Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МК-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.58 Mб
Скачать

600 Мың шаршы метр матадан 170 мың метртігін өнімдері алынады.

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдардағы алынған шитті мақтаның өнімі (мың тонна)

Аудан, қала аттары

Жылдар

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Арыс

2,4

1,9

0,1

1,2

0,5

0,5

0,7

1,1

2,8

7,3

5,4

Бәйдібек

0,2

0,4

1,0

0,8

Мақтаарал

174,3

131,8

149,7

169,5

159,4

168,9

124,7

184

192,8

244,5

216,2

Ордабасы

20,4

18,7

18,2

12,0

6,4

7,6

8,2

14,8

16,5

21,6

19,4

Отырар

0,5

0,16

0,2

0,4

1,3

2,5

14,3

11,2

Сайрам

0,09

0,16

0,2

0,3

0,2

Сарыағаш

14,2

10,1

8,8

10,8

4,5

4,7

4,7

3,5

8,0

18,4

17,0

Шардара

7,2

7,7

5,2

5,1

1,2

3,0

9,8

22,6

41,8

66,6

52,1

Түркістан

27,8

25,8

25,0

23,3

10,4

12,9

13,0

21,6

22,0

40,4

37

Шымкент

0,2

1,0

0,6

Кентау

0,3

0,2

Қазығұрт

0,8

Облыс бойынша

246,5

196,3

207,9

223,0

182,8

197,8

161,6

249,4

287,2

416,5

360,1

* Қазақстан тәуелсіздік жолында.Ақпараттық талдау жинағы // ҚР статистика агенттігі

Осының бәрі 4 -5 жыл аралығында мақта талшығын тереңдете қайта өңдейтін бірқатар орын ашылады деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Егер де әрекеттегі мекемелер шаммамен 20 мың тонна мақта талшығын тереңдете қайта өңдейтін болса, онда қалған бөлігін, яғни 80 мың тонна мақта талшығын қайта өңдеу үшін шамамен оннан кем емес мақта тоқыма өндірісі орнын салу қажет. Бұл кәсіпорындар шитті мақтаның үштен бір бөлігі өндірілетін Мақтаарал ауданында салынуы қажет.

Мақтаарал деген сөзді естігенде көпшіліктің ойына 250 мың тонна төңірегінде шитті мақта өндіретін,ауқымды мөлшердегі жеміс – жидек ,көкөніс жалпы алғанда витаминдерге бай Қазақстанның ең жылы өңірі еске түседі. Ал қазіргі таңда Мақтааралдықтардың жағдайы ауыр болып тұр.Оның себебі 1998 жылдан бері жылдан жылға өршіп келе жатқан көсек құртында. Бұл құрт мақта көсектерін тесіп жеп,мақтаның өнімділігін күрт төмендетіп жіберді. Өткен жылы әрбір гектардан алынған өнім көлемі,әрбір шаруашылықта 6 – 10 центнердің төңірегінде болды. Оның үстіне шитті мақтаны өңдеуші кәсіпорындардың сатып алу бағасы шитті мақтаның тоннасына 35 – 45 мың тоннадан көтерілмеді. Ал 1 гектарға кеткен шығын көлемінің құны 40 – 45 мың теңге көлемінде. [4, 97б]

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдардағы алынған шитті мақтаның өнімі және жалпы өнімнің көлемі

٭Қазақстан тәуелсіздік жолында.Ақпараттық талдау жинағы // ҚР статистика агенттігі

Не істеу керек? Көсек құртынан қайтсе құтылуға болады? Мақта өнімділігін қайтсек көтереміз?

Міне осы сауалдар шаруалармен,кәсіпкерлердің жатса да тұрса да ойында.

Мақта терімі кезінде Мақтаааралға арнайы барған вице премьер А. Есімовтың әңгімелері қазіргі кезде ұсақталып кеткен шаруа (фермер) қожалықтарының құрылымдары тиісті агротехникалық және агрохимиялық шараларды жүйелі түрде қолдануға мүмкіндік бермейтіндігі туралы несие алуы, суды тиімді пайдалануды, жер құнарлығын сақтау мақсатында ауыспалы егісті ендіруді және тағы басқа проблемалармен олардың шешімдері туралы болды.

