ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИБЕТЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АВТОМАТИКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Даярлау бағыты: 5B071800 – «Электрэнергетика»
Қызылорда 2010
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғары кәсіптік білім
РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АВТОМАТИКА
5B071800 – «Электрэнергетика» мамандығы бойынша
75 сағат
Кафедра меңгерушісі________________ «____»____________200___ ж.
(қолы)
Мұнай және газ факультеті факультетінің әдістемелік бюросымен мақұлданады
«____»______________200___ ж. № _______ хаттама
Төраға ________________ «____»____________ 200___ ж.
Түсініктеме жазба
«РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» пәні бойынша 050718 – «Электрэнергетика» мамандығы бойынша және оқу жобасымен сәйкес таңдау циклына кіреді.
Пәннің мақсаты«РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» пәнінің релелік қорғаныспен автоматика жүйесінің энергожүйедегі алатын орнымен оларға қойылатын талаптарды, энергожүйенің режимін басқару және электр энергетикалық жүйелермен тораптардығы апаттық сипаттамасы және себебін, тұтынушыларды электр жабдықтаудың анықтаушы сапасын, көрсеткіштерін, тербелісін, ауытқуы және кернеу несимметриясын, электр жабдықтаудың сенімділігін түсініп оқып- үйрену.
Пәннің міндеттері Электр тораптарымен жүйелерінің құрылымы және олардың негізгі конструктивті орындалуы, сонымен электр энергиясын жеткізудегі көкейтесті мәселелерді және электр техникалық құралдардың параметрлерін анықтау мақсатында лабораториялық қондырғыларда жұмыс жасауды білу; РҚ және А-ң элементтік базасын және өлшеуіш, логикалық, сигналдық және орындаушы мүшелерін білу; апатқа қарсы автоматика, апаттық бүлінулердің дамуының алдын алу, апатқа қарсы автоматиканың қызметтік мақсатымен танысу.
1 Пән мазмұны
1.1 Кіріспе
Электрмен жабдықтау жүйесіндегі релелік қорғаныс және автоматика курсының мақсаты мен мазмұны. Курстың негізгі міндеттері, мамандық даярлаудың ролі. Энергетика жүйелеріндегі автоматика түрлері. Релелік қорғаныстың тағайындалуы. Электр жүйелеріндегі бүлінулермен бір қаліпсіз режимдер. РҚ ж/е А қойылатын талаптар. РҚ жасалуының негізгі ұстамдары
1.2
Релелік қорғаныстың құрылымдық бөліктері мен негізгі элементтері. Релені бейнелеу мен сызудағы қорғаныс сұлбалары. Кернеу және ток трансформаторлары. Релені тоққа және кернеуге қосу әдістері. Ажыратқышқа қорғаныстың әсер етуі. Реленің құрылымдық орындалуының жалпы ұстамдары. Электромагнитті, аралық, көрсеткш, уақыт релелері. Релелік қорғаныстың құрылымдық бөліктері мен негізгі элементтері. Релені бейнелеу мен сызудағы қорғаныс сұлбалары. Кернеу және ток трансформаторлары. Релені тоққа және кернеуге қосу әдістері. Ажыратқышқа қорғаныстың әсер етуі. Реленің құрылымдық орындалуының жалпы ұстамдары. Электромагнитті, аралық, көрсеткш, уақыт релелері.
1.3
Тұрақты және айнымалы оперативті ток көздері. Ток қорғаныс түрлері. Максимал ток қорғанысы, ток кесер, Нөлдік реттіліктік трансформатордың жұмыс жасау принциптері Дифференциальды ток қорғанысы. Қорғаныстың іске қосылу тогын анықтау. Жасалу принциптерімен сұлбалары
1.4
1000в –қа дейінгі және одан жоғары қозғалтқыштар қорғанысы. Олардың жұмыс режимдерінің бұзылуы және бір қаліпсіз түрлері.
1.5
Шалаөткізгіштік және микроэлектрондық техника негізіндегі РҚ аппаратурасы. Шалаөткізгіштік қорғаныс үшін оперативті ток көздері Трансформатормен автотрансформаторлардың жұмысының бұзылуының қалыпсіз емес режимдерінің түрлері
1.6
Трансформатормен автотрансформаторлардың РҚ ж/е А түрлері. Жасалу принциптерімен сұлбалары, тағайындамаларын есептеу Генератордың статор мен ротор бөлімдерінің бұзылуының қалыпсіз емес режимдерінің түрлері. Жасалу принциптерімен сұлбалары, тағайындамаларын есептеу
1.7
Электр технологиялық қондырғылардың қорғаныс түрлері. Бұзылуы қалыпсіз емес режимдерінің түрлері. Жасалу принциптерімен сұлбалары, тағайындамаларын есептеу
1.8
Электрмен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын автоматика түрлері. Жасалу принциптері мен схемалары. Апатқа қарсы автомтика көмегімен апаттық бүлінулердің алдын алу. Оның құрылымы, техникасы, қолданылатын аппаратуралар.
2 Зертханалық жұмыстар тізімі
Ток, кернеу, уақыт, аралық, көрсеткіш релелерін сынау
Ток және кернеу трансформаторын сынау, тексеру
Токты кескіш қорғанысының жұмысын зерттеу
Тәуелсіз уақыт ұстамы бар максимальды ток қорғанысы
Кернеуге байланысты іске қосылатын максимальды ток қорғанысы
Балқылама сақтандырғыштармен автоматты ажыратқыштардың қорғаныстық мінездемелерін тексеру және сынау
Шектеулі тәуелді уақыт ұстамы бар максимальды ток қорғанысы
Бір фазаның жерге қысқа тұйықталу қорғанысы
Желінің бойлық дифференциалды қоранысы
Трансформатордың және шинаның дифференциалды қорғанысы
