Неврология, психиатрия және жұқпалы
аурулар кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д. профессор
Хайбуллин Т.Н
Ұстаз аты-жөні: Нұралинова Г.И.
Куратор: Наурызбаева А.Н. 402-топ, ЖМ
СЫРҚАТНАМА
Науқас: Бирман Вера Каймовна
Клиникалық диагноз: Оң жақ балтырының тілмесі. Эритематозды формалы.Орташа ауырлықта. Біріншілік түрі
Асқынулар: жоқ
Қосымша аурулар: Артериялық гипертензия ІІдәреже. Қауіп фактор. ЖИА. Тұрақсыз стенокардия. Қант диабеті ІІтип .Семіздік ІІ дәрежелі.
Куратор-студент: Наурызбаева А.Н.
Факультет жалпы медицина курсы 4
Тобы 402
Курация басталған күн: 16.10.17
Курация аяқталған күн: 19.10.17
Тексерілген күні:
Семей 2017
1.Паспорттық бөлім
Аты-жөні: Егеубаева Кулпаршын Төлеугазиновна
Жынысы: әйел
Жасы: 19.11.1957жыл
Кәсібі: пенсионер
Мекен-жайы: Семей қаласы, Восточный, 16 линия 15үй
Сырқат басталған күні: 2017 жылы тамыз айының басы
Аурудың түскен күні:10.10.2017
Науқасқа жолдама берген мекеменің диагнозы: Оң жақ балтырының тілмесі. Эритематозды формалы.Орташа ауырлықта.Біріншілік түрі
Болжамалы диагноз: Оң жақ балтырының тілмесі. Эритематозды формалы.Орташа ауырлықта. Біріншілік түрі
Клиникалық диагноз: Оң жақ балтырының тілмесі. Эритематозды формалы.Орташа ауырлықта . Біріншілік түрі
2.Аурудың шағымы:
Түскен кездегі шағымы: Жалпы әлсіздік,қалтырау, дене қызуы 38,50 С.Оң жақ балтырының қызарып, ісінген,қышу,шыдатпай күйдіріп ауырған.
Курация кезіндегі шағымы: Оң жақ балтырының қызаруы,ісінуі, ауырсынуы төмендеген.
3.Anamnesis morbi : Науқастың айтуы бойынша, 2017ж тамыз айының басында температурасы 39С-қа көтеріліп,қалтырау, оң жақ балтыры ауырсынған,қызарып, ісінуін байқаған.Өздіген ем қабылдамаған. Бірнеше емшілерге барған, бірақ оң нәтиже болмаған. 2.10.2017ж СВА №16 қаралған.10.10.2017ж инфекциялық ауруханаға жолданған.
4.Anamnesis vitae
ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. Тұрмыс-жағдайы қанағаттанарлық. Басынан өткізген аурулары Артериялық гипертензия ІІ дәреже, кауіп фактор ІІ; ЖИА. Тұрақсыз стенокардия; Қант диабеті ІІтип; Семіздік ІІ дәрежелі; Созылмалы гастрит; Нефроптоз. Жарақат алмаған. Гемотрансфузия жасамаған. Сульфамидке аллергиясы бар.. Гинекологиялық аурулары, жағымсыз әдеттері жоқ. Туберкулез, вирусты гепатитпен және тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған.
5. Эпид.Анамнез: Эпидаймағы таза. Инфекциялық аурулармен байланыста болған жоқ. Ауруын аяғын иттің шынжырына сырып алуымен байланыстырады.
6.Status presents
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация және жергілікті қабыну процесіне байланысты. Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Дене температурасы 38,5 С. Тәбеті сақталған. Дене бітімі- гиперстеник. Бойы -168см, саламағы-120 кг.
Оң жақ балтыры ісінген,қызарған, айқын шекараланған. Оң жақ балтырының төменгі 1/3бөлігінде мөлшері 2см-дей тровикалық жара. Тері асты клечаткасының дамуы өте жақсы. Лимфа бездері ұлғаймаған. Көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, таза, ашық қызғыл түсті. Бадамша безі қабынбаған.
2. Тыныс алу ағзалары: Тыныс алуы еркін, мұрын қуысы арқылы.Кеуде клеткасының формасы- цилиндр пішінді, деформациялары жоқ, симметриялы. Тыныс алу типі кеуделік. ТАЖ 22. Пальпация кезінде ауырсыну жоқ, кеуде торы серпімді. Дауыс дірілі симметриялы, өзгермеген. Салыстырмалы перкуссия ашық перкуторлық дыбыс. Топографиялық перкуссиясы нормаға сәйкес. Аускультацияда везикулалық тыныс естіледі. Сырыл, сықыр, плевра үйкеліс шуылдары жоқ. Бронхофония күшеймеген.
3.Жүрек-қанайналым ағзалары: Көзге көрінер өзгерістер жоқ. Пальпацияда пульс, толымды, ырғақты, екі қолда да бірдей. Жүрек ұшы түрткісі сол linea mediaclavicularis бойымен V қабырғааралықта 1,5 см ішке қарай орналасқан. ЖСЖ 76.АҚҚ 110/70. Жүрек перкуссиясы нормаға сәйкес.
Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ритмді, патологиялық шулар естілмейді.
4. Ас қорыту ағзалары: Тәбеті жақсы, ауызының дәмі бұзылмаған. Ауыз қуысы, тілі таза, иіс жоқ. Шырышты қабатының түсі қалыпты. Тістері патологиясыз. Жұтынуы еркін, ауырсынусыз.
Іші ұлғайған. Дем алу актісіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыры мен көкбауыр ұлғаймаған, ауырсынусыз, тегіс, тығыз. Перкуссияда бауыр шекаралары қалыпты.
5. Зәр, жыныс ағзалары: Зәр шығару жиілігі қалыпты, еркін, ауырсынусыз. Бел аймағында өзгеріс жоқ. Бүйрек пальпацияланбайды, ауырсыну жоқ. Пастернацкий симптомы теріс. Жыныс мүшелерінде патологиялық өзгерістер жоқ.
6. Нерв жүйесі: Есі қалыпты, психикасында өзгеріс жоқ, интелекты жасына сай, есте сақтау қабілеті жақсы. Иіс сезу, дәм сезу қабілеті сақталған. Көз алмасының қозғалысы толық. Қарашық мөлшері екі жақта да бірдей,жарыққа реакциясы оң. Естуі жақсы екі құлақтада бірдей. Менингиальды синдром теріс. Мимикалық бұлшық еттерінде парез анықталмады. Жүрісі қалыпты. Жұту рефлексі сақталған, шеміршекті рефлексі қалыпты.
7. Эндокриндік жүйе: Қалқанша безі ұлғаймаған. Екіншілік жыныс белгілері жынысына сәйкес.
8.Status localis. Оң жақ балтыры ісінген,қызарған, айқын шекараланған. Оң жақ балтырының төменгі 1/3бөлігінде мөлшері 2см-дей тровикалық жара.