Шынында да шаруалар ұсақтанбай ірі–ірі кооперацияларға немесе басқа құрылымдарға бірігіп соңынан ассоцияция турінде жұмыс істесе жоғарыда айтылған « көсек құрт » проблемасыда өз - өзімен жоқ болып кетері сөзсіз. Жалпы алғанда мақта өндіруде әрбір агротехникалық, агрохимиялық шара ғылыми негізде білікті мамандар арқылы орындылады. Мақта зиянкестерімен күресу диқандардан біліктілікті талап етеді. Қазіргі кезде 3 – 4 гектарға мақта егетін диқан өзін өзі бастық, өзі агроном, өзі есепші бірақ ең бастысы ол ауыл шаруашылығы мен нарық элементтерімен жұмыс істейтін маман емес.Сондықтанда диқандардың бірігіп жұмыс істеуі Қазақстан экономикасын мақта кластерлік жүйелер арқылы қалыптастыруға қолайлы болып келеді.

Мақта– кластері деп біз шитті мақтаны өндіріп оны тереңдетіп өңдеу арқылы бәсекелестік қабілетті ,күшті тауарлар шығаруды оларды тиімді сату жұмыстарын қамтитын салалардың біріккен жиынтығын түсінеміз.

Лекция 3.

Табиғи тоқыма шикізаттарының бірі мақта талшығының даму тарихы, түрлері алыну мен қолданылу ерекшеліктері

Мақта дегеніміз – мақта өсімдігінің ұрығын ораған талшықты атаймыз.

Мақта өте ертедегі мәдени өсімдік. Ол туралы алғаш мағлұматтар Индия, Египет, Қытай, Америка сияқты ерте елдерден кездеседі. Жақында орта Азиядағы ерте қаланың бірін қазу барысында ғалымдар таңқаларлық затқа тап болды, ол – мақтаның қалдығы, оның жіптерінің талшықтары қысқа талшықты мақтаның сортынан. Мамандардың қорытындысы бойынша мақта осыдан 4- мың жыл бұрын өндірілген. Дүние жүзі бойынша мақтаны 80 ел өндіреді. АҚШ, қытай, Үндістан, Египет ,бразилия, Пакистан, Мексика.

Барлық мақтаның түрлері госсипиум деп аталған ботаникалық түрге кіретін мальваниялық әулетіне жатады. Өзінің табиғаты бойынша мақта – көпжылдық өсімдік, ол көбінесе қысқа формалы болып, бірінші жылдың өзінде-ақ өнім береді. Сыртқы көрінісі бойынша мақта өсімдігі ( қоза) биіктігі шамамен 0,7-1,5 метрлік бұтақ шырмақталынған тәріздес. Бұтақ – ең басты пішіннен орналасқан негізгі сабақтан , негізгі сабақ өсу және жеміс сабақтарынан тұрады. Бұтақтарда жапырақтар мен гүлдер, гүлдерде мақта көсегі дамиды.

Бұлар:

  1. Госипиум хирзутум ( талшықты немесе сабалақ түрі)

  2. Гоосипиум барбадензе ( достық түрі)

  3. Госипиум арбореум ( ағаш түрі)

  4. Гоосипиум хербоцеум ( шөп түрлі талшық мақта)

Госипиум хирзутум орта талшықты мақта. Талшығының орташа ұзындығы 28-36 мм, ал қалыңдығы 0,22-0,27 Т (текс).

Гоосипиум барбодензе жіңішке талшықты мақта. Талшығының орташа ұзындығы 36-50 мм, ал қалыңдығы 0,12-0,17 Т(текс)

Мақта өсімдігінің көптеген жіңішке талшықты сорттары ұрық қабыршағымен қамтылмайды. Көсектер тігінен орналасқан сабақтан шығатын жапырақ беретін бұтақтарда ораласқан. Талшықты қауашақтан тазартылған тұқыммен біріккен мақтаның шикізаты және тұқымнан тазартылған талшық-талшықты мақта, дәлірек техникалық терминология бойынша мақта деп аталады.