдері, зандары және аткаратын кызметтері. Балалар үжымын калыптастырудын негізгі кұралдары. Қоғамдағы оң тәжірибелерді меңгеру үшін үжымдық өмірдің эмоционалдык (сезімдік) байлыгы. ұжымдык дэстүрдің маңызы. Окушылар ұжымында іс-әрекет пен қатынасты ұйымдастыру.
Тәрбиелеуші ұжым - окушының тұлгалык әлеуметтенуінін факторы.
Педагогикалык үдерісті реттеудеудегі тәрбиелік механизмдер (тетіктер): эртүрлі ұжымдық іс-әрекетте педагогтар және окушылардын өзара әрекеттес- тігі. Сыныптан тыс жұмыстарда эртүрлі жастағы окушылардын ұжымдык іс- әрекетіне педагогикалык басшылық жасау. Тұлға және үжым. Тұлга мен ұжымның карым-қатынас моделі.
Ұжым және тұлғаның даралык дамуы. Дербестік, топтык, ұжымдық тапсырмалар. Өзін-өзі басқару - тұлға мен ұжым калыптасуынын. жетекші факторы. Өзін-өзі басқарудың сыныпта, мектепте тәрбие үдерісін ізгілендіру мен демократияландырудағы маңызы. Педагогикалык үдерістегі балалар үжымының мониторинг!. Мұгалімнің окушылар ұжымын калыптастырудағы кұзыреттілігі.
Негізгі ұгымдар: балалар ұжымы, балалар ұжымын қалыптастырудың қыз- меттері, зандары мен кезендері, карым-қатынас мәдениеті, балалар ұжымы-нын мониторингі.
Жоспар:
«Ұжым» ұғымы.
Ұжымның қалыптасу кезеңдері.
Ұжымдық дәстүр.
Ұжымға педагогикалық басшылық жасау.
Тұлға және ұжым.
Балалар ұжымының мониторингі.
Мақсаты: ұжым, ұжымның белгілері, перспективалары туралы түсінік беру.
«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.
Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:
Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.
Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..
Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.
Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.
Ұжымның теориялық мәселелері көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде барынша терең зерттелді.
Н.К. Крупская жеке адамның даму мен қалыптасу ортасы – ұжым деп атады. Ол мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдарына, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берді.
С.Т. Шацкий де ұжым мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол өзі басшылық еткен мектептің балаларын тату ұжымға біріктіруге тырысты. Педагогтарды балалар ұжымын терең зерттеп білуге шақырды.
Балалар ұжымын дамыту теориясына орыс педагогы В.А.Сухомлинский де айтарлықтай үлес қосты. Ол ұжымда балалар мен тәрбиешілер арасында рухани қарым-қатынас дамиды деп есептеді.
Ұжым тақырыбын терең зерттеген орыс педагогы А.С.Макаренконың еңбектері әлі күнге дейін өзінің құндылықтарын жойған жоқ. Ол ұжымдағы балалар арасындағы қарым-қатынас, ұжымды қалыптастыру жолдары жайлы терең жазған. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің маңызын көрсетті.
А.С.Макаренко ұжымның төмендегідей белгілерін көрсетті:
1. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым басқа ұжымдармен табиғи байланысты.
3. Ұжым адамдарды ортақ мақсатқа, еңбекке ұйымдастырады.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және ұйымдастырушылары болады.
А.С.Макаренконың айтуынша, ұжым бір орында тұра алмайды, ол үнемі дамып отырады.
А.С.Макаренко ұжымның дамуының 3 сатысын көрсетеді:
1) Ұжымның құрылуы;
2) Белсенділердің ықпалының артуы;
3) Қоғамдық пікірдің пайда болуы.
Ұжым теориясын зерттеуші қазіргі педагогтар ұжымның дамуының төрт және одан да көп сатыларын атайды. Соңғы сатылар ұжымның кемелденуін көрсетеді. Яғни жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талаптар қоюы, көзқарастары мен іс-әрекеттерінің тұрақтануы.
