Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк_рза1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

Екі электрлік шамалардың салыстыру сұлбалары жоқ салу керек Дәріс 7 Электродвигательдерді қорғау.

7.1. Электродвигательдерді қорғауға арналған негізгі талаптар.

Электродвигательдер халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолданылады, сонымен қатар өз қажеттерін өтеу үшін орнатылған электрстанцияларында қолданылады. Оларды көптеп қолданғанның нәтижесінде двигательдердің релелік қорғанысы, әсіресе асинхрондықтардың қарапайым және арзан жасалуы керек, сонымен қатар іштей бұзылулар мен двигательдерге қауіпті режимдерде жұмыс жасағанда сенмді болу керек.

Қазіргі таңда өнеркәсіпте және бірқатар электростанцияларда синхронды двигательдерді (2000 кВт және жоғары) қолдана бастады. Асинхронды двигательдерді қорғау үшін күрделі қорғаныс дифференциалды қорғаныс қолданылады. Өзінің жауапкершілігі жағынан ерекше орынды ірі жылу электростанциялары мен атом станцияларының жеке қажеттігіне арналған механизмдерінің электродвигательдері алады. Бұл электродвигательдердің қорғаныстың дұрыс болмауынан жалған өшірілуі электростанциялардың қалыпты жұмысын бұзады, сондықтан электростанциялардың жауапты механизмдерінің электродвигательдерін қорғау жоғары сенімділікпен жұмыс жасауы керек.

Өндіріс орындары мен электростанциялардың үзіліссіз жұмыс жасауы үшін электродвигательдердің өздерінің іске қосылуының мәні зор, ол кезде электродвигательдерді қоректендіретін жүйедегі кернеу аз уақытта төмендегенде, олар сөнбейді және кернеу орнына келгенде айналу жиілігінің қалыпты жағдайына келгенде қайта іске қосылады (яғни «өздері іске қосылады»). Көп жағдайда кернеудің аз уақытқа төмендеуі немесе жоғалып кетуі КЗ-нің нәтижесінде болады, яғни электродвигательдердің қорегін бір көзден екінші көзге АВР жұмысының нәтижесінде және АПВ-дан кейін кернеуді қалыпқа келтіргеннен кейін болады.

Электродвигательдерді қорғау олардың өз бетінше іске қосыла алуын қамтамасыз ету керек, яғни ол электродвигательді кернеу түскенде немесе қалыпқа келгенде алдын-ала өшірмеу керек.

7.2. Электродвигательдерді қорғаудың негізгі түрлері.

Статор орамдарындағы фазааралық КЗ-ларды КЗ-нің үлкен токтары болады және олар зақымдалған двигательдерді онан әрі зақымдайды. Сондықтан электродвигательдерді фазааралық зақымданудан релелік қорғаныс мінднтті болып табылады. Жерге жіберілген статор орамдарындағы бір фазалық тұйықтаулар (замыкание) онша қауіпті емес, өйткені электродвигательдер қоректенетін жүйелер изоляцияланған нейтральдармен жұмыс жасайды немесе жерге жіберілген доғаөшірмелі реакторлар арқылы жұмыс жасайды. ПУЭ бойынша электродвигательдерді тұйықталудан қорғау тұйықталу тогы 5 А-ге жеткