- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәрістердің мәтіндері
1 бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы
Дәріс№1 Педагогика тарихы мен білім берудің
теориялық-әдіснамалық негіздері
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Педагогика тарихы гылым ретінде. Оку пәнінің максаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану гылымдарының контексінде, баска ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заидылықтары. Тәрбие мен мектептің ежелгі уакыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан тұрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалык идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденциялары (багыттары).
Негізгі ұгымдар: тәрбие, халыктык тәрбие, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалык ой-пікір, педагогикалык идея, тарихи-педагогикалык тәсіл, аксиологиялык тэсіл, тарихи-жүйелілік тәсілі, ретроспективті талдау.
Жоспар:
Педагогика тарихы ғылым ретінде.
Оқу пәнінің мақсаты, міндеттері, әдіснамасы.
Әр түрлі тарихи кезеңдерде педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі.
Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденциялары
Мақсаты: Педагогика тарихы, мақсаты, міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістерімен таныстыру.
Оқу-ағарту мен білім берудің тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасайтын пән - педагогика тарихы. Дәлірек айтсақ, педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің (орындардың) және педагогикалық теориялардың, содан туындайтын оқу-ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым.
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы жəне дамуы қоғамның өмiрлiк қажеттiлiгiнен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзiмiздi қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретiнде, философия, экономика негiздерi - қоғамдық құбылыстарды, психология - жеке тұлғаның санасы мен мiнез-құлық ерекшелiктерiн тану қажеттiлiгiнен пайда болды.
Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде дамып келеді. Ағылшын жаратылыс танушысы және философ Фрэнсис Бэкон (1501-1626) 1623 жылы өзінің "Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі" трактатын жазды. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды. Сол кездің өзінде-ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Оның "Ұлы дидактика","Аналар мектебі" педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.
Коменский ілімін жалғастырушылар педагогика тарихында құнды еңбектерімен көрінген ғылыми-педагогика өкілдері келіп шықты. Олар Англияда Джон Локк, Францияда Жан Жак Руссо, Швейцарияда И.Г.Песталоцци, Германияда Иоганн Гербарт және Адольф Дистервег болды.
Джон Локк "Тәрбие жөніндегі ойлар" атты еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне мән беріп, адамгершілік тәрбиесін қуаттады. Жан-Жак Руссо баланың туа пайда болған қасиеттері, оның дамуын өзінің "Эмиль" романының арқауы етті. Ол тәрбиенің ғұмырлығын уағыздады.
И.Г.Песталоцци өзінің "Лингард пен Гертруда" шығармасында адамгершілік тәрбиесінің тұла бойлық негізін салды. Бастауыш оқудың маңызы мен мәнін, оның бала тәрбиесіндегі басты рөлін тұңғыш дәлелдеген педагог болды. Педагогиқалық теорияны дамытып, оны әрі қарай өрістетуде
И.Гербарттың еңбегі ерекше. Ол алғашқылардың бірі болып оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін ашып берді. Неміс педагогі А.Дистерверг тұңғыш мектеп ашқан ұстаз, тәжірибелі педагог болды.
Педагогика тарихында ХІІ-ХХ-ғасыр аралығында оқу-тәрбие мәселелерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар К.Д.Ушинский, Н. И. Пирогов, В.И.Водовозов, Л.Н.Толстой, 60-жылдары орыстың революционер педагогтары Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демократиялық бағытта дамуына және халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайлар да сол дәуірдің -қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті мен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды. XIX ғасырдағы Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда осы есімдермен байланысты.
Демек, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір XIX ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты.
1899 жылы жазылған "Әйел-жұмысшы" атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог Н.К. Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.
