- •Лекция 1. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен мазмұны. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті тарихына қысқаша шолу
- •Қазақстан Республикасындағы тоқыма және жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма кластерінің дамуы және қазіргі кездегі жағдайы
- •600 Мың шаршы метр матадан 170 мың метртігін өнімдері алынады.
- •Мақтаның түрлері
- •Мақта талшығының өндірілуі
- •Шитті мақта
- •Талшық шит линт талшықты қалдықтары
- •Сурет. С-6524 селекциялық сорты
- •Сурет. Б-6 селекциялық сорты
- •Жүннің жіңішкелігі бойынша топтары, қой тұқымдары, олардың жүннен сипаттамасы
- •Қырқым мезгілі бойынша қой жүнінің түрлері.
- •Лекция 9.10. Жібек талшығының даму тарихы мен, деңгейлері, түрлері, қасиеттері мен қолданылуы және одан алынатын бұйымдар Жоспар
- •Жібек талшығының шығу тарихы
- •Жібектің даму деңгейлері түрлері, қасиеттері мен қолданылуы
- •3. Жібек құртары және оларды алғашқы өңдеу.
- •Лекция 11,12 Дөрекі сабақты талшықтар, олардың даму тарихы, түрлері, алынуы, қасиеттері мен қолданылуы
- •Зығырды егу, жинау және бастыру
- •Дөрекі сабақты талшықтардың түрлері
- •Дөрекі сабақты талшықтардың құрылымы мен құрылысы
- •Лекция 13,14. Химиялық талшықтардың даму тарихы, классификациясы, түрлері мен қолданылу.
- •Кастюм және ұлттық кастюм тарихы, түрлері мен қолданылуы Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Кілемдердің түрлері мен шығу тарихы, және дайындалуы
Лекция 1. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен мазмұны. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті тарихына қысқаша шолу
«Мамандыққа кіріспе» пәнiнiң мақсаты студенттердің “Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы” мамандығы пәндерінің бастамасы болып санала отырып, табиғи және химиялық талшықтардың шығу тарихы мен өңдейтін өндірісінің даму жолдарындағы шығарманы үйрету, тоқыма материалдары мен техникаларының шығу тарихы туралы жалпы түсінік қалыптасады.
«Мамандыққа кіріспе» пәнiнiң негiзгi мiндеттерi студенттер қазргі таңдағы табиғи және химиялық талшықтары өндірісінің жалпы даму тарихын, соңғы жылдардағы табиғи талшықтардың өркендеуін, олардың соңғы жетістіктері туралы, табиғи және химиялық талшықтардың халық шаруашылығындағы атқаратын ролі және оның алатын орнын, оларға қойылатын негізгі талаптарды, мақта тазалау және тоқыма өндірістеріндегі тоқыма материалдары мен тоқыма машиналарының шығу тарихын жақсы меңгеруден тұрады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, 800 мыңнан аса тұрғылықты халқы бар Шымкент қаласында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлы Жібек жолы дамыған аумақ ретінде Қазақстан мен Орта Азия тарихында ерекше орынға ие. Аймақ пайдалы қазба кен орындарына бай, олардың ішіндегі аса ірілері – уран, және фосфорит кендері. Облыста мұнайды қайта өңдеу, машина жасау, фосфор тыңайтқыштары мен тұздарын, құрылыс материалдарын өңдіру, тамақ және жеңіл өнеркәсібі бойынша 150-ден аса ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі аса ірі кәсіпорындар – «Петро Қазақстан ойл продактс» ЖШС, «Оңтүстікполиметалл» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Электроаппарат» ЖШС, «Кентау трансформатор заводы» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және т.б.
ОҚМУ – жоғары және ЖОО-дан кейінгі мамандар дайындайтын өңірлік көпсалалы ЖОО: бакалавриат – 87 мамандық (Білім беру-20, Гуманитарлық ғылым-6, Техникалық ғылым-23, Әлеуметтік ғылым және бизнес-6, Құқық-2, Өнер-10, Жаратылыс ғылымы-6, Қызмет көрсету-8, Малдәрігерлік-1, Ауылшаруашылық ғылымы-5); магистратура – 56 мамандық (Білім беру-9, Гуманитарлық ғылым-5, Құқық-1, Әлеуметтік ғылым және бизнес-7, Өнер-4, Жаратылыс ғылымы-7, Техника ғылымы және технология-19, Қызмет көрсету-4), PhD докторантурасы – 14 мамандық (Білім беру-3, Гуманитарлық ғылым-2, Техника ғылымы-7, Әлеуметтік ғылым және бизнес-1, Жаратылыс ғылымы-1).
13 факультетте 16942 студент, 242 магистрант, 22 докторант білім алады.
Университетте Қытай, Иран, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Түркия және ТМД елдерінен келген 300-ден аса студент білім алады.
