- •Өндірістік тәжірибе есебі
- •Мазмұны:
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1.1.. Ауа райының зиянды организмдердің дамуына тигізетін ықпалы.
- •1.2.Ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиясы
- •1.3. Жүзім дақылының өсіру технологиясы мен зиянкестері.
- •А) Аса қауіпті зиянкестер
- •1. Сайрам ауданы бойынша марокко шегірткесінің кубіршесіне көктемгі зерттеудің
- •30.03.2017 Жылға қорытынды мәліметі.
- •Сайрам ауданы бойынша марокко шегірткесінің дернәсілдерінің көктемгі анықтау жұмыстарының
- •25.05.2017 Жылғы қорытынды мәліметі. (мың.Га)
- •Марокко шегірткесінің шағылысуы мен жұмыртқа қоюуна жүргізілген зерттеудің 05.07.2017 жылға қорытынды мәліметі.
- •2. Зиянды бақашық қандаласы
- •Сайрам аудандық филиалы бойынша зиянды бақашық қандаласына күзгі зерттеу жұмыстарының
- •25.09.2017 Жылғы қорытынды мәліметі
- •3. Сарышұнақтар
- •3. Жоңышқа бізтұмсығы (фитономус).
Қазақ Ұлттық Аграрлық УниверситетіІ
«Орман жер ресурстары және фитосанитария »
факультеті
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
4-курс студенті Сергазиева Ұлдананың
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық филиалында өткен
Өндірістік тәжірибе есебі
Орындаушы: 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 4 курс студенті Сергазиева Ұлдана
Тексерген:_________________________________________
Алматы 2017
Мазмұны:
Кіріспе
1.1.Ауа райының зиянды организмдердің дамуына тигізетін ықпалы.
1.2.Ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиясы.
1.3. Жүзім дақылының өсіру технологиясы мен зиянкестері.
Негізгі бөлім
Ауданда тіркелген ерекше қауіпті және зиянды организмдерінің, аурулардың, арамшөптердің 2017 жылы таралуы мен дамуына жүргізілген мониторинг жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
11 қыркүйек пен 14 қазан аралығында өндіріске барып іс-тәжірибе өту барысында университеттен алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекітіп, фитосанитария үшін маңызы бар ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиясы бойынша білімін толықтып, мониторинг жүргізуді дағдылау, өсімдіктерді қорғау, карантин бойынша шараларды жоспарлау және ұйымдастыруды үйрену.
Іс-тәжірибеден өту барысында, сол кәсіпорын жетекшісінің бақылауымен күнделікті күнделік толтыру және мәліметтер жинап есеп жазу.
Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігін-дегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.
Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы –Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы республиканың ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді.
Сайрам ауданы 1928 жылы құрылған, алғашқыда Манкент-Сайрам деп аталған. Орталығы Манкент болған, 1930 жылдан бастап аудан ресми түрде Сайрам деп аталған, ал 1934 жылы аудан орталығы бүгінгі Ақсукентке ауысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан солтүстіктен – Түлкібас, шығыстан – Төлеби, оңтүстік батыстан – Ордабасы, ал солтүстік батыстан – Бәйдібек аудандарымен шекаралас. Жер көлемі 114700 гектар. Халқының саны 260 мыңға жуық.
Облыс орталығына дейінгі қашықтық – 21 шақырым. Аудан негізінен ауыл шаруашылықпен айналысады. Құрамында 11 ауыл округі бар
Сайрам ауданы көп салалы аудандар қатарынан орын алады, дәнді дақылдары мен азығы көп, бақша, майлы дақылдар, бау – жеміс-жидек, жүзім және басқа егістік түрлерін өндірумен айналысады. Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінен сүтпен, етпен қамтамасыз ету кеңінен орын алған. Сайрам ауданы аграрлық аудан болып саналатындықтан ауыл шаруашылығы, егіншілік саласы аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда аудан көлемінде 28 ӨК, 15 ЖШС, 6710 ШҚ бар, егін егіп, мал өсіріп, мал өніміп алып көптеген жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде. Ауданның барлық жер көлемі 128068 гектар, соның ішінде жыртылатын жер 86200 гектар, оның 15600 гектары суармалы, 4400 гектар көпжылдық өсімдіктер өсетін танаптар, соның 2800 гектары бау, 800 гектары жүзімдік. Шабындық 1830 гектар алқапты алып жатыр, 1420 гектар жайылымдық жер болса, 350 гектары орманды алқап.Ал барлық егістік жер 86,2 мың га. Соның ішінде суармалысы – 15,6 мың га, айдалатын пар – 11,3 мың га. Барлық егіс көлемі – 59,0 мың га, соның ішінде суармалы жер 15,6 мың га.
Сайрам ауданы бойынша 2017 жылғы егілетін ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайландырылған болжамдық егіс құрылымы
1-кесте
Аудан аттары |
Егістік жер барлығы |
Айдалатын пар |
Барлық егіс көлемі |
Оның ішінде |
|||||||||||||||||
Дәнді және бұршақты дақыл |
барлығы |
Майлы дақыл |
|||||||||||||||||||
Барлығы |
Оның ішінде |
Оның ішінде |
|||||||||||||||||||
Күздік бидай |
Күздік арпа |
Жаздық бидай |
Жаздық арпа |
Күріш |
тары |
Дәндік жүгері |
Бұршақты дақыл |
|
соя |
мақсары |
күнбағыс |
||||||||||
Ноқат |
маш |
|
|||||||||||||||||||
Сайрам |
59,43 |
7,244 |
49,54 |
16,065 |
11,94 |
0,1 |
1,41 |
2,345 |
- |
- |
0,115 |
0,055 |
0,100 |
8,955 |
- |
8,875 |
0,08 |
||||
|
59,43 |
7,244 |
49,54 |
16,065 |
11,94 |
0,1 |
1,41 |
2,345 |
- |
- |
0,115 |
0,055 |
0,100 |
8,955 |
- |
8,875 |
0,08 |
||||
2-кесте
Аудан қала аттары |
Оның ішінде |
|||||||||||||||||
Техникалық дақылдар |
Бір жылдық, көп жылдық мал дақылдары |
Барлығы |
Картоп, көкөніс, бақша дақылдары |
|||||||||||||||
Барлығы |
Оның ішінде |
барлығы |
Оның ішінде |
Оның ішінде |
||||||||||||||
мақта |
темекі |
қант қызылшасы |
сыпырғы |
бір жылдық |
ескі жоңышқалық |
2017 жылы егілетін жоңышқа |
сүрлемдік жүгері |
картоп |
көкөніс |
бақша |
||||||||
Сайрам |
0,04 |
- |
- |
0,020 |
0,020 |
17,73 |
- |
14,4 |
3,2 |
0,13 |
6,750 |
2,7 |
4 |
0,05 |
||||
|
0,04 |
- |
- |
0,020 |
0,020 |
17,73 |
- |
14,4 |
3,2 |
0,13 |
6,750 |
2,7 |
4 |
0,05 |
||||
