- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Тәрбие - тұтас педагогикалык үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің максаты, міндеттері мен мазмүнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдык сана мен кұндылық ұстанымга тэуелділігі. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенін дэстүрлі түрлері. Тәрбие мазмүны- ның әлеуметтік-экономикалық негізделуі. Тәрбие мазмүнын көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік-рухани, азаматтык-патриоттык, кұқықтык, көп- мәденилік, экологиялык- денсаулыққа және салауатты өмір салтына құнды- лык қатынасты қалыптастыру және т.б. 12-жылдык білім беру жағдайындағы кэсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.
Үлттык тәрбиелік әэлеует. Үлттық мәдениетке ұлттык сана мен құндылық Қатынасты калыптастыру, этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті - ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыты.
ТПҮ тәрбие түрлерінің өзара байланысы. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалы- лықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу- Оқушының өмірлік өзін-өзі аныктауы, әлеуметтік белсенділігі.
Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие. Әлеуметтендірудің педагогикалык сипаттамасының компоненттері. Мектеп жағдайында әлеуметтенудің түрлері, кезендері. Окушынын әлеуметтенуінің негізгі баскыштары: бірегейлік, даралық, жекелік. Тәрбиелік кеңістік - оқушыны әлеуметтендіру факторы.
Негізгі үгымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттык тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеуметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту.
Жоспар:
ТПҮ тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Толеранттылыққа тәрбиелеу.
Әлеуметтендірудің педагогикалық сипаттамасы.
Мақсаты: Тәрбие процесінің мәні және оның ерекшеліктеріне тоқталу. тәрбие түрлеріне тоқталу, әр тәрбие түрінің мақсаты, мазмұны, жүзеге асыру жолдары туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың саналы тәртібі, жағымды мінез-құлқы, соған сәйкес сенімі мен сезімі - адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік тәрбиесі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғасады. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері - оқушыларды қоғамдық моральдық нормаларды орындауға қатыстыру, Отанға, халыққа деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу. Ақыл-ой тәрбиесі жастарға білім берудің негізгі құралы. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттері - білім қорын жинау, ойлау операцияларын меңгерту, дүниетанымды қалыптастыру.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің жүйесі - оқу еңбегі, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Еңбек тәрбиесінің міндеттері - еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбекті құрметтеу, кәсіптік бағдар беру. Еңбек және экономикалық тәрбиелер бір-бірімен тығыз байланысты. Экономикалық тәрбие дегеніміз - оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, экономикалық саясатты, қатынастарды түсіндіру.
Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы зор. Дене тәрбиесін ұйымдастыруда туризм, спорт, дене жаттығулары, ойын маңызды роль атқарады. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде құқықтық лекторийлер мен кинолекторийлер, заңтану мектептері, лекция, баяндамалар, кездесулер қолданылады. Сабақта басталған құқықтық білім беру ісі сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғасады. Адамның құқықтық білімі неғұрлым толық әрі терең болған сайын оның құқықтық мәдениеті соғұрлым бай болады, заңдылық сезімі бекиді. Мемлекеттік құқық, елтаңба, Ту, Әнұранға деген құрмет пайда болады. Саналы тәртіп пен мінез-құлықты құқықтық мәдениеттің іргетасы деп қарастыруға болады.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары - экологиялық нормалардың қажеттілігін балалар мен жастардың бойында тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу, жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты көркейту, күту, экологиялық білімді насихаттау. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - өнер, әдебиет, табиғат. Сонымен қатар ана тілі, музыка, бейнелеу өнері сабақтары. Басқа сабақтарда да тақтаға, дәптерге әдемі жазу, мәнерлеп сөйлеу, өзін ұстау дағдылары қалыптасады. Экологиялық және эстетикалық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыс формалары - экскурсия, конкурстар, т.б. қолданылады.
Кəсіби бағдарлау – отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.
Кəсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік қызметтерді қамтиды:
- ағарту – тəрбиеленушілерді əрқандай кəсіптердің əлеуметтік –экономикалық, психологиялық –физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;
- диагностикалау – кəсіп таңдауға байланысты адам жүйке жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;
- кеңес беру – кəсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сəйкестікті айқындау;
- кəсіптік іріктеу – адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;
- бейімделу – адамның кəсібі іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі.
Бақылау сұрақтары
1.Тәрбиені ңқандай түлері бар?
2.Тәрбие түрлері қалай жүзеге асырылады?
3.Тұлғаның дамуында кәсіптік бағдар берудің маңызы қандай?
4.Қазіргі кездегі толеранттылыққа тірбиелеудің ролі қандай?
Әдебиеттер
1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006
3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005
4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010
6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
8.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
9.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
10.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010
