- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің кұралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тэуелділігі. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару және өзін-өзі басқару формалары; танымдык формалары; кызыкты- рушылық формалары және т.б. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайндаудың өлшемдері.
Түлганың санасын қалыптастыру әдістері. Оң тэжірибе мен мінез-кұлык мәдениетін калыптастыру әдістері. Мінез-кұлык пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері. Тәрбие әдістерін колданудың педагогикалык шарттары. Педагогикалык шығармашылыкты керсету ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Тәрбиенің инновациялык, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы. Тұлганың тәрбиелігінің өлшемдері. Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру шарты ретінде құрал, форма, әдістердің өзара байланысы. Тәрбие кұралдарын, формалары мен әдістеріп аньлқтаудагы мұгалімнік кәсіптік кұзыреттілігі.
Негізгі үгымдар: педагогикалык үдерістің қозгаушы тетіктері, күралдар. формалар, әдістер. тәрбие технологиясы, тәрбие әдістерін жіктеу, окушынын тәрбиелігінің диагностикасы.
Жоспар:
Тәрбиелік жұмыс формалары.
Тәрбие әдістері.
Тұлға тәрбиелілігінің диагностикасы.
Мақсаты: тәрбие әдістері жайлы әр түрлі пікірлерді салыстыру, анықтама беру, тәрбие әдістерінің түрлеріне сипаттама беру, оларды таңдау шарттарын түсіндіру.
Адамды тәрбиелеу процесі - өте күрделі процесс. Тәрбие мазмұны мен тәрбиелеу жүйесі нақты және айқын анықталғанымен, егер мұғалім тәрбие әдістерін меңгермесе, тәрбиені жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мысалы:
«Тәрбие әдісі – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету». (Конникова Т.Е).
«Тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау» . (Марьенко И.С.)
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері». (Сластенин В.А.)
Бұл анықтамалардан әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижесіне сүйеніп беретінін байқауға болады. Анықтамалар әртүрлі болғанымен, олар бір мақсатты көздейді, бұл – тәрбие әдістерінің баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері».
Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критериі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілдері болады. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында шекара жоқ. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, коммуникация құралдары жатады.
Тәрбие әдістерін топтастыру. Тәрбие әдістерін жіктеуде белгілі педагогтар Гончаров Н.К., Конникова Т.Е., Огородников И.Т., Болдырев Н.И., Марьенко И.С., Щукина Г.И., Сластенин В.А. т.б. зор үлес қосты. Солардың ішінде Конникова Т.Е., Щукина Г.И., Сластенин В.С. жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуін қарастырайық:
Автор |
топ |
Тәрбие әдістері |
Конникова Т.Е. Щукина Г.И. |
Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері |
Талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, тәрбиелік ситуация |
|
Жеке адамның са-насын қалыптастыру әдістері |
Әңгіме, пікірталас, лекция, өнеге |
|
Ынталандыру әдістері |
Мадақтау, жазалау |
Сластенин В.А. |
Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері |
Талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелік ситуация |
|
Жеке адамның са-насын қалыптас-тыру әдістері |
Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге
|
|
Ынталандыру әдістері |
Жарыс, мадақтау, жазалау |
|
Бақылау, баға беру әдістері |
Педагогикалық бақылау, психологиялық сұрау |
Талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Оқушыға талап қоярда мұғалім әр оқушының тәжірибесін ескеруі қажет.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс-әрекет процесінде орындау қажет. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің баға беруі.
Үйрету – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Үйрету әдісі баланың орындағыштық, мұқияттылық қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз заттарын ұқыпты ұстауы, т.б.
Жаттықтыру әдісі – бұл әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараны мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Тапсырма беру – оқудың алғашқы күнінен бастап мұғалім тапсырма беру арқылы балаларды коллективтің сан алуан іс-әрекетіне қатыстырды. Тапсырманы орындау арқылы балалар қоғамдық міндеттерді атқаруға дағдыланады.
Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, шынын айту, үлкен адамға тұрып орын беру, т.б.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастырудағы негізгі әдіс болып саналады. Әңгіме барысында балалар түрлі мәселелерді талдауға белсене қатысады, ойланады. Әңгіме әдісі үлкен дайындықты қажет етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:
Тақырыптың көкейтестілігі.
