- •Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?
- •2.Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?
- •3.Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?
- •4.Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
- •5.Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
- •6.Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
- •7. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
- •8.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?
- •9. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?
- •10.Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?
- •11. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?
- •12.Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?
- •13.Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.
- •14. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.
- •15. Ғылыми мәтіндерге не жатады.
- •16. Аннотация дегеніміз не?
- •17.Рецензия дегеніміз не?
- •18.Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?
- •19.Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?
- •20. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?
- •26.Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
- •27.Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз?
- •28.Теориялық талдау дегеніміз не?
- •29.Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.
- •30.Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?
- •31.Абстракциялау дегеніміз не?
- •32.Анализ және синтезді талдаңыз.
- •33.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.
- •34.Бақылау әдісінің ерекшеліктері.
- •35.Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?
- •36.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?
- •37.Сұхбатқа қойылатын талаптар?
- •38.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?
- •39.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?
- •40.Инновация ұғымы мен түрлері.
36.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?
Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі болып табылады.Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.
37.Сұхбатқа қойылатын талаптар?
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
38.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
39.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
өз беттерімен білім ала білуі;
білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
