- •1.2. Электр құрылғыларындағы бұзылулар мен бүлінулер
- •1.3. Қысқа тұйықталудағы кернеу мен токтың векторлық диаграммасы
- •1.4 Релелердің түрлері
- •2.1 Ненормальды режимдер (нормальды емес)
- •2.2 .Релелік қорғаныс құрылғыларына қойылатын талаптар
- •1.6.Релелік қорғаныстың құрылымдық бөліктері және негізгі элементтері.
- •2.3 .Релелік қорғаныс құрылғыларының түрлері.
- •2.4 .Релелік қорғаныстың сызбадағы сұлбалардың бейнесі.
- •3.1 Рқ құрылғылары түрлері
- •3.2 Сызбадағы рқ-ның схемасы
- •3.3 Оперативті токтың қорек көзі және схемасы
- •Дәріс 5 Ток трансформаторлары және оларды қосу схемалары.
- •Ток трансформаторларының ораулар шығындыларының белгіленуі.
- •Векторлық диаграмма және ток трансформаторы қателіктерінің түрлері.
- •5.3Кернеу трансформаторының релелік қорғаныс және автоматика жүйесіндегі ролі.
- •Релелік қорғаныс құрылғыларында қолданылатын операциялық күшейткіштердің негізгі қосылу сұлбалары
- •ОКда орындалатын қарапайым функциональды элементтер
- •Екі электрлік шамалардың салыстыру сұлбалары жоқ салу керек Дәріс 7 Электродвигательдерді қорғау.
- •7.1. Электродвигательдерді қорғауға арналған негізгі талаптар.
- •7.2. Электродвигательдерді қорғаудың негізгі түрлері.
- •7.3. Асинхронды электродвигательдердің кейбір қасиеттері.
- •Сурет 7.4 Асинхронды электродвигательдің іске қосу тогының осциллограммасы.
- •Сурет 7.5. Асинхронды электродвигательдің айналу моментінің s жылжудан, кернеудің мәні әр түрлі болғанда тәуелділігі.
- •Сурет 7.6. Электродвигательдің біррелелік токтық қимасының схемасы:
- •7.4. Электродвигательдерді фазааралық кз-дан қорғау.
- •7.5. Электродвигательдерді асқын жүктемеден қорғау.
- •Сурет 7.8. Асқын жүктеметың қалыпты ұзақтығының асқын жүктеметың еселенген токқа тәуелділік мінездемесі.
- •Сурет 7.10. Электродвигательді асқын жүктеметан қорғау схемасы:
- •Сурет 7.11. 6,3 кВ өз қажеттігі жүйесіндегі жерге тұйықталудан қорғаудың құрылымдық схемасы:
- •7.6. Электродвигательдерді жерге тұйықталудан қорғау.
- •7.7. Электродвигательдерді кернеу төмендеуден қорғау.
- •Сурет 7.12. Аз кернеуді тұрақты керекті токқа сақтау схемасы:
- •Сурет 7.13. Кері тізбекті кернеулі фильтр – релесі бар аз кернеуді қорғау схемасы:
- •Сурет 7.14. Электродвигательдер өздігінен іске қосылғанда ток пен кернеудіанықтауға арналған есептеу схемалары:
- •Трансформаторлар мен автотрансформаторларды қорғау
- •8.1. Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың ақаулары мен ережелі емес жұмыс режимдері, қорғаныс түрлері және оларға қойылатын талаптар.
- •8.2. Сыртқы қысқа тұйықталу кезінде аса токтардан қорғану.
- •IV.Y , Iр ∆, Iс.Р. ∆ - тт-ны толық сызбасын жұлдызша және үшбұрышша жалғануы
- •Трансформаторларды асқын жүктемеден қорғау
- •16.4. Трансформаторларда тоқты кескіш қорғанысы
- •16.5. Трансформаторлардағы бойлық дифференциалдық қорғау
Дәріс 5 Ток трансформаторлары және оларды қосу схемалары.
5.1. Ток трансформаторлары және олардың қателіктері.
Жұмыс істеу принципі. Ток трансформаторлары көмекші элемент болып табылады, олардың көмегімен релелік қорғаныстың өлшеу органдары қорғалатын объектің тогының мәні, фазасы және жиілігі жайлы ақпарат алады. Алынатын ақпараттың дұрыс болуына релелік қорғаныс құрылғысының жұмысының дұрыс болуы тәуелді болады. Сондықтан релелік қорғаныс құрылғысын қоректендіретін ток трансформаторына деген негізгі талап, қателігі белгілі бір мәннен асып кетпейтін қателігі бар бақыланатын ток трансформациясының дәлдігі болып табылады.
Ток трансформаторы құрылғысының принципін 3.1 суретте көрсетілген схемалар түсіндіріп бере алады. Ток трансформаторының қосалқы қысқыштарының біреуі міндетті түрде қауіпсіздік техникасы шарты бойынша жерге тұйықталуы керек.
Сурет 5.1. Ток трансформаторлары:
а – құрылыс принципі; б – орын ауыстыру схемасы.
