Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

Лекция №1

Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында жүргізілетін арнайы дайындық (бейінді оқыту) жүйесі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.12 жылдық білім беру жүйесіндегі бағдарлап оқыту мәселелері

2.12 жылдық білім беруге көшуде бағдарлы оқыту моделі

Қазақстанда бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, барлық посткеңестік елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір, бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру дамытушылық технологиясы және т.б. спектрлардың кеңейуімен ерекшеленді. қазақстанда бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептергнін даму тұжырымдамасында (1996 ж), жалпы орта білім берудің мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж) көрініс тапты. Сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы орта білім (толық) беретін мектептердің жоғары сатысында аяқтауды анықтады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын ескеру саралап жіктеу негізінде: жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық-эстетикалық және кәсіптік-техникалық бағыттар бойынша ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылардың белгілі таңдау деңгейін қалыптастыруда таңдалған білімді іріктеу мен игеру мүмкіндігін қамтамсыз ету және оқу процесіндегі таңдау құқығы «білім беру мазмұнын гуманизациялау мен даралау қазіргі мектептегі шешімді бетбұрысқа» талаптануын көрсетті [1].

«Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бағдарлы оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру» қажеттігімен түсіндіріледі. қазақстандағы бағдарлы оқыту идеясын жүзеге асырудың екінші кезеңі қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты «Негізгі ережелер» ҚР МЖБС 2.003. - 2008 енгізумен байланысты [2]. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылындағы қазақстандағы бағдарлы оқытудың ұйымдастырудың негізі болып есептелді. 2 жыл (10-11 сыныптар) оқытудың нормативтік мерзімімен анықталған. Бағдарлы оқытудың ( міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды. Бағдарлы оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру, сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес іске асырылады. МЖБС 2.003. - 2002 сәйкес 10-11 сыныптардағы бағдарлы оқыту қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша әзірленеді. Осындай сипатта ұйымдастырылатын бағдарлы оқыту бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары білім алуды қарастыратын болады.

Бүгінгі күнде қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бағдарлы оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу­әдістемелік кешендері дайындалды. Республиканың педагогтары инновациялық қызмет жағдайында 10-11 сынып оқушыларының бағдарлы оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. МЖБС 2.003. - 2002 мазмұнының қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен ара қатынасын, әлеуметтік тәжірибенің дамуын ескере, қоғамдағы жаңа құндылықтарды, жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей, 12 жылдық білім беруге көшуде бағдарлы оқыту моделін құрастыруға қажетті, төрт ұстанымды көрсету маңызды:

- Бағдарлы оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет.

- Бағдарлы оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби бағдарламаларын жетістікпен игерудегі даярлығын жатқызуға болады.

Бейінді білім беру жүйесі - жоғарғы сыньш оқушыларына арналған мемлекетпк және қоғамдық мүдделерге, жеке түлғанын мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлем-дік ағымдарға сай келетін оқьпу үрдісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы. Бағдарлы оқьпу жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясатының негізін құрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған. Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады: - оқу орындарын әртүрлі типтер бойынша бөлу;

Бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу; сыныгтгарды бейінді топтарға бөлу. Көбіне «аға» мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшелінеді. Мысалы Францияда-лицей, Германияда -гимназия, АҚШ-та - «жоғарғы» мектеп.

Оқу орнының ішінде оқытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген ел­дерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің l-сыныбынан бастап б-сыныбы бойынша барлық оқушылар жалпы түрде бірдей дайындық алады, 7-сьшьmтан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғастырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академиялық және көбіне қолданбалы және бағдарлы пәндерден түратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқыту жүргізілетін кәсіби [4].

Бөлшектеп саралау және әртарагпаңдыру идеялары топтық оқытуды ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойынша ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (Ақш); оқушыларды қабілеттері, мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламаларының деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және т.б.

Бағдарлы дайындықгы үйымдастыру білім алушының жеке оқу жоспарын қалыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын көптеген курстарды жинақгау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ және т.б.). Әдетте, мектеп окушылары (кредитгердін) ұзақгығы бір семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстарының) саны негізгі мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда «аға» мектепте оқу бағдарламаларының екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА жүйесі қолданыста, оның шеңберінде оқу пәндері П - кәсіби курс, Р - кеңейтілген курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте міндетті және таңдап алынған бағдарлы пәндердің көбісі жоғары деңгейде оқытылады [4]. Жоғары бағдарлы мектепті аяқтағаны туралы дипломдар (куәліктер), әдетте, жоғары оқу орындарына (медициналық және әскериден басқа) емтихансыз түсу үшін негіз болып табылады және оқушылар игерген бағдарламаларға және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты әртүрлі деңгейлік болып табылады.

Бағдарлы оқытудың шетелдік жүйелеріне жүргізілген талдау бағдарлы оқытудан өткен мектеп окушыларының үлесі жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр (қазіргі уақытта кемінде 70%), ал ол өз ке-зегінде бұл жүйенің кажеттілігін және оның оқушылардың сұраныстарына сай келетінін көрсетіп отыр.

Қазақстаннын тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағытталған жүйені құрудың орасан зор мәні бар.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы және орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыруды 12 жылдық білім беру негізінде жүзеге асыруға болады.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық­педагогикалық институт ретінде қалыптасуы. 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынана тұрады. Бүгінгі күні осы құрылыммен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

- Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық деңгейінде, соның ішінде-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастыру қажет.

- Бағдарлы оқыту моделі оқу орындары моделдергнін деңгейінде білім беру вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сынып педагогы инновациялық қызметін одан әрі даму қажеттілігін алдын-ала ескеру керек.

Еліміздің жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Сондықтан біздің алдымызда білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздерін дәлелдеп, дәйектеу, елбасының қазақстан халқына жолдауында айқындалған басымдықтар бойынша іс-шараларды жүзеге асыру сияқты маңызды істер тұр. Егер ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және Ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.

Бұл тұжырымдама қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]