- •Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?
- •2.Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?
- •3.Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?
- •4.Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
- •5.Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
- •6.Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
- •7. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
- •8.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?
- •9. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?
- •10.Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?
- •11. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?
- •12.Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?
- •13.Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.
- •14. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.
- •15. Ғылыми мәтіндерге не жатады.
- •16. Аннотация дегеніміз не?
- •17.Рецензия дегеніміз не?
- •18.Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?
- •19.Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?
- •20. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?
- •26.Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
- •27.Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз?
- •28.Теориялық талдау дегеніміз не?
- •29.Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.
- •30.Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?
- •31.Абстракциялау дегеніміз не?
- •32.Анализ және синтезді талдаңыз.
- •33.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.
- •34.Бақылау әдісінің ерекшеліктері.
- •35.Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?
- •36.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?
- •37.Сұхбатқа қойылатын талаптар?
- •38.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?
- •39.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?
- •40.Инновация ұғымы мен түрлері.
26.Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
Эксперименттік бағдарлама құрылымы:
· эксперименттік жұмыстың тақырыбы· эксперименттік жұмыстың мақсаты
· негізгі идеялары
· гипотезасы
· экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық – ұйымдас-тырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері
· эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі
· алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/
· эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі
· эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері
· қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп.
27.Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз?
Эксперименттің негізгі сатылары мен жобалау бағдарламасы(сатылы бағдарлама, мониторинг)
1. Диалностикалық – экспериментті өткізу барысында проблеманы анықтау және сараптау;
2. Болжау – Экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерилерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;
3. Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру,кадрларды дайындай, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;
4. Практикалық - өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)
5. Жалпылау - Алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;
6. Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу, құрылған технологияларды тарату.
28.Теориялық талдау дегеніміз не?
Теориялық талдау – педагогикалық қбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен станымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық қбылыстың мән – жайына енеміз.
29.Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
30.Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
педагогикалық мерзімді басылымдар;
мектеп, тәрбие, мғалім жөніндегі көркем шығармалар;
педагогикалық анықтама қралдары:
педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік – қолданбалар.
Теориялық деңгей әдістері:
1.Әдебиет көздерін зерттеу.
2. Анализ және синтез.
3. Абстракциялау.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын анықтау.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау.
7. Болжау әдіс.
8. Математикалық және статистикалық әдіс.