Ұжымның дамуы мен қалыптасуында алға қойған мақсат - перспектива маңызды роль атқарады. А.С.Макаренко перспективаны үшке бөледі:
1. Жақын перспектива - күнделікті өмірде пайда болып, орындалатын міндеттер, мысалы жарыс, жексенбілік саяхат, үйірмеге қатысу, т.б.
2. Орта перспектива - оқу жылы ішінде орындалатын міндеттер, мысалы балалар лагеріне бару, конкурстар өткізу, т.б.
3. Қашық перспектива - ұзақ мерзімге жоспарланған жұмыстар. Мысалы, мамандық таңдау, мектеп бітірген соң оқуға түсу, т.б
Перспективалар оқушыға, мектепке, қоғамға пайда келтіретіндей болуы керек. Перспективаларды жоспарлағанда мұғалім балалардың жас және дербес ерекшеліктерін, қызығушылығын, дайындығын ескеруі керек.
Ұжымның өмірінде дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, адамдар арасындағы қатынастарды көрсететін нормалар мен принциптер. Дәстүр ұжымды нығайтады, ұжымның өмірінің қызықты өтуіне әсер етеді. Мысалы, мектеп мерекелері, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыға көмектесу, т.б.
Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас маңызды болып саналады. Көп уақыт бойы ұжымның жеке адамға тәрбиелік әсеріне көңіл бөлінбеді. Жеке адам ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп есептелді. Қазір бұл мәселеге жаңа көзқарас пайда болды.
Оқушының ұжымға енуі - күрделі, қарама-қайшылықты процесс. Өйткені бір ұжымға енетін балалардың мінез-құлқы, сыртқы келбеті, денсаулығы, білімі, көзқарастары, т.б. ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан олар ұжымға әртүрлі енеді, жолдастарының талаптарына әртүрлі қарайды.
Егер оқушының әлеуметтік тәжірибесі ұжымның тәжірибесіне сәйкес келсе, ондай оқушы ұжымға жеңіл енеді. Егер оқушының тәжірибесі төмен немесе, керісінше, жоғары болса, онда оған құрдастарымен қарым-қатынас жасау қиынырақ болады.
Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас тек оқушыға ғана емес, ұжымға да байланысты. Жоғары дәрежеде дамыған ұжымда қарым-қатынас та жақсы деңгейде болады.
Әрбір адам ұжымда өз орнын табуға тырысады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың 3 түрін көрсетуге болады:
1. Жеке адам ұжымға бағынады.
2. Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынас.
3. Жеке адам ұжымды бағындырады.
Жеке адамның ұжымға бағынуының екі жағы бар: 1). Жеке адам өз еркімен бағынады. 2). Жеке адам сырттай бағынғанымен, іштей өз көзқарасын сақтайды, үнсіз бағынады. Ашық қарсы шығу сирек кездеседі. Өйткені өзін-өзі сақтау инстинкті жұмыс істейді.
Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынаста өзара түсінушілік, келісушілік орын алады.
Жеке адамның ұжымды бағындыруы сирек кездеседі. Егер лидердің көзқарасы, білімі, қызығушылығы, т.б. ерекшеліктері ұжымнан жоғары болса, ұжымның дамуына жағымды әсер етеді. Егер керісінше болса, онда ұжым дамымайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын атаңыз.
2.Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама.
3.Ұжым дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?
4.Балалар ұжымы – мектептегі педагогикалық процестің неге маңызды компоненті болып табылады?
5.Ұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің ролі.
6.Балалар ұжымы дамуының негіздеріне сипаттама.
7.Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын (нақты мысалдармен) көрсетіңіздер.
8.Сіз “ұжымда тұлғаны тәрбиелеу” және “баламен жеке жұмыс жүргізу” принциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1. Педагогика. Дәріс курсы., 2003.
2. Сухомолинский В.А. Мудрая власть коллектива. М.,1981.
3. Немов Р.С. КирпичникА.Г. Путь к коллективу: Книга для учителей по психологии ученического коллектива. М.,2000.
4. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива: вопросы теори. М.,1999.
5. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. М.,1998.
6. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: Система личных взаимоотношений. Минск, 2000.
7. Макаренко А.С. Воспитание в советской школе. М.,1966.
8. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М.,2000.
9. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М.,2000.
