Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kurs_leksia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
550.4 Кб
Скачать

IV. Пародонт тіндерінің үдемелі лизисімен жүретін идиопатиялық аурулары (Папийон – Лефевр синдромы, акатолазия, нейтропения, агаммаглобулинемия және т.Б)

V. Пародонтомалар- пародонттың ісік және ісікке ұқсайтын үрдістері

Катаральды гингивит. Катаральды гингивиттің жедел түрі көбінесе жедел жұқпалы аурулардың көрінісі болып табылады /қызылша, жедел респираторлы вирусты ауру, жұқпалы мононуклеоз, скарлатина дифтерия/. Ал, бір жағынан жедел герпетикалық стоматиттің алғашқы дамуының бір сатысы болып, аллергиялық реакциялы белгілермен, жиі гингивостоматит түрінде өтеді. Жедел катаральды гингивит терапиясы негізінен этиологиялық жағдайды анықтап және негізгі ауруды емдеу болып табылады.Жергілікті емі шырышты қабықты жансыздандыру, ісінуді азайту, гиперемияны және екіншілік инфекцияны болдырмау.Шырышты қабықтың жедел қабынуының емі үшін және капиллярды шынықтырғыш қасиеті бар өсімдіктерден жасалынған /алтей түбірінің, шалфей және мальва жапырағының тұнбасын / қолданған тиімді. Капиллярды шынықтырғыш қасиетті дәрі өсімдіктектес фенольды қосылысты- флавоноиды қолдануға болады. Капилляр қабырғасының резистентілігі негізінен қан тамырларының айналасындағы орналасқан борпылдақ дәнекер тіндердің клеткалары мен талшықтарына байланысты. Өйткені, жедел қабыну кезінде капилляр өткізгіштігі және тығыздығы өзгереді.

Р-витаминді белсенділікті, фенольды қосынды қан тамыр-тінді барьердің өткізгіштігіне әсер етеді.

Витамин С, Р- витаминді фенолды қосынды сияқты қасиеті бар, бірақ борпылдақ тіннің негізгі затын гиалуронидазадан қорғамайды, тек коллаген түзілуін белсендіреді.

Фенольды қосындылар қабыну антогонистер медиатрының қасиеттері бар (серотонин, брадикинин, простогландин) В. А. Барабой, 1984.

Өсімдікті фенольды қосындыларды шырышты қабықтың әр түрлі генезді қабынуы кезінде кеңінен қолдану қажет, өйткені, ол стероидты қабынуға қарсы қолданылатын препараттарға қарағанда жұмсақ жағымды әсер етеді, токсикалық қасиеті жоқ, әсіресе балаларда ұзақ уақыт қолданғанда нашар қосымша әсер көрсетпейді.

Гипертрофикалық гингивит.

Гипертрофикалық гингивиттің емі этиологиясына, патогенезіне, клиникалық ағымына және қызыл иектің дәнекер тінінің гиперплазия дәрежесіне байланысты.

Егер гипертрофикалық гингивиттің дамуына тартылуға қарсы қолданылған препараттар болса, онда балаға тағайындылатын ем емдеуші психоневрологпен келісілуі қажет. Стоматологтың бұл жағдайдағы емінің мақсаты – симптоматикалық ем. Егер созылмалы гипертрофикалық гингивиттің пубертантты мезгілінде гормональды баланстың бұзылуы себеп болса, онда педиатр-эндокринологпен келісу қажет.

Сонымен, диффузды гипертрофикалы гингивитте баланы тексеріп, зерттеп және керек мамандарда кеңес алуы қажет.

Жаралы және жаралы некротикалы гингивит.

Жаралы- некротикалы гингивиттің этиологиясы мен патогенезінде организмнің реактивтілігінің төмендеуі кезінде патогенді түрге ауысатын ауыз қуысының микроорганизмдері мен олардың токсиндерінің рольі зор. Қызыл иектің бұзылуы бактериальды антигенмен Артюс феномены түрлі шақырылып, ең соңында микроциркуляцияны бұзып, тромб түзілуге әкеліп және некрозға ұшыратады.Жаралы-некротикалы гингивиттің патогенезінде кейбір қорғаныш механизмдерінің азаюымен, хемотаксис және полиморфты лейкоциттердің фагоцитозының үлкен маңызы бар.Ем жүргізілу шараларын аурудың патогенетикалық механизм дамуын, клиникалық ағымының ауырлығын, баланың жасын, қызыл иектің бұзылған жерлерінен алынған бактериологиялық материалды, лабораториялық зерттеулер жүргізе, бірінші қанды зерттей отырып жоспарлануы қажет.

Пародонт ауруының алдын алу

Бала жасындағы мезгілде пародонтитті емдеу ауыр. Ауру көбінесе ағымы ауыр, емі ұзақ уақыт және терапиялық және хирургиялық ем жүргізу баланың өзінің көмегінсіз жүргізіледі.Сондықтан да ауруды ерте табып және алдын алуы үлкен маңызды.

Пародонт ауруының адын-алу болып функциональды

интакті тістерді және пародонтты сақтау. Аурудың алдын алу өмірінің ішкі бақ даму мезгілінде басталуы қажет, сол мезгілде организмге керекті заттардың дұрыс уақтылы түсіп тұруын қадағалау қажет. Өйткені тістердің сүйек құрылуына және олардың интактілігіне керекті жүкті әйелдің өзінің тамақ рационына көкөністер, жидектер, сүт, сүт тағамдар /ірімшік, сары май ж.. т. б. /белогы көп қабылданылуы қажет.

Тістердің және жақ сүйектің дамуында әсіресе жақсы тамақты шайнау рольі жоғары және периодонтитпен сүйек балкаларының дамуына да үлкен маңызы бар.

Стоматологтың мақсаты болып ата-анасын, мұғалімдеоді, бала баұша меңгерушілерін ауыз қуысына негізі болып дұрыс шайнаудың маңызын түсіндіру қажет. Шайнау кезіндегі ауыз қуысының өзімен өзі тазалануы тіс бляшкаларының және тіс тастарының, тіс түзілістерінің пайда болуындағы маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Әсіресе жалқау шайнаутын немесе жұмсақ және ботқа көп қабылдайтын балаларда тістерін ұқыпты тазалау керек.Тісжегін ерте емдеу және шайнауға кедергі жасайтын сүт тістердің түбірлерін жұлу.

Гингивиттің алдын-алуы үшін ортодонттық ем қажет.

Уақтылы ортодонтиялық тағайындалған ем тістерге мөлшерден тыс түскен қысымды азайтады және жарақатты окклюзиянының болдырмайды.

Бала жасында пародонттың қабынуын емдеу үлкен кісілердікіндегідей жүргізіледі, бірақ та қабынуға қарсы тек қана бала организміне зиянсыз ең бір рациональды өсімдік тектес заттар мен препаратттар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]