3.7.1 Сур. – Төрт сатылы трансмиссиялы автокөліктің жылдамдық алу графигі
3.8 Автокөліктің отын үнемділігі
Автокөліктің отын үнемділігі (оның негізгі көрсеткіші qп) автокөлік трансмиссия берілісінің ең жоғарғы көрсеткішінде келе жатқанда, жол кедергісінің сипатталған v коэффициенті, берілген трассаның үзігіндегі максималды жылдамдығы. Жол жүре алуы динамикалық сипаттама графигі бойынша анықталады. D жағдайы орындалғанша, яғни жалпы жолдың кедергі коэффициенті динамикалық фактор мәнінен асып кетпейінше қозғалыс мүмкін болады.
Автокөліктің отын үнемділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі жол жүруге жұмсалған отын шығының формула бойынша анықтаймыз
qп= gemin∙КN∙Кω∙(N +Nв) , (3.8.1)
36∙V∙т∙тр
мұнда qп – жол жүруге жұмсалған отын шығыны, л / 100 км;
gemin – минималды бөлінген нәтижелі отын шығыны, г/кВт∙ч;
КN – қуатты пайдалау деңгейіне қарай эмпирикалық коэффициент;
Кω – қозғалтқыш білігінің айналым жиілігіне байланысты эмпирикалық коэффициент;
Nψ – жол кедергісіне қарай шығындалған қуат, кВт;
Nв – ауа кедергісіне қарай шығындалғын қуат, кВт;
т – отын тығыздығы, кг/дм3.
Есептеу барысында минималды бөлінген нәтижелі отын шығыны мынадай мағынаға:
- Бензинді қозғалтқыштарға gemin = 300…340 г/кВтч;
- Дизельді қозғалтқыштарға gemin = 220…260 г/кВтч.
Жанармайдың тығыздығы:
-бензин т = 0,730 кг/дм3 ;
- дизельді жанар майы т = 0,86 кг/дм3.
КN және Кω эмпирикалық коэффициенттер келесі тәуелділікке орай:
Кn коэффициентінің мәні кез келген қозғалтқыш түрі үшін тәуелділікте анықталады
- Бензинді қозғалтқыштарға
КN = 1,2 + 0,1U - 1,8U2 + 1,46U3, (3.8.2)
Дизельді қозғалтқыштарға
КN =3,27 - 8,22U + 9,13U2 - 3,18U3, (3.8.3)
(3.8.2) және (3.8.3) U көрсеткіші шығындалған қуат дәрежесі деп аталып, формула бойынша анықталады.
Кω = 1,25 - 0,99(nе/nN) + 0,98(nе/nN)2 - 0,24(nе/nN)3. (3.8.4)
Nт – автокөліктің тарту күші, кВт.
Автокөліктің тарту күшін формуламен анықтайды
Nт = Nе∙тр. (3.8.5)
nе/nN қатынасы (4.8.4) формуласында 4.4.1 таблицасынан алынады
N жол кедергісіне жұмсалған қуат пен Nв ауа кедергісіне жұмсалатын қуат келесі формулалармен есептеледі
N = Ga∙v∙V∙10-3, (3.8.6)
Nв = Кв∙F∙V∙10-3, (3.8.7)
или
Nв = Рв∙V∙10-3.
Жол жүруге жұмсалған отын шығының анықтап qп, отын-үнемділік сипатты график жасайды, онда qп автокөлік қозғалысының жылдамдығын V, алдын ала толтырылған 3.8.1. таблицасынан алады. 3.8.1 таблицасын толтыруда nе/nN мәндері мен Ne -ді 3.4.1 таблицасынан алады; Nт мәнін (3.8.5) формуласы бойынша анықтайды; V мәнін 3.6.1 немесе 3.7.1 таблицасынан алады (жоғарғы трансмиссиялық беріліс үшін); N қуатының мағынасы және Nв (3.8.6) мен (3.8.7) формуласымен; U қуатты пайдалану деңгейін осы тарауда берілген формула бойынша; ал Кn және КN коэффициенттерін (3.8.4) және (3.82) формулалары немесе (3.8.3), содан кейін жол жүруге жұмсалған отын шығының qп (3.8.1) формуласы бойынша анықтайды.
3.8.1 таблицасы – отын үнемдеу графигін құрастыруға арналған параметрлер
nе/n |
- |
0,2 |
0,4 |
0,6 |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
Ne |
кВт |
|
|
|
|
|
|
Nт |
кВт |
|
|
|
|
|
|
V |
м/с |
|
|
|
|
|
|
Ny |
кВт |
|
|
|
|
|
|
Nв |
кВт |
|
|
|
|
|
|
Ny + Nв |
кВт |
|
|
|
|
|
|
U |
- |
|
|
|
|
|
|
КN |
- |
|
|
|
|
|
|
Кω |
- |
|
|
|
|
|
|
qп |
л/100км |
|
|
|
|
|
|
Автокөліктің отын-үнемдеу сипаттамасының графигінде (3.8.1 су.) VЭ үнемділік жылдамдығы мен qmin сол жылдамдыққа сай минималды жол жүру шығының белгілеу керек.
U қуатты пайдалану деңгейінің мағынасы, VMAX максималды жылдамдықта автокөліктің қозғалысының мәні 1-ге тең болу керек. Олай болмаған жағдайда есеп дұрыс жасалмаған болып шығады.
Сур. 3.8.1. Жанар жагармайды үнемдеу сипаттамасы
