- •Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?
- •2.Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?
- •3.Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?
- •4.Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
- •5.Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
- •6.Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
- •7. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
- •8.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?
- •9. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?
- •10.Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?
- •11. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?
- •12.Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?
- •13.Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.
- •14. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.
- •15. Ғылыми мәтіндерге не жатады.
- •16. Аннотация дегеніміз не?
- •17.Рецензия дегеніміз не?
- •18.Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?
- •19.Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?
- •20. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?
- •26.Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
- •27.Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз?
- •28.Теориялық талдау дегеніміз не?
- •29.Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.
- •30.Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?
- •31.Абстракциялау дегеніміз не?
- •32.Анализ және синтезді талдаңыз.
- •33.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.
- •34.Бақылау әдісінің ерекшеліктері.
- •35.Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?
- •36.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?
- •37.Сұхбатқа қойылатын талаптар?
- •38.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?
- •39.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?
- •40.Инновация ұғымы мен түрлері.
7. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
8.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