Ток трансформаторлары w1 алғашқы ораудан (бақыланатын токқа тізбектей қосылған), w2 екінші ораудан (релелік қорғаныстың тізбектей қосылған элементтерінен немесе өлшеу приборларынан тұратын, ZН қосымша күштің кедергісіне тұйықталған) және L құрыш магнит сымынан (оның көмегімен ораулар арасындағы магниттік байланыс жүреді) тұрады. w1 алғашқы ораудан өтетін І1 алғашқы ток және w2 екінші ораудың І2 тогы І1 w1 және І2 w2 магниттік қозғаушы күшін тудырады., олар өз кезегінде І құрыш магнит сымында тұйықталатын Ф1 және Ф2 магниттік ағындарды алып келеді.
5.1. суретте көрсетілген (оң бағыты ескерілген) магниттеуші күштер және олар тудыратын магниттік ағындардың айырымы алынады, нәтижесінде магниттік қозғаушы күші Іном w1 және Фт [41] ансформатордың магниттік ағыны алынады:
I1w1 - I2w2 = Iном w1 ; (5.1)
Ф1 – Ф2 = Фт
Жұмысшы немесе негізгі деп аталатын Фт ағыны, екі ораудан да көп өтіп, екінші орауда ЭДС Е2 – ге барады, ол екінші ораудың тұйық тізбегінде І2 тогын жасайды. Фт ағыны Іном тогымен Іном w1 магниттік қозғаушы күшін құрайды. Іном І1 тогының бөлігі болып табылады да, магниттеуші ток деп аталады. Егер Іном =0 болса, (5.1) өрнегі келесі түрде болады:
I1w1 = I2w2 бұдан
I2 = I1 (w1/w2) = I1/КІВ (5.2)
Бұл жерде КІВ = w2/w1 – ансформация коэффициенті, ол номиналдыққа қарағанда айналымды деп аталады. Магниттеуші ток жоқ уақытта І2 екінші ток КІВ – ға тең ток трансформаторы трансформация коэффициентіне бөлінген І1 алғашқы токқа тең болады. Бұл жағдайда алғашқы ток w2 екінші орауға трансформацияланады да, Ток трансформаторы қателіксіз жұмыс жасайды.
Ток трансформаторларының ораулар шығындыларының белгіленуі.
Ток трансформаторларды дайындау кезінде алғашқы және екінші ораулардың шығындыларын шартты түрде белгілеуде мына нәрсе ескеріледі: ол белгілеулердің көмегімен екінші токтың бірінші токқа бағытын анықтау мүмкін болуы керек. Алғашқы ораудың шығындыларын кез келген түрде белгілеуге болады: біреулер басы ретінде н-ді, ал екіншілері орау ретінде к-ны алады Сурет 5,2 а. Екінші орау шығындыларын белгілеу келесі тәртіпппен жүргізіледі. Алғашқы орауда ток н басынан к соңына жүрген кезде екінші ораудың н басы ретінде ток күш тізбегіне шығып кететін шығындысы алынады. Сәйкесінше екінші ораудың екінші шығындысы ораудың к соңы ретінде алынады. Екінші ораудың шығындыларын жоғарыда көрсетілген тәртіппен белгілеу кезінде ток трансформаторының екінші тізбегіне қосылған реле орауындағы токтың бағыты релені тікелей бірінші тізбекке қосқан жағдаймен бірдей болады сурет 5,2 а. Жасаушы заводтар трансформаторлардың бірінші орауының басы мен соңын Л1 және Л2 деп, ал екінші ораудың басы мен соңын U1 мен U2 деп белгілейді. (сурет 5,2 б,в)
Сурет 5,2 г-де 5,2 а суретте қабылданған шартты бағыттарымен берілген бірінші және екінші токтың векторлық диаграммасы көрсетілген.
Сурет 5,2 ток трансформаторларының орауларының шығындыларының белгіленуі:
а - шығындыларды белгілеу ережесі;
б - ток трансформаторындағы шығындыларды белгілеу;
в – схемадағы белгілеулер;
г – бірінші және екінші токтың векторлық диаграммасы;
д - екінші токтың бағыты.)
Сурет 5,2 д-да екінші токтың бағыты мен екінші ораудың шығындыларын белгілеу екінші орауға оралудың орындалуы әр түрлі болған жағдайда өзгерулері көрсетілген. Ф1 ағыны мен екінші ток бағыты «Буравчик» ережесі бойынша анықталады.
Қателіктер себебі. Нақты ток трансформаторында (3,1) өрнегі бойынша Іном ≠ 0. Іном тогы І1 бірінші токтың міндетті бөлігі болып табылады, ол трансформация жасайтын Ф ағынын құрайтын МҚК-ді қалыптастырады.(3,1) өрнегінен нақты ток трансформаторының екінші тогы
І2 = (І1 – Іном)( W1/ W2) = (І1/кІ) – (Іном / кІ) (5,3)
Мұнда кІ = W1/W2 – трансформацияның айналым коэфициенті. (5,3) өрнегінен шығатыны, нақты І2 екінші тогының (5,2) өрнегі бойынша анықталған І1/ кІ есептеу мәнінен Іном / кІ мәнімен ажыратылады, ол абсолюттік мәнмен екінші ток фазасына бұрмалаулар енгізеді. Сонымен ток трансформатор жұмысына қателік енгізетін себеп, бұл Іном – магниттеуші ток болып табылады.