84 кафедрада 1540 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғылым докторлары, профессорлар – 123, ғылым кандидаты, доценттер – 681, ҚР ҰҒА академиктері – 4, ҚР ҰИҒА академиктері – 3, ҚР мемлекеттік стипендия иегерлері –8, университеттің 42 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы» атағы мен мемлекеттік гранттар алды. Лекция оқу, мастер-кластар, кеңес және тренинг өткізу үшін университетке жыл сайын алыс және жақын шетелден ғалымдар шақырылады.
Университеттің 17 оқу ғимараты, оның ішінде: 3 спорт кешені, 6 жатақхана, қала сыртындағы оқу-сауықтыру орталығы, 12 спорт залы, жүзу бассейндері, оқу-жаттығу полигоны бар.
Білім беру үдерісі 511 дәрісханада, 124 оқу зертханасында, 55 компьютерлік және 36 мультимедиялық сыныптарда жүзеге асырылады.
Оқу үдерісін басқару мақсатында түрлі есеп үлгілерін құру айқындылығын, құжат айналымының жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін ЖОО ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. «Профессор» ақпараттық білім порталында оқу үдерісі туралы толық ақпарат берілген. Қашықтықтан білім беруге 26 мамандықтан 2987 студент қамтылған. Оқу үдерісінде интерактивтік оқыту әдістерін пайдалана отырып, заманауи оқыту технологиялары, яғни компьютерлік оқыту бағдарламалары, мультимедия технологиялар, видеолекциялар, виртуалды зертханалық жұмыстар, кейс-әдістер қолданылады.
ОҚМУ 7 мамандық бойынша ҚР БжҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің базалық ЖОО-ы болып табылады.
Ақпараттық-білім беру орталығы (АБО) әлемдік ақпараттық кеңістік құжаттары қорына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОПҚ мен студенттерге 15 мамандандырылған оқу залында, 2 электронды-ресурстар орталығында, 8 абонементте қызмет көрсетіледі. Жыл сайын АБО 20 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетеді. Әдебиетпен қамтылу 1 студентке есептегенде 187,5 дананы; оқу әдебиетімен қамту 153 дананы құрайды.
2002 жылдан бастап ОҚМУ-да француз оқу залы жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – француз тілін үйренушілерді оқу құралдарымен, оқулықтармен, видео және аудио материалдармен, францияда білім алу және франция үкіметінің стипендиясын алу немесе «БОЛАШАҚ» халықаралық стипендиясы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы мәлімет алуға көмектесу және қамтамасыз ету.
Университетте «Қазфосфат» ЖШС, «Петро Қазақстан ойл продакт» ЖШС, «Қазцемент» АҚ, «Меланж» ЖШС, «Оңтүстік Мұнайгаз» ЖШС сияқты еліміз бен аймақтың жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында оқу-ғылыми-өндірістік кешендер (ОҒӨК) құрылған. ОҒӨК өндірісте жұмыс істейтін мамандарды тарта отырып, заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалану арқылы кадрлар дайындауды жүзеге асырады.
ОҚМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta) қол қойған (2008ж). Университет ЖОО Еуропалық ассоциациясының (ЕURАSНЕ), Университеттердің Еуропалық ассоциациясының (EURHODIP) мүшесі, «TEMPUS», IAESTE, DААD, IRЕХ бағдарламаларының қатысушысы болып табылады. 2010 жылы университет CENTAURI жобасындағы Эрасмус Мундус бағдарламасы бойынша консорциумға қатысты.
2004 жылы «Рускиий регистр» және IQNet ұйымы сертификаттаған, 2007 және 2010 жылдары қайта сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген.
2004 жылдан бастап ұлттық білім бағдарламаларының халықаралық танылуын, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін күшейту, сондай-ақ білім сапасын арттыру және ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында, мамандар дайындау ісі кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүргізілуде.
Университетте техника, жаратылыс ғылымы және экономика саласындағы 25 мамандық бойынша 146 арнайы пәннен 80 оқытушы ағылшын тілінде сабақ береді.
2008 жылы университеттің инженерлік-техникалық саладағы 7 білім бағдарламасы ASIIN Герман агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өтті, олардың ішіндегі төртеуіне химиядан Еуропалық Ассоциация (ECTNA) «Еуробакалавр» белгісін берді.
ОҚМУ-да Гамбург қолданбалы ғылымдар жоғары мектебімен біріге отырып, магистратураның білім бағдарламасы бойынша : «Жаңартылушы энергия жүйелері – Қоршаған ортаны қорғау техникасы» және «Азық-түлік ғылымы – Тамақ өнімдері технологиясы» атты қос дипломдық екі жоба жүзеге асырылуда. Ресей халықтар достығы университетімен біріге отырып, «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық жобаларды басқару», «Орыс тілі мен әдебиеті» білім бағдарламалары бойынша «ТМД желілік ашық универсиететі» жүзеге асырылуда.
