Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

Лекция №7

Тақырыбы: Бейінді оқыту мәселелерін шешудің жүйелік тәсілдері

Қарастырылытын сұрақтар:

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері

11-12 сыныптардағы бағдарлы оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бағдарлы оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады. Бағдарлы оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепшілік және желілік бағдарлы оқыту жатқызылады.

Мектепшілік бағдарлы оқыту

Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажетплігіие, кадрлық және оқу­әдістемелік күш-қуатына байланысты бағдарлы оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мопоs- біреу, жалғыз) оқу орны бағдарлы оқытудың бір бағытын іске асырады.(жартылыстану-математикалық немесе қоғамдык-гуманитарлық немесе технологиялық)

Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys - көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бағдарлы оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық­гуманитарлық немесе технологиялық).

Сол немесе өзге бағдарлы оқыту шеңберінде оқу орны сондай немесе өзге бағдарлы оқытуды ұйымдастырады. Бағдарлы оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша Міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарынын оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бағдарлы оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бағдарлы оқыту ұйымдастырылады.

Желілік бағдарлы оқыту

Бағдарлы оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бағдарлы жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.

Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.

Лекция №8

Тақырыбы: Бейінді оқытудың кезеңдері. Бейінді оқытуға көшуді іске асыратын ұйымдастыру шараларының жүйесі.

Қарастырылытын сұрақтар:

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай езгерте отырып, заманына сай мектеп кұру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жен. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына күятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Жаңа кезқарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, ез мүмкіндіктеріне баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жен. 2006-2007 оқу жылының ерекшелігі 2002 жылғы ҚР орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 1 О-сыныпта бағдарлы оқытуға кешу болып табылады.

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Оқыту бағдарламалары оқушылардың қабілеттіктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.

Пәндерді тереңдетіп оқытуға карағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылады. Білім беру мазмұнын кұрудың бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті кұруға бағытталған [8].

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бағдарлау процесінің екі құраУ'ШЫСЫН ескереді: бағдарлау бағыты және оқыту бағдары. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды бағдарлау қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану­математикалық бағыттарында жүзеге асырылады.

Мектеп оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып, бір немесе екі бағытты бірдей таңдай алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика­техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық бағдарларда білім ала алады.

Бағдарлап оқытудың негізгі міндеті - оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Сондықтан бағдарлап оқытудың маңызды құраушысы негізгі мектептін 9 сыныбында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып табылады. Ол келесі үш бөліктен түрацы:

1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.

2. Кәсіби бағдарлау бойынша тандау курстарын ұйымдастыру.

3. Психологиялық көмек беру.

Оқушыларды дамытуға арналған дамытушы заттық ортадағы құрал-жабдықтар төмеңдегідей педагогикалық-психологиялық критерийлерге сәйкес келуі керек:

5-6 жастағы балалардың психикалық даму деңгейіне сәйкестілігі;

- жүйелі және алуан қырлы қызмет атқаруы;

- баланың дене дамуына үйлесімділігі;

Бірақ орта негізгі білімнің сапасы 9-сыныпта оқытудың негізгі құндылығы болып табылады. Ал оқушылардың пәндік білім, білік, дағдылары жеткілікті деңгейдегі ресурстық база ретінде олардың әлеуметтік бейімделулеріне, одан кейінгі өмірлік жолдарын таңдауларына мүмкіндік беруі қажет. Сонымен бірге бағдаралды дайындық тек қана оқушыларды бағдарлайды, бағыттайды және ол бағдарлап оқу үшін оқушыларға арнайы таңдау жасауға негіз бола алмайды. Бағдаралды дайындық жұмыстары мынадай үш бағытта жүргізіледі: 1) ақпараттық жұмыстар; 2) бағдаралды дайындық мазмұнын жүзеге асыру; 3) оқушылардың өздерінің білімдік траекторияларын жобалауына психологиялық-педагогикальщ тұрғыда көмек көрсету.

1. Ақпараттық жұмыстар. Ақпаратгық жұмыстар мына бағытта жүргізіледі: оқуды жалғастыру немесе Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде оқушыға ақпарат беру, кәсіптік білім беретін, әсіресе оқушы өзі оқитын территориядағы ұйымдармен таныстыру, жалпы орта білім беретін ұйымдарда жүзеге асырылатын бағдарлы оқыту бағдарламалары жөніңде ақпарат беру, оқушы өзі тұратын теорриториядағы еңбек рыногының даму жағдайымен таныстыру.

2. Бағдаралды дайындық мазмұнын жүзеге асыру. Оқушыларға адамның іс-әрекетінің қандай да бір саласында «өз күшін» сынауына мүмкіндік беретін бағдаралды дайындықтың мазмұны жүзеге асырылады. Нәтижесінде олар іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, адам қызметінің қандай да бір саласына тән пәндер мен процестерді зерделеу мен түрлендіру, жауапты түрде таңдау жасау бойынша тәжірибе жинақтайды.

3. Оқушылардың өздерінің білімдік траекторияларын жобалауына психологиялық­педагогикалық тұрғыда көмек көрсету консультацияны, бағдаралды курстарын меңгеру мониторингін, оқушылардың жинақтаған тәжірибелері бойынша рефлексия ұйымдастыруды, оқушылардың өздерін-өздері тануын, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен алынған акпараттар мен олардың өз қалауларының ара-қатынасын анықтауды қамтиды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдыңғы екі бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға қатысты алғанда байланыстырушы буын болып табылады.

Осы бағытта атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздерінің кейінгі алатын білімі жөнінде нақты шешім қабылдайды. Осындай шешім қабылдауға оқушылардың өздерін-өздері тануға, анықтауға қатысты ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесі негіз бола алады. Білім беру үйымдарының әкімшілігі таңдау бойынша пәндерге, әрбір курсты оқыту тиімділігіне қатысты оқушылардың жеке сұраныстарын қанағатгандыратын және бағдаралды дайындық пен бағдарлы оқытуды ұйымдастыру шеңберінде болашақта ұйымдастырылуы ти іс іс-әрекеттерді болжауға және жобалауға қажетті материалды алып отырады.

Енді осы үш бағытта атқарылатын жұмыстар қандай мазмұнда жүзеге асырылады?

Ақпараттық жұмыстар бойынша:

- бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары мен олардың оқу

бағдарламалары туралы;

- нақты бір территориядағы еңбек рыногының құрылымы, жағдайы және даму динамикасы туралы;

- бағдарлы оқьпу құрылымы мен мазмұны, орта жалпы білім беру бағдарламаларын жузеге асыратын үйымдар туралы толық ақпарат беріледі.

Бұл мазмұнды білім беру ұйымдарында былайша жүзеге асыруға болады: арнайы әңгіме оқушыларға өз беттерінше орындайтын тапсырмалар беру - территориялық деңгейде алынған ақпараттарды және қосымша ақпараттарды өндеу бойынша өзіндік жұмыстар ұйымдастыру - өзіндік жұмыстар нәтижесін презентациялау және талқылау; мектепаральrқ деңгейде: білім беру үйымдарына және өндіріс орындарына бару, жәрмеңке, ашық есік және т.с.с. арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу.

Таңдау курстарының мазмұны оқушының болашақ іс-әрекеті түрғысындағы өз ұйғарымын саналы жасауына мүмкіндік беруі тиіс. Ол:

- нақты бір пәнді терендетумен тікелей байланысты емес;

- бағдарлы курстар бойынша пропедевтикалық материалдарды қамтымайды;

- қатал бағдарлау жолымен емес, әлеуметтік-кәсіптік тұрғыда таныстыру жұмыстары арқылы қазіргі мамандықтар әлемімен оқушыларды таныстырады;

- танымдық немесе практикалық іс-әрекеттері нәтижелері Бойынаа қандай да бір іс­әрекет тәсілдерін игерудегі оқушынын өзінің мүмкіндіктерін бағалауына жағдай жасайтын практикалық-бағдарлаушылық, қолданбалы сипатқа ие.

- өзгертуге ыңғайлы жылжымалы болуы;

- мазмұны мен атқаратын кызметі жағынан көп түрлілігі.

Ата-аналармен жүмыс. Мектепалды даярлығы топтарында балалардың отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ата-аналарға арналған сауалдамаларға жауап алу, баламен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттар жүргізу, отбасына бару, баланы бақылау, отбасына катысты тақырыптарға салынған суреттерін зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Ата-аналармен жұмыста көрнекі ақпарат беретін "Ата-аналар бұрышы" жасақталып, онда ата­аналардың кұқығы мен міндеттері, педагогикалық және дәрігерлік кеңестер мен хабарландырулар, балалардың жеткен жетістіктері, шығармашылығы туралы ақпараттар ілінеді. Ата-аналармен көзбе-көз ауызша қатынас жасаумен қоса жазбаша түрде байланыс жасау да тиімді. Себебі, ауызша берілген ақпараттарға көп уақыт кетеді, ата-аналар оны еске сақтап, жүйелі орындай бермейді. Ал жазбаша ескертпе қағаздар, ұсыныстар олардың тапсырмаларды ой елегінен өткізуіне мүмкіндік беріп, белгілі бір орындау тәртібін ұсынады. Ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істеудің дәстүрлі ашық есік күндері, жеке және топтық сұхбаттар, ортақ жетістіктер және проблемаларға қатысты ішінара топтық кеңестер, жас ата­аналармен семинар - парктикумдар, топтық ата-аналар жиналыстары (тоқсанына-І рет), конференция (оқу жылына- 1 рет) сияқты түрлерін өткізу.

Ата-аналарды топ өміріне тарту және әр түрлі бірлескен іс-әрекет түрлерін, мерекелер мен сауық кештерін, отбасыаралық спорттық сайыстар ұйымдастыруға көңіл бөлінеді. Мүмкіндігінше ата-аналар арналған психологиялық көмек бөлмелерін ұйымдастыру.

Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық мүмкіндіктеріне қарай оқыту мазмұнын саралауды, оқыту процесін әр оқушының икемділігі мен қажеттілігіне қарай ұйымдастыруды, оқушылардың әлеуметтенуіне мүмкіндік жасауды, мектеп түлектерінің жогары кәсіптік оқу орындарының бағдарламасын игерулері үшін олардың өз бетімен білім алуына және олардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасауды көздейтін бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыруда бағдаралды дайындықтын алатын орны ерекше. Бағдаралды дайындық мектептің негізгі сатысының жоғарғы сыныптары оқушыларының таңдалатын болашақ бағдарланған оқу бағыты мен кейінгі кәсіби әрекет саласына, сонымен бірге бағдар таңдауға, мектептің жоғарғы сатысында оқудың нақты орнын немесе білім алудың қандай да болмасын жолдарын таңдауға қатысты өздерін өздері анықтауларына ықпал ететін педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ақпаратық және ұйымдастырушылық іс-әрекет жүйесі.

Негізгі мектепті бітірген әрбір түлек өз оқуын ары қарай қай бағытта және қалай жалғастыратыны жөнінде саналы да жауапты таңдау жасауы тиіс. Ол үшін олардың өздерінің бағыттарын алдын ала өздері анықтауларына мүмкіндік беретіндей орта құрылуы керек. Бұл бағдаралды дайындықтықтың негізгі мақсаты болуы қажет.

Лекция №9

Тақырыбы: Бейіналды дайындық .. Бейінді оқытуды енгізу шарттары мен кезеңдері.

Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке бастарының ерекшеліктері,оларға сәйкес мүмкін болатын оқыту әдістері

Қарастырылытын сұрақтар:

Бағдаралды дайындық - мектептің негізгі сатысының 9-сыныбында окитын оқушыларға жалпы білім алуды аяқтау бойынша өз таңдауларын жасауға мүмкіндік беретіндей педагогикалық, психологиялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жүйесі. Онда атқарылатын негізгі жұмыс - не мектептің жоғары сатысында, не бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында оқуларын жалғастыру үшін қажетті таңдау жасауға қатысты ақпараттар мен бағыт-бағдар беру [3].

Сонымен бағдаралды дайындық:

- оқушылардың өздерінің біліми және өмірлік жоспарларын жасау қажеттіліктерін өзектілеңдіреді;

- білімдік және өмірлік жоспарларын оқушылардың өздерінің анықтау процесін ақпараттық базамен қамтамасыз етеді:

- іс-әрекеттердің әр түрлері бойынша оқушылардың аз да болса тәжірибе жинақтауларына мүмкіндік жасайды.

Тандау курстары сабақ, практикалық сабақ және т.с.с. әртүрлі формада ұйымдастырылуы мүмкін және оларға мынандай талаптар қойылады:

- олар қысқа мерзімді (l айға, 1 тоқсанға немесе жарты жылға арналған) және екі сағатқа негізделген болуы тиіс:

- ұсынылатын курстар саны тандау жасауға мүмкіндік беретіндей көп болуы керек;

- курстардың мазмұны 1) оқу пәндері бойынша кеңейтілген мәліметтерден және 2) берілетін қандай да болмасын бағдар бағдарламасын меңгеру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдерімен таныстыратын материалдардан тұрады. Сонымен бірге бұл курстардың мазмұны мектептік бағдарлама шеңберінен тыс материалдарды қамтиды (мысалы, құкық тарихы, математикалық статистика элементгері, журналистика және т.б.).

Бағдаралды дайындық курстарын пәнге бағдарланған және пәнаралық деп екі түрге бөлуге болады. Оқушылардың өздерінің білімдік траекторияларын жобалауларына психологиялық­педагогикалық тұрғыда көмек көрсету жұмыстары:

- оқушылардың қандай да бір іс-әрекетті игеру қабілеттерін, үмтылушылықгарын, айқындау бойынша ұйымдастырылатын іс-шараларды қамтитын диагностикалық блоктан;

- тандау курстарын меңгерту барысында оқушылардың жеке жетістіктерін бағалайтын мониторинг блогынан;

- таңдау курстарын меңгеру мен ақпараттармен жұмыс істеу бойынша тапсырмаларды орындау нәтижесіне негізделген топтық және жеке рефлексия ұйымдастыруды, оқушылардың қалауымен ұйымдастырылатын диагностика мен мониторинг нәтижелеріне негізделген жеке консультацияларды, өзін өзі презентациялау, өзін өзі талдау, еңбекті ұйымдастыру, дайындықтың болмауынан пайда болатын проблемаларды жою тәсілдерін оқушылардың игеруін мақсат ететін топтық тренингтерді қамтитын жұмыстар блогынан тұрады.

Осындай жұмыстардың нәтижесі ата-аналарға өздерінің балаларының бағдаралды дайындықтары шеңберінде мектеп тарапынан сапалы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды және оқушылардың болашақ бағдарын тандауын негіздеуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Бағдаралды дайындықты ұйымдастыру бір ғана білім беру ұйымының шеңберінде, жалпы білім беру ұйымдарының торабы шеңберінде, білім беру ұйымдарының шеңберінде жузеге асырылады.

Осындай ұйымдастыру модельдері жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9- сыныпарында оқитын оқушылардың санына, сол оқу орындарының орналасу ерекшеліктеріне қарай тандалады. Дегенмен олардың әрқайсысының ұйымдастырылуына қарай артықшылықгары мен кемшіліктері де жоқ емес. Олардың соңғысын тек ірі қалалар жағдайында ғана жүзеге асыруға болады. Ал ауылдық жерлерде бағдаралды дайындықтың бірінші немесе екінші моделін тандауға болады.

Жеке тұлғаның әлеуметтік- психологиялық дамуына, білім беруді ізгілендірудің құрамдас бөлігі болып саналатын бағдарлы оқытудың көмегі зор.

Лекция №10

Тақырыбы: Бейінді және қолданбалы (элективті) курстарды оқытатын мұғалімтерге қойылатын талаптар.Тандау курстары. Тандау курстарын ұйымдастыру ерекшеліктері

Қарастырылытын сұрақтар:

Информатика пәнінің мұғалімдері төмендегілерді білуі қажет:

  • әртүрлі объектілерді кескіндеуді, оны салып тұрғызуды, дисплей бетінде іске асыру және олардың динамикалық елестетілуін;

  • есептеу процесін, ақпаратты іздеу жұмыстарын автоматтандыру және көрсетілген оқытылған объектілер, құбылыстар, процестер туралы мәлімет жинау;

  • Информатиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды қосымша оқытуды жүзеге асыру;

  • Информатиканы оқытуда оқушылардың білім деңгейін бағалауға қойылатын неГІЗГІ критерийлерін;

  • қолданушының білім, дайындығын бағалауға арналған компьютерлік тестік және диагностикалық әдістерді қолдана білу;

  • Сонымен қатар, Информатика пәнінің мұғалімдерді өзінің кәсіби қызметінде келесі негізгі бағыттарды бөліп алуға болады:

1. Информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиядың педагогикалық

мақсаттары:

- қолданушы мен ақпараттық және коммуникативтік құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

- оқытылу ақпараттының компьютерлік көзге елестетілуі;

- ақпаратгық әдістемелердің оқыту процесін үйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

2. Жергілікті және жалпы тораптағы ақпараттық қарым-қатынас.

3. Әдістемелік практиканың қолданылуы, соның ішінде, Информатикалық ақпаратгық жүйелері.

4. Электрондық құралдардың құрылымын, қолданылуларын, жобалауы және бағалануын, мазмұндық-әдістемелік құндылығын білу.

5. Электронды-есептеуіш техниканың, ақпараттық және коммуникациялық құралдардың әдістемелік - эргономикалық шарттары.

6. Тестік, диагностикалық әдістемелердің компьютерлік қолданылуының ерекшеліктері, оның оқушылардың білім деңгейін бағалауы, анықтауы, сонымен бірге бақылауы және өз білімін бағалауы. Бұл бағытта білім беруді сапалы түрде жүзеге асыру үшін блокты қ­модульдік программаны енгізу керек. Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтердің көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқушылар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде Информатика пәнін игере отырып жаңа білімдерді өздігінен меңгерді. ЖАТ-ды пайдалануда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушілік логика жүзеге асырылады, мектептегі сабақтар жаңаша үйымдастыралады, мұғалімнің қызметі мен рөлі' өзгереді. Информатика сабағында компьютерлік оқыту бағдарламалары Информатикалық үрдіске сергек қатысуға, компьютер көмегімен мәселені шешуін іздеуге ұмтылысын оятады. Информатиканы оқытудағы компьютердің қызметтері мынадай: жаттығуларды орындау; электрондық тақта, модельдеу, зерттеу, басқа пәндер курсындағы Информатикалық есептеулер.

Информатикадан компьютерлік оқыту бағдарламаларын бес топқа бөлуге болады:

1. Жекелеген тақырыптар бойынша үйретуші-бақылаушы бағдарламалар

2. Ақпаратгық-анықтамалық жүйелер

3. Құру мен есептеу тапсырмаларын шешу

4. Құрастырушы бағдарламалары

5. Зерттеу бағдарламалары

Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігі арттырып қана қоймай, ойлау жүйесіне қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. «қазіргі заманда жастарға байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпақтың технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оқу процесінің негізгі компонентерінің бірі - оқыту нәтижесін бақылау немесе тексеру.

Бақылаудың мынадай негізгі функцияларын ерекшелеуге болады:

  • білімді көтеру процесін басқару: бақылау нәтижесіндегі қателерге талдау жасау, мазмұнға және оқыту процесінің әдістеріне өзгерістер енгізу және жеке білімін тексеріп үйренуге мүмкіндік береді;

  • қызығушылықты анықтау және тәрбиелеу: оқыту нотижесіцдс бақылауды дұрыс ұйымдастыра білу, оқушылардың бойында жауапкершілік, үлкен нәтижеге деген талпыныс тудырады;

  • оқыту және өріс алу: іс-шараға бақылау жасау нәтижесінде, мұғалім тек қатені тауып қана қоймай, окушыға дұрыс нәтиже табуға көмектеседі; оқушының жеке басының қасиеттері өріс алады - тәуелсіздік, тазалық, жетістікке деген талпыныс.

Бақылау процесінде талап ету нәтижесінде объективтілікке, ашықтылыққа және жүйелілікке қол жеткізуге болады.

  • Бақылау объектілігі тапсырма мен жұмыстар сұрақтары оқу материалының мазмұнына сәйкес келуі керек; оқушыларға баға критерийі оқушының жеке ерекшелігене сай болуы керек; барлық оқушыларға қатынас достық дәрежеде және бірдей болуы керек.

  • Бақылау ашықтылығы оқушыларды бағалау, әрбір оқушыға бұрыннан белгілі және бірыңғай баға критерийімен бағалануы тиіс.

  • Бақылау жүйелілігі оқу процесіне сай оның үздіксіздігін береді.

Оқыту кезеңінен тәуелді кіріс, аралық, тексеру және қорытынды бақылауды ерекшелеуге болады.

  • Алдын-ала кіріс бақылау оқушылардың дайындық деңгейін және оқыту процесінің ішкі дифференциациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бақылау түрінің информатика курсы үшін актуальды ерекшелігі, бұл жерде практика жүзінде окушылардың бәрі бір сыныпта дайындала алады.

  • Жеделдетілген кіріс бақылау әрбір сабақтың басында орындалады. Ол материалды алдын ала оқып қойған оқушылар үшін, сабаққа деген өздерінің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

  • Аралық бақылау әр сабақтың «ішінде» орындалады. Оқушылардың активті болуына көмектеседі, оқытудың интерактвтілігін қамтамасыз етеді, көңіл бөлудің керекті дәрежесімен қамтамасыз егеді.

  • Тексеріс бақылау әрбір сабақтың соңында орындалады. Берілген сабақтың оқыту мақсатына жеткендігіне, оқушылардың сабақтың мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

  • Тақырыптық бақылау бір тарауды аяқтау барысында орындалады. Ол оқушылардың білімін және игергенін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Қорытынды бақылау бір курстың біту барысында орындалады. қорытынды бақылаудың нәтижесі әр мұғалімнің мамандық дәрежесіне тәуелді болады.

Бақылау формалары әр түрлі болып келеді:

  • әңгімелесу;

  • экспресс-сұрау;

  • бақылау жұмысы;

  • сұрау парағы бойынша есептеу;

  • тестілеу (компьютерлік);

  • шығармашылық жұмыс және Т.б. ,

Тексеріс, тематикалық және қорытынды бақылау формаларының актуалдысы болып тестілеу табылады. Педагогикада тест деп стандартталған тапсырма, игерген білім нәтижесін алу болып саналады.

Педагогикалық тест тест формасының тапсырма бөліктерінен тұрады, келесі негізгілерге көңіл бөлеміз:

1. берілгендердің ішінен дүрысын табу тапсырмасы;

2. ашық жауап тапсырмасы;

3. ұқсастарға тоқтау тапсырмасы;

4. дұрыс жауапқа тоқтау тапсырмасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]