- •Лекция №1
- •Лекция №2
- •Лекция №3
- •Лекция №5
- •Лекция №7
- •Лекция № 11
- •Лекция № 12
- •Лекция №13
- •Оқытудың экрандық құралдары;
- •Оқытудың дыбыстық құралдары;
- •Оқытудың экрандық-дыбыстық құралдары.
- •1. «Алгоритмдеу негіздері» бағдарлы курсы
- •2. « (Basic, vBasic) программалау» бағдарлы курсы
- •3. " Компьютердің архитектурасы және операциялық жүйе " бағдарлы курсы
- •4. «Алгоритмдеу және программалау тілдері» бағдарлы курсы.
Лекция №3
Тақырыбы:Бейінді оқытудың отандық және шетелдік тәжірибесі Қарастырылытын сұрақтар:
1.Бейінді оқытудың әлемдік тәжірибесі
2.12 жылдық мектепте информатиканы оқыту құрылымы
Әлемнің Германия, Ақш, Франция, Англия, Жапония, Швейцария т.б. сияқты дамыған елдердің бәрінде орта мектеп 12 немесе 13 жылға дейін созылып, соңғы 2-3 жылда міндетті түрде бағдарлы оқыту жүзеге асырылады. Осы елдердің барлығында оқушыларға жалпы білім негіздерін бере отырып, бағдарлы оқыту сатысында олардың әрқайсысының жеке интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттеріне, рухани сұраныстарына бейімдей отырып, даралап, жеке білім бағдарламаларымен оқыту тәжірибелері қазіргі заман талаптарына бірден-бір лайық жүйе болып, өз нәтижелерін беріп отыр. Сондықтан 12 жылдық орта мектеп жүйесіне көшу кезеңінде осы елдердің сан қырлы тәжірибесін зерделеп, өз білім жүйемізді ұтымды пайдалануымыз қажет.
12 жылдық мектептегі бағдарлы оқыту бәсекеге қабілетті жастарды мынадай мақсаттарды шешуге көздейді:
Оқушыларға бағдарлы оқытудың бір бағыты бойынша білім меңгерту;
Өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік, кәсіптік өзін-өзі анықтайтын білімін жетілдіруге арналған құзыреттерін қалыптастыру;
Мамандықты саналы тандауға жағдай тудыру;
Оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім мазмұнын саралау, жеке оқу бағдарламаларын құру т.с.с.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия, Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді. Осы орайда «Білім беру реформасы табысының басты өлшемітиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтыц маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын Елбасымыз өзінің Жолдауында.
Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді ақпараттандыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған.
10-11 сыныптарда оқушылар көлемі және мазмұны бойынша сараланған, қызығушылықтары мен кәсіптік даярлыққа дейінгі бағыттарына қарай информатиканың кәсіптік курстарын оқу қажет. Кәсіптік оқыту оқушылардың базалық курс бойынша толық меңгерген білімдеріне негізделген. Оларға информатика пәнін оқыту 1985 жылдан бастап: 10 сыныпта 1 сағат, 11 сыныпта 2 сағаттан оқыту енгізілген. Бұл мақсатта Мемлекеттік стандарттың 7-11 сыныптарда информатиканы оқыту курсы білім, мәдениет және денсаулық министрлігі бұйрығымен 1998 жылы 21 тамызда №465 бабында бекітілген, онда арнайы бөлек компонент көрсетілген - ол 7-9 сыныптарда базалық курстарды өтпегендерге арналған 10-11 сыныптар үшін стандарт пен бағдарлама.
Соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша базистік оқу жоспары, ал 2000 жылы Мемлекеттік білім беру стандарты қабылданып, оқу процесіне енгізілді. Осы құжаттарға сәйкес жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту құрылымы төмендегідей белгіленді:
Проnедевтuкалық кезең (I - VI сыныптар)
Базалық курс (VII - IX сыныптар)
Міндетті (Х-ХІ сыныптар)
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді:
Бірінші кезең (ІІ-V сыныптар) - пропедевтикалык; Бұл кёзеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа да пән сабақтарында қарапайым компьютерлік тренажер программалары мен дамытушы компьютерлік ойындарды пайдалану процесінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру үрдісі қарастырылады.