1917 жылы жазылған "Халық ағарту ісі және демократия" атты еңбегінде, ол Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарындағы оқу-ағарту ісінің алғашқы бастамалары, әсіресе жасөспірімдерді техникалық прогресске үйрету мақсатында мектептерге "Политехникалық оқуды" енгізу және мектептерде біріңғай сабақ жүйесін енгізу мен күн ережесін бекіту бағдарламаларын жасап ұсынды. Кеңес деуіріндегі оқу-ағартудың жайын және оның алдағы бесжылдықтар тұсындағы атқарылатын істерін Н.К.Крупская 1925 жылы өткен Ресей мұғалімдерінің Бүкіл Одақтық съезінде жан-жақты баяндап берді. Осы кезеңдерді көрнекті педагог А.С.Макаренко өзінің "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі ту" атты еңбектерінде колониядағы жұмыстың қорытындыларын және педагогика тарихында бірінші рет "Қиын бала тәрбиесі" атты ұғым мен тәрбиенің жаңа сипаттағы мазмұнды да құнды түрін енгізді. Соңдай-ақ, А.С.Макаренко бала тәрбиесінің, әсіресе оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа бағдарламасын жасап ұсынды. Осы кезеңдегі көрнекті педагог В.В.Луначарский мен А.С.Щацкий еңбектерінің өзіндік тарихи маңызы бар. Олар мектепті басқару мен оқу тәрбие ісін ұйымдастыру туралы жаңа бағдарлама жасады.
1910-1930 жылдар арасында Қазақстан педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А. Байтұрсынов қазақ тіл білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. "Айқап", "Дала уәлейті" газеттеріне сол кезеңдердегі оқу-тәрбие ісінің келелі мақсаттары мен міндеттері туралы мақалалар жариялады. М.Жұмабаев 1922 жылы "Педагогика" атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде келелі ұсыныстар енгізіп, әдістемелі құралдар жазудың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, ол жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж.Аймауытов "Жантану", "Психология" оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Сондай-ақ, ол баланың психологиялық ерекше-ліктеріне талдау жасады. 1930 жылдардың басында Қазақстан мектептері жаңа жүйелі оқуға - бастауыш, орта және орталау мектептерде білім алуға көшті. Республикада жоғарғы педагогикалық оқу орындары құрылды. Осы кезеңде С.Спандияров, X.Досмұханбетов, С.Әлжанов, Б.Қожахметов, Т.Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша) Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі); Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру. Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу. Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру. Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Бақылау сұрақтары:
1.Педагогика тарихы нені зерттейді?
2.Педагогика тарихы пәнінің қандай ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері бар?
3.Педагогика тарихы пәнінің теориялық-әдіснамалық негіздері қандай?
Әдебиеттер:
1. Хрестоматия по истории зарубежной школы и педагогической мысли/под ред. Пискунова, М., 1981.
2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.
3. Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.
Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
Негізгі ұгымдар: тәрбие формасы, тәрбиенін пайда болуы, алғашқы қауымдык когам, еңбек іс-әрекеті.
3\2.Таяу және Қиыр Шыгыс (IV-III мыц. б.э.д.) ежелгі өркениет мемлекетеріндегі мектеп, Месопотамия - адамзат мәдениетінің негізін салушы. Адамзат тарихындағы шумерлер. Шумерлердің ертедегі классикапық қалалары-мемлекеттері - Ур, Урук, Лагаш, Нипур, Умма жэне т.б. «Э-дубба» «кестелер Үйінің» пайда болуы. «Сеннаар жерлері» мәдениеті: ескі күнтізбелер, өлшеу құрал-жабдыктарын ойлап табу, жазу мен іс жүргізу жұмыстарының пайда болуы. Вавилон ежелгі колжазбаларының тәрбиелік кұндылыгы.
Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. Израил-Иудей патшалығындагы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Иран, Сирия мен Палестинадағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Қытайда педагогикалык ойлардың туындауы. Конфуцийдің педагогикалык ілімі.
Көшпенді өркениетінің ежелгі кезеңдегі тәрбие мен оқыту (III мыц.б-э.д.). Көшпелі тайпаларды Қара тенізден Алтай тауларына дейінгі үлкен кеңістікке орналастыру есебінен этникалык атлас пен Евразияның мемлекеттік үлгісін өзгерту ерекшеліктері. Евразиялык континентте Ежелгі түркі таипаларының кептүрлілігі (сактар, үйсіндер, қаңлылар және т.б.). Көшпенді таипалардың дене тәрбиесі мен әскери өнерін дамытудың ерекшеліктері. Еңбек іс-әрекетінің алуантүрлілігінің өсіп келе жатқан ұрпак тәрбиесіне ықпалы. Отбасы тәрбиесінің негізі.Токсарид пен Анахарсистің ғылыми енбектеріндегі тұлға жөніндегі тұжырымдамалык идеялар. Афрасиабтың тәрбиелік идеясы. Патшайым Томиристің, Шырак батырдың, Шу батырдың іс-әрекеттері және олардың жастардың патриоттык тәрбиесіне әсері. Оғыз ханнын реформаторлық іс-әрекеті. Ғұндардың қолбасшысы Аттиланын тәрбиелік көзқарастары.
Антикалық әлемдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір (111-1 г. б.э.д.). Ежелгі Грециядағы тәрбие мен педагогикалык ой-пікір. Спарта мен Афинадағы тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағарту (ІІІ-І ғ. б.э.д.). Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі негізгі педагогикалык идеялар. Ежелгі Римдегі педагогикалык ойлардың көрнекті өкілдері Цицерон (109-43 жж. б.э.д.), Сенека (ок. 4ж. - 65ж. б.э.д.), Квинтилиан және т.б.
Негізгі үгымдар: ежелгі өркениет, э-дуббы, Көшпенділер әлемі, еңбек эрекеті, дене жетілуі, әскери дайындык, 4\3.Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядагы педагогикалык ойлар: В.Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур жэне т.б. Кавказ жэне славян халыктарының агартуга Византиялык ыкпал ету.
Орта гасырда Индиядагы Оқыту мен тәрбие. Білім берудін буддиялык жүйесі. Индиядагы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті. Орта гасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.
Негізгі ұғымдар: ағарту, Византиядағы ағарту, византиялык ыкпал ету, педагогикалык ой-пікірлер.
5\4Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің жэне педагогикалык ойдың дамуы. Ғалым-энциклопедистер енбектеріндегі түлганы үйлесімді дамыту бағдарламасы: эл-Киндидін (801-873) жогары интеллект түжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн-Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, эл- Газали (1056-59-1111) іліміндегі баланын өзін-өзі тәрбиелеуі. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр эл-Фарабидің (870-950 жж.) педагогикалык тұжырымдамасы. «Қайырымды кала тұргындарыныц көзкарастары» трактатында кайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытка жетудің жолдары.Орталык Азия мен Қазакстан территориясындағы Ренессанс. Әлемдік өркениет аясындагы «Қайта өрлеу» дэуірінің озык манызы. Реснессанстық күбылыстардын алғышарттары: Орхон-Енисей жазуы. Орхон мен Таластың тасты кабыргаларында бостандықты сүю мен патриотизм идеялары. Ежелгі түркілер - сактар мен гұн елдерінің мұрагерлері. Тәрбиені үйымдастыру формалары.Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт - Атаның (IX ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (XIғ) педагогикалык көзқарастарының жүйесі. Ойшылдың түркі тілінде алғаш жазылган «Кұтты білік» еңбегіндегі «Толык адам» ізгілік тұжырымдамасын- дағы дүниетанымдык үстанымы. Махмуд Қашғаридің «Диуани лугат-ат- хурки» алғашкы филологиялык еңбегіндегі «Жеті Ата» кағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сүлтан (1105-1166) мұрасындағы эділдік пен адамгершілік-сопылық ілімінің негізі.Омар Хайямның педагогикалык көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус жэне т.б. ойшылдар шығармашылыгындагы тәрбиелік идеялар.Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, агартушылык кружка-фикха жэне қалам, мектептер мен медреселердін даму- шылык маңызы.Алтын Ордадагы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңгысханның ағартушылык іс- әрекеті. Ойшылдар Сайф Сараи мен Ахмед Иугнекидің педагогикалык идеялары. Рабгузи мен Жамал Каршидің тәрбиелік көзкарастары. Осман империя- сы кезеніндегі педагогикалык ой-пікірлер. Осман империясындагы агартушылыкка антикалык жэне Ислам мәдениетінің ыкпалы. Ибн Рушд, Газали философиялык ілімдеріндегі тәрбие жөніндегі түжырымдык идеялар. Дж.Руми, Хамза, Низами әдеби ескерткіштеріндегі тәрбиелік ойлар.
Негізі ұгымдар: Ренессанс, Орталық-Азиялык Ренессанс, педагогикалык тұжырымдама, ізгілік көзкарастары, тәрбиелік дэстүрлер, агартушылык іс- әрекет, гуманист-галым, педагогикалык ой-пікірлер, педагогикалык көзкарастар жүйесі.