2009 жылы ОҚМУ ҚР БжҒМ ҰАО-дан институтционалды аккредиттеуден өтті.
2010 жылы ҚР БжҒМ ҰАО-ның Ұлттық рейтингінде университет 8 мамандықтан бірінші, 16 мамандықтан екінші, 5 мамандықтан үшінші орын алды. Көпсалалы жоо ретінде 2010 жылы университет Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстан Агенттігінде (БСҚТҚА) 4-ші орынға ие болды.
Университетке 2008 жылы Халықаралық Іскерлік Кеңес тарапынан «ТМД-ның үздік компаниясы» құрмет белгісі берілді.
ОҚМУ бейорганикалық заттар технологиясы, металлургия, химиялық процестер мен аппараттар және тамақ технологиясы, көміртегі шикізатын қайта өңдеу, мұнай химиясы, биотехнология, агротехнология, силикат және құрылыс материалдары сияқты басым ғылыми бағыттарда жылдар бойы қалыптасқан ғылыми мектептері бар ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Университет құрамында экология және өнеркәсіптік биотехнология ҒЗИ, химиялық технология, сәулет және құрылыс ҒЗИ, «Түркітаным», «Археология» және «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді
ҒЗЖ қаржыландырудың жалпы көлемі жыл сайын 150 млн-нан аса теңгені құрайды. Университет ғалымдары ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған, 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы химия өнеркәсібін ғылыми қамтамасыз ету» атты қаржыландыру көлемі 2,083 млрд.теңгені құрайтын ғылыми-техникалық бағдарлама әзірледі.
Университет базасында жыл сайын алыс және жақын шетел ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми конференциялар өткізіледі.
Университетте 11 мамандық бойынша 3 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда университет оқытушылары 143 кандидаттық, 23 докторлық диссертация
қорғады, оның ішінде: 2009-2010 оқу жылында 48-кандидаттық, 6-докторлық диссертация қорғалды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде қаржыландыратын ҒЗЖ жүргізуде студенттер белсене қатысып келеді. Жүргізілетін ҒЗЖ-ның жоғары деңгейі университет студенттеріне студенттердің Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсы мен ҚР Президенті қорының ғылыми жұмыстар конкурсында жетекші орындарды иеленуіне мүмкіндік берді.
Ғылымды нәтижелі басқару үшін Технологиялар трансферті орталығы, Коммерцияландыру кеңсесі, жобалау-конструкторлық бюро, Инновациялық орталығы, бизнес-инкубатордан құралған инфрақұрылым жетілдірілді, олар даму институттарымен («Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Инжинирг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
2008 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен университетте Конструкциялық және биохимиялық материалдардың өңірлік зертханасы жұмыс істейді. Зертхананың зерттеу жабдығының жалпы құны 200 млн-на аса теңгені құрайды.
ОҚО Өңірлік технопаркі инновациялық технологиялардың трансфертіне ықпал ететін, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да қызметтер көрсететін инновациялық инфракұрылымның басты нысаны болып табылады.
Даму институттары және бизнес-ортамен тиімді өзара байланыс жасау маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Университет «Онтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы», «Қазагроинновация» АҚ, «Даму» қоры, «Қазфосфат» ЖШС, «Еурохим» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған, мұнда ғылыми жобалар қаржыландырылып, шынайы өндіріске енгізіледі.
ОҚМУ-да 8 еуропа мемлекетінің қатысуымен INTAS 6-шы рамалық бағдарламасы бойынша «ECOPHOS» халықаралық жобасын орындау аяқталып келеді. Университет Германия, Ресей және АҚШ елдерінің серіктестерімен бірге «Экологиялық мониторинг жүйесін құру және жерді тұрақты пайдалану үшін қоршаған орта туралы ақпаратты басқару» жобасына қатысады.
Университетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесі енгізілген. Түрлі ұлт студенттерінің өзара әрекеттестігі мен мәдениеттерін өзара байытуды дамыту үшін Кіші студенттік Ассамблея кұрылған. Университет студенттері жастар бірлестіктерінің мүшелері бола отырып, Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысып келеді. Шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру үшін қоғамдық кәсіптер факультеті жұмыс істейді. «Жасыл ел» жастар қозғалысы мен студенттік құрылыс отрядтарын дамытуға маңызды үлес қосылды.
ОҚМУ дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығы болып табылады, 44 студент – ҚР спорт шебері, 16 студент – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоо-ның 30 студенті – түрлі спорттан республикамыздың ұлттық құрамаларының мүшелері, 22 студент еліміздін жастар командасы құрамына кіреді. Университет студенттері Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, жүлдегерлері болып табылады.
\
Лекция 2
