Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С.С.С. каз пат.физ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.64 Кб
Скачать

G-041.07.05.16-2013

Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар

1.Бас

Бет 8 тен 8

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

Арналған әдістемелік нұсқау

Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы”

Тақырыбы: Жүректің жеткіліксіздігі. Балалардағы ерекшеліктері.

Тақырыптын негiзгi сұрақтары:

1. Қанайналым жетіспеушілігінің түсінігі, оның түрлері.

2. Жүрек жетіспеушілігінің әртүрлі критерилері бойынша жіктелуі.

3. Жүрек жеткіліксіздігі - түрлері, себептері, жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді

және жүктемелік түрлерінің даму жолдары.

4. Жүректің жиырылу қызметінің шұғыл және ұзақ мерзімді икемделістік-бейімделістік

жолдары.

5. Жүректің жедел (жүрек демікпесі, өкпе ісінуі, кардиогенді шок) және созылмалы

(ісінулер, цианоз, ентігу, тахикардия) жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерінің

патогенезі және негізгі гемодинамикалық өзгерістері.

6. Қан айналым жеткіліксіздігі мен жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі гемодинамикалық

көрсетіштер.

7. Балалардағы қан айналым жеткіліксіздігінің ерекшеліктері

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, презентация, ситуациялық есептерді шешу.

Ситуациялық есептер

1. Ауруханаға, 55 жастағы науқас мынадай шағымдармен түсті: төс асты мен қарын үстінде қарқынды батып ауру, физикалық жүктемеден кейін пайда болады Шылым шегеді. Анамнезінде: көп жылдары артериялық гипертензиямен ауруды. Науқасты қарау кезінде: өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек үнінің көмескілігі. Іш ерекшелексіз.

ЭКГ-зертеу кезінде Q тісшесі терең және кен II, III, AVL – тіркелімі бойынша ST көтерілуімен.

Сіздің диагнозыңыз?

2. Миокардитпен бір ай бұрын ауырған науқаста, физикалық жүктемеден кейін ауыр ұстамалы ентікпе пайда болды. Науқасты қарау кезінде: тер жабындары бозарған, ортопноэ жағдайы. Жүрек үнінің, көмескілігі. ЖЖС-106 1/. ҚҚ=110/70 мм с.б. Тындау кезінде: өкпенің төмен бөлігінде дымқыл сырылдар естіледі. ТАК = 25 1/ . Бауыр қабырғалық иіні шетінде. ЭКГ – бойынша – тісшелердің биіктігінің төмендеуі, Т тісшесінің инверсиясы.

Сіздің диагнозыңыз?

3. 64 жастағы науқаста ҚҚ=240/120 мм с.б., тұңшығу, қызғылт, көбікші қақырық. Науқасты қарау кезінде: орташа жағдайы, жүрек үнінің көмескілігі. ЖЖС -117 1/ , өкпеді –барлық бөліктерінде - әр түрлі дымқыл сырылдар.

Сіздің диагнозыңыз?

4. Көшеде 53 азаматта жүрек айну, қарын үстінде ауыру сезілді. Екі рет желінген асты құсып тастады. Қабылдау бөлмесіне науқасты әкеліп асқазанды шайды. Содан кейін ауру сезімі төс артына және сол жаққа ауысты. ЭКГ бойынша – көтерілген ST II, III, AVL – тіркелімінде.

Сіздің диагнозыңыз?

5. 47 жастағы құрылысшы, жарты жылдың арасында ентікпе және аяқтарында ісінулерді байқады. Науқасты қарау кезінде: домбыққан беті. Жүрек үнінің көмескілігі. Тамыр соғу әдеттен тыс ҚҚ=220/75 мм с.б., ЖЖС – 80 1/

Сіздің диагнозыңыз?

6. 53 жастағы қызыметкер мынадай шағымдармен дәрігерге келді: төс асты батып ауру, көбінесе көшеде немесе жұмысқа бара жатқанда пайда болады. Бір жылдай ауруды. Басында науқас тоқтағанда ауру сезімі бірден кетіп қалатын. Соңғы екі айда нитроглицерин қабылдағаннан кейін ауру сезімі 5-6 минутта тоқталады. Шылым шекпейді.

Сіздің диагнозыңыз?

2 CBL САБАҚҚА