Жоспар:
Алғашқы қауым, Кайназой эрасы, Тас ғасырындағы тәрбие
Ежелгі Шығыстағы тәрбие және оқыту
Антикалық дәуірдегі білім беру ерекшеліктері
Орта ғасырдағы оқыту мен тәрбие
Орта Азиялық Ренессанс
Мақсаты: Ежелгі кездегі тәрбие және оның ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды салыстыру.
Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдың өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.
Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі — рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.
Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.
Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.
Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған.
Осы Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) Лакония (орталығы Спарта) болды.
Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшінен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу) ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.
Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18—20 жастағы жігіттер әскери қызметіне алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.
Афиныда біздің жыл санауымызға дейінгі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинының ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді.
Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.
Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13-14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.
Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен қатар саяси білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.
Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.
Ежелгі Рим мемлекетінде құл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың балалары да оқитын болды. Бұл мектептерде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім беруді үйде ұйымдастырып, бірден грамматикалық мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырған, оқу ақысын төлеуді керек ететін мектептер болды.
Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліметтерін бере отырып, шешендікке баулу) оқытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітірушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі — дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді.
Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың солтүстік жағалауын VII—VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке енді жаулаушылар ие болды.
VIII ғасырда арабтар Пиреней түбегін жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды. Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европада Ежелгі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.
IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шығыс империя Византия деген атпен мың жылдай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда Ежелгі Шығыс мәдениетінің кейбір элементтері сақталды. Шіркеу жанындағы мектептермен қатар, кейбір қалаларда жоғары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, Ежелгі Шығыс философтарының, ақын-жазушыларының еңбектері оқытылды.
Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет Ежелгі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті әсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолында ұстады. Орта ғасырлық монастырьларда дінді тарату мақсатымен діни кітаптар қолдан көшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер құрылды. Алдымен монастырь мектептері, кейін собор мектептері ашылды. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек қана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұнын түсінбеді.
Монастырь және собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оқудың белгіленген мерзімі болмады. Шіркеу мектептерінде оқу мерзімі бес және одан да көп жылға созылды. Онда балалармен бірге жастар да оқыды. Оқуға пайдаланатын діни кітаптардың мазмұны балаларға өте ауыр тиді және олар қолдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу өте қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау көп қолданылды. Төменгі мектептерге алғашқыда дін иелерінің балалары ғана оқуға алынса, XI ғасырдан бастап басқа сословиенің балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары ата-аналарының еңбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді.
Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни философияның негіздері (диалектика) енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы оқытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылды, дін «ғылымның негізі» деп саналды.
Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді (латын тіліндегі грамматикалық формаларды жаттау, діни кітаптарды талдау). Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика оқушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.
Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатаң түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның программасы «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау», шахмат ой-ау, өлең шығару). Оқуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.
XII—XIII ғарырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қолөнер мен сауда дамыды. Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды. XII ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда тағы басқа елдерде, XIV ғасырда Чехияда (Прагада), кейінірек Польшада (Краковта) ашылды.
Орта ғасырда ғалымдардың инициативасымен университеттер ашылды. Ішкі жұмыстарын олар өздері басқарып, басшы қызметкерлерді де өздері сайлайтын болды. Материалдық кѳмек көрсету жолымен университеттерге шіркеу өз билігін жүргізуге тырысты. Кейінірек университеттерге шіркеудің әсері күшейе түсті. Негізгі факультет дін факультеті болды. Орта ғасырдагы университеттерде 4 факультет болды. Дайындық факультетінде грамматика, риторика, философия, арифметика, геометрия, астрономия және музыка оқытылды. Бұл факультет орта мектептің қызметін атқарды, оқу мерзімі 6 — 7 жылға созылды. Әрі қарай үш негізгі факультеттің біреуінде (дін, медицина және заң факультеттері) 5—6 жыл оқитын болды. Университетте оқудың негізгі түрі лекция болды және диспуттар ұйымдастырылды.
Бақылау сұрақтары
1. Алғашқы қоғамға сипаттама беріңіз
2. Рулық қоғамға сипаттама жасаңыз
3. Бұл қоғамда қандай ғылымдардың негізі қалана бастағанын негізге ала отырып жауап дайындаңыз
Әдебиеттер
1. Хрестоматия по истории зарубежной школы и педагогической мысли/под ред. Пискунова, М., 1981.
2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.
3. Құнантаева К.Қ. Қазақстанда білім даму тарихы. Алматы, 2005.
4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008.