Әңгіменің тақырыбы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек.
Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды пайдаланған жөн.
Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек.
Пікірталас – бұл жоғары класс оқушыларының пікір айтуын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Пікірталастың тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарланады. Пікірталаста тақырып бойынша оқушылар өзінің пікірін, көзқарасын айтады, оны дәлелдейді. Сонымен бірге басқалардың пікірін тыңдап үйренеді.
Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, баға береді, қорытынды жасайды.
Лекция көбіне жоғарғы класс оқушыларына арналады. Лекцияның тақырыбы, жоспары хабарланғаннан кейін, жоспар бойынша баяндалады. Тыңдаушылар қажетті жерлерін жазып отырады. Лекция соңында оқушылар лекторға сұрақтар қояды, түсініксіз мәселелерді анықтайды.
Өнегенің тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені, үлкендердің күнделікті мінез-құлқы балаларға үлкен әсер етеді. Өнегенің тәрбиелік пәрменділігі сонда, үлкендер балаларға ештеңені міндеттеп үйретпейді, балалар олардың көзқарастарын, қылықтарын өздері байқайды, оған қызығады, оны мінез-құлық үлгісі ретінде қабылдайды.
Мұғалім мен ата-аналар өнегесі балаларға аса зор ықпал жасайды.Олар мұны естен шығармай, өздеріне қатаң талап қоя білулері тиіс.
Жарыс – балалардың ұжымда іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Жарыс оқушылардың іс-әрекеттің алуан түріндегі белсенділігін арттырады, озаттарға теңелуге және артта қалғандарға көмектесуге жұмылдырады, осы негізде коллективтің жұмысында әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуіне жағдай жасайды.
Жарыс жеке ( олимпиада, конкурстарға қатысу ) және коллективтік ( спорттық, топтар арасындағы ) болады.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Мадақтаудың сан алуан түрлері бар : ауызша мадақтау, алғыс айту, түрлі наградалар . Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мақтаншақтық, тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары. Тәрбие әдістерін жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйде әртүрлі іс-әрекетке үйретуге болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы, сангвинник бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Ұжымды қалыптастырудың алғашқы сатысында тәрбиеші талап қою әдісін қолданады. Ондағы мақсат – балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлік, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Ұжым дамуының
ІІ-ІІІ сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру т.б. қолданылады.
Әңгіме көбінесе кіші жастағы балалармен жүргізілсе, жоғары класс оқушыларымен диспут, лекция өткізіледі. Түрлі педагогикалық ситуацияларға байланысты этикалық тақырыптарға әңгіме, лекция пайдалану қажет. Мысалы, класта әдепсіздік, өзін ұстау нормалары бұзылған жағдайлар кездессе, адамгершілік тақырыбына әңгіме өткізген пайдалы. Сөйтіп оқушыларға дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн. Балалар арасында темекі тарту, ішімдікті қолдану құбылыстары кездессе, оларға никотин мен алкогольдің зияны туралы лекция оқып, кинофильм көрсетуге болады.
А.С.Макаренко тәрбиелеу әдістерін қолданған кезде мұғалімдерді қателіктердің үш түрінен сақтандырады. Олар: әдістерді іс жүзінде тексеріп алмай пайдалану, кейбір жеке әдістерді соқыр сезіммен қолдану, бір әдісті барлығына бірдей қолдану. А.С.Макаренко коллективтің даму деңгейін, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін және нақтылы педагогикалық жағдайды ескере отырып, түрлі әдістерді творчестволықпен қолданудың қажеттігін ұсынды.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Олар бір-бірін толықтырады. Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байиды, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Бақылау сұрақтары
1. Іс-әрекеттің түрлерін атаңыз.
2. «Педагогикалық ықпал ету тәсілдерін, «түрлерін, «тәрбие әдістерін ағымдарының анықтамасын беріңіз.
3. Әдістерді, тәсілдерді неге қозғаушы күш дейді?
4. Жеке тұлғаны тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
5. Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар?
6. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
7. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін атаңыз.
8. Жеке бастың іс-әрекетін ұйымдастыруды түсіндіріңіз.
9. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін айтыңыз.
10. Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
Әдебиеттер
1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2.Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2004.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 2004
5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого- 2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
