Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kurs_leksia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
550.4 Кб
Скачать

4. Иллюстрациялы материалдар: презентация, слайдтар

5. Әдебиет

негізгі:

1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640с.

2.Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744с.

3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615с.

қосымша:

1.Стоматология детского возраста. Под редакцией Т.Ф.Виноградовой. – М., Медицина, 1987. – 526с.

2. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф.Т.Ф.Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003.

3. Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей. – Алматы, 2007. – 99с.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям. -М., 2007.- 214с.

5.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев. 2007- 815с.

5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),

6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)

  1. Остеоартриттің этиологиясы.

  2. Екіншілік деформацияланған остеоартроздың негізгі клиникалық симптомдары.

  3. Анкилоздың рентгенологиялық признаки

  4. Остеоартриттің емдеу принциптері.

  5. СТЖБ-нің дисфункциясының негізгі клиникалық симптомдар

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1. Тақырыбы № 11 Балаларда бет сүйектерінің одонтогенді, гематогенді және спецификалық остеомиелиттері. Жіктелуі, клиникалық ағымы, диагностикасы, емі.

2. Мақсаты: Студенттерге балаларда бет сүйектерінің одонтогенді, гематогенді және спецификалық остеомиелиттері. Жіктелуі, клиникалық ағымы, диагностикасы, емі бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту

3. Дәріс тезистері:

Одонтогенді остеомиелит – инфекциялық- қабыну үрдісі бірнеше тістер маңындағы пародонттың құрылымын қамтиды, анатомиялық бөлігін қамтиды, (бүкіл жақты қамтуы мүмкін) және жақ маңы жұмсақ тіндер мен бет, мойынның клетчаткалық кеңістігіне таралуы мүмкін). Инфекция көзі – тісжегімен зақымдалған тістер және инфекцияланған тістер.

73 % -жағдайда инфекция көзі уақытша азу тістер жоғарғы және төменгі жақтағы бірінші тұрақты азу тістер.

Өте сирек жағдайда, остеомиелит түбірлік кистаның іріңдеуі нәтижесінде немесе патологиялық қызылиек қалтасы арқылы бактериалды флораның түсуінен болады.

Одонтогенді остеомиелиттің қоздырғыштары:

  • стрептококктар;

  • ақ стафилококктар;

  • таяқ тәрізді бактериялармен алтын стафилококтың ассоциациясы

Балалардың остеомиелитикалық үрдістерінің жиілігі бала ағзасының статусына байланысты:

  • жоғары реактивтілікке;

  • іріңді инфекцияға төмен иммунобиологиялық барьер;

  • жақ сүйектерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен (үнемі өсу, тістердің ауысу кезеңіндегі белсенді қайта құру, Гаверсов каналы кең, сүйек трабекулалары нәзік миелоидты сүйек миының инфекцияға тұрақсыздығы, қан және лимфоауысудың молдығы).

Жедел одонтогенді остеомиелит 3-даму фазасынан тұрады:

  • жедел;

  • жеделдеу;

  • созылмалы.

Жедел фаза: 3-7-12 күнге созылады

Сүйектегі үрдістер:

  • альвеолярлы өскінге дейін шектелген;

  • көптеген ұсақ ошақтар;

  • жайылған.

Жұмсақ тіндердегі үрдістер:

  • субпериосталды абсцесстер;

  • теріасты абсцесстер;

  • жақ аймағының флегмоналары.

Жеделдеу фаза: 2 аптаға дейін созылады.

Сүйектегі үрдістер:

  • милиарлы секвестрлер;

  • сүйектің жеке бөлігінің секвестрлері;

  • үлкен көлемді секвестрлер.

Жұмсақ тіндердегі үрдістер:

  • жұмсақ тіндердің өлиеттенген бөліктерінің ажыратылуы;

  • жыланкөздің пайда болуы.

Созылмалы фаза: 1 айдан 3 айға дейін

Сүйектегі үрдістер:

  • секвестрлердің бөлінуі;

  • ренегерация;

  • гиперостозды түрі;

  • анкилоз;

  • сүйектүзілудің бәсендеуі;

  • патологиялық сыну;

  • жалған буын;

Жұмсақ тіндердегі үрдістер:

  • деформацияланған тыртықтар, жыланкөздер;

  • тері асты гранулемасы;

  • буынсыз тыртықты сіресім (қатып қалу);

Клиника:

  • жедел басталады;

  • дене қызуы 38 – 39 град.С;

  • қалтырау;

  • жалпы әлсіздік;

  • дімкәстік;

  • тартылу;

  • құсу;

  • асқазан ішек жолы қызыметінің бұзылулары;

  • О.Н.Ж. қозуы;

  • Таңертеңгі мен кешкі дене температураның 1- градусқа айырмашылық болады.

  • Пульс жиілеп, минутына тыныс алу ұлғаяды;

  • одонтогенді сепсистіңдаму қаупі бар;

  • тері жамылғыларының бозаруы;

  • табеттің жоғалуы;

  • ұйқының бұзылуы;

  • бала мазасызданады

Жергілікті көріністері:

  • инфекцияланған тістің айналасында жайылған қабыну көрінісі;

  • себепші және көршілес сау тістерде патологиялық қозғалғыштық;

  • жайылған іріңді периоститтер дамиды;

  • субпериосталды абсцесстер қалыптасады;

  • сүйектің беткі қабаты бұзылады (шырышты қабық астында абсцесс);

  • альвеолярлы өскіннің екі жағында іріңді периостит дамиды.

Осының барлығы беттің жұмсақ тіндерінің қабыну өзгерістерімен жүреді.

Жоғарғы жақта: ісіну көз асты аймағында орналасып, көз қуысын жабады, мұрын-ерін қатпарымен, үстіңгі ерін тіндеріне таралады.

Төменгі жақта: жақасты аймағында ісіну айқын.

. Беттің жұмсақ тінінде, сүйекке жақын патологиялық ошақта тері қызарып, ісініп қабыну инфильтрациясы дамиды. Шеткі лимфа түйіндерінің лимфадениті мен периодениті дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]