Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка Салтанат апай.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.1 Кб
Скачать

Музыка сабағы арқылы берілетін эстетикалық тәрбие

Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың, көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Оның өзі негізінде, өнер арқылы жүзеге асатындықтан, өнердің қоғамдық мән-мақсаты маңыздылыққа ие болуда. Ол ұрпақтардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, қоғамдық сұраныстың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың ықпалды құралы қызметін атқарады.

Бала-бақшадағы және мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани әсер алуға, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі «сегіз қырлы-бір сырлы» болуы қажет.

Музыка мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік тұратындықтан, ол әр сабақты асқан ұқыптылықпен, терең біліммен жан-жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі, өмірге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыру үшін мұғалімнің әр сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғары мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті, ақылды болып өсуі қалыптасады. Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұратындығы мәлім: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық ойындар қолданылады. Әр  іс-әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, талдау, жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізу керек. Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде оқытушылардың есту, ойлау қабілетінің негізігінде өткізіледі. Сабақтың барысы көбіне тыңдау, айту, ойлау, әңгімелеу тәсілдері арқылы жүргізіледі. Музыкалық тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық үйірмелер, тақырыптық кештер, кездесулер, айтыстар, өнерлілер, т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін оқушылардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады. Мысалы: жас ұрпаққа тек тәрбие нысаны ретінде ғана емес, өзіндік  ақыл-ойы, талап-тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы  туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын  қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол  ашылады.

Музыка мұғалімі музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты  өмірдегі, күнделікті  тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп, бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілікте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге үйретеді. Ол - әр оқушының ақыл-ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән мен жанның қалыптасуына ықпал етеді. Жасампаздықты мұрат  тұтып, өзінің тұрмысын, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін,  қиялын,  эстетикалық талғамын дамытады.