Екінші кезең (VІ-Х сыныптар) - оқушыларға информатикадан берілетін міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Бұл курс оқушыларды информатикаға дайындауда жалпы білім беру типологиясымөн қамтамасыз етеді және информатиканың теориялық негіздерімен таныстырады. Ол оқушылардың есеп шығарудағы ақпараттық технология құралдары мен әдіс-тәсілдерін меңгеруге, компьютерді өзінің оқу іс-әрекетінде, одан кейін кәсіби әрекетінде саналы да тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Бұл курста оқушылар даярлығының міндетті минимумы қамтамасыз етіледі. "Информатика" пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтары және жүйелі ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, қайталану), телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
Үшінші кезең (ХІ-ХІІ сыныптар) - білімді информатика облысында бағдарлы (профильдік) оқыту ретінде жалғастыру. Мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Бұл кезеңде оқушылардың сұранысына, қабілетіне, бағдаралды бағыты мен қызығушылығына байланысты білім мазмұны мен көлемі сараланып беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі және информатика саласына кәсіпалды даярлық жасалады. Бұл атап айтқанда, математика мамандығына бағытталған кластар мен мектептер үшін программалау мен есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшін эксперимент мәліметтерін өндеу, компьютерді модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептері үшін ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған есептерді шығару, ақпараттық технологияны қолдану іскерлігін қалыптастыруға бағытталған курс болып табылады. Мысалы, оқушы жаратылыстануматематика бағыты бойынша оқыса, онда программалау тілі терендетіліп оқытылады. Сонымен қатар, «Дербес компьютерді пайдаланушы», «Компьютер және іс-қағаздарын жүргізуші» және т.б. енгізілген курстар бойынша оқытылады.
Лекция №4
Тақырыбы: Бейінді оқытатын жалпы білім беретін мекемелердің модельдері.Бейіндеу және бейіндеу құрылымының мүмкін болатын бағыттары
Қарастырылытын сұрақтар:
Бейінді оқытатын жалпы білім беретін мекемелердің модельдері
Бейіндеу құрылымының негізгі бағыттары
1. 12 жылдық мектепке енгізілген бағдаралды және бағдарлы дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби қызметін саналы да жауапты тандауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әлеуметтендіру мүмкіндігін кеңейтеді. Әлеуметтендіру нәтижесі - қазіргі нарық жағдайы мен өзіне өмірлік жолын модельдеу мүмкіндігінде белсенді икемділік таныта алатын, әлеуметтік тәжірибе негіздері мен адамзаттық қатынастар мәдениетін игерген мектеп түлегі. Бағдарлау (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін ескере отырып, үшінші кезендегі бағдарлы оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары мен типтері бойынша қарастырылады:
Бір бағдарлы мектеп - бір бейінді оқытуды іске асыру.
Көп бағдарлы мектеп - бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бағдарлы оқыту сыныптары.
Өңірлік ресурстық орталық - материалдық және кадрлық әлеуеті
жеткілікті, бағдарлы оқытуды жүзеге асыруға ынталы, басқа мектептер оның ресурсын бағдарлы оқытуға пайдалана алатын білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО (жоғары оқу орындары), колледждер немесе өзге де білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.
Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық - айналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бағдарлы оқытуды қамтамасыз ете алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.
5. Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстық БАИ жанынан ашылған бағдарлы мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
12 жылдық білім беруде бағдарлы оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Өзін таныта білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беруде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясын қолдану.
12 жылдық білім беру қарсаңында информатика пәнін меңгерту.
Жоғарғы сыныптардағы негізгі мектепті бітірушілерді жан-жақты зерттеп, жұмыстар жүргізе отырып, бағдарлы сыныптарға іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Бағдарлы білім беру арқылы жаңа білім мазмұнына тәжірибені енгізу, жүзеге асыру.
12 жылдық білім беруде оқытудың жаңа оқыту әдістемесін енгізу арқылы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жоғары мамандар дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
12 жылдық білім беру қарсаңында мұғалімдердің кәсіби құзырлығы дамиды.
Оқушылардың білім реформасына көзқарасы айқындалады.
Мұғалімдер оқытудың жаңа әдістемесін енгізу арқылы біліктілігі мен қабілеттілігін жетілдіреді.
Бағдарлы оқыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жандандырылады.
Мектептегі бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің шығармашылық деңгейі жоғарылайды.
Оқушылардың кәсіптік бағдары анықталып, қоршаған ортаға баланың көзқарасы бейімделеді.
12 жылдық білім беру жүйесіне өту қарсаңында пән мұғалімдерінің сұраныстары толық қанағаттанды рылады.
2. Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2002 жылы) және онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.
Жалпы білім беретін мектептерге мұндай білім мазмұнын енгізгеннен кейін, информатика пәніне келесі мақсаттар қойылады:
1. Ғылыми дүниетанымның негізін қалыптастыру. Мұнда ақпаратты ғылымның негізгі үш ұғымының бірі ретінде ой түйсіндіру керек.
2. Ақпаратпен жұмыстың жалпы білім және жалпы мәдени іскерлігін қалыптастыру. Мұнда ақпарат көздерін дұрыс пайдалана білу, ақпарат нақтылығының бағасы, ақпарат пен білім қатынасы, ақпараттық үрдісті дұрыс ұйымдастыра білу, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау қарастырылады.
3. Оқушыларды келешек мамандық әрекетінің өзгеруіне және экономикадағы ақпараттық сектордың өсуіне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен айналысатын әрекеттің әр түрлеріне дайындау қажет. Бұл ақпараттық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеру болып табылады.
4. Үздіксіз білім беру жүйесіне өтудің шарты ретінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру.
Мұндай дайындықтың қажеттілігі үздіксіз білім берудің ерекшеліктерінен шығады.
Бағдарлы оқыту жаратылыстану-матемаmикалық, әлеуметтік-гумmmтарлық және техникалық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлы оқытудьщ негізгі мақсаты - оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарында дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуын қамтамасыз ету болып табылады.
11-12 сыныптарда "Информатика" пәнін кәсіби бағытта оқытудың мазмұндық желісі жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және техникалық бағыттар бойынша қарастырылған.
• Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстануматематикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп оқытылады.
• Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
• Техникалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылады: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телеКОММУlluкацuялық желі. Мұнда оқу материалдары информатиканың техникалық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жоғарыда аталған мәселелерден информатиканы кәсіби бағытта оқытудың мазмұндық желістері анықталады. Информатика қай бағыт бойынша тереңдетіліп оқытылса, сол бағыттың сағат көлемі арттырылып, соған сәйкес мазмұндары айқындалуы қажет. Мысалы, физикаматематика бағытындағы арнайы мектептер үшін «Есептеуіш математика және программалау», ал жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша «Ақпараттық модельдеу» курстары оқытылатын болады. Мұндай курстар информатиканың «іргелі» ғылым екендігін дәлелдейді.
Сонымен, жоғарыдағы аталған мәселелерден мынадай қорытынды шығарамыз:
- информатиканы бастауыш сыныпта оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру;
- информатиканы орта буында оқыту арқылы оқушылардың алгоритмдік-логикалық, ақпараттық ойлау қабілетін дамыту және ақпараттық күзырлығын қалыптастыру;
- информатиканың кәсіби бағыттарын оқушының таңдауына қарай саралап оқыту арқылы кәсіби дайындықтарына компьютерді және телекоммуникацияны жан-жақты қолдануда ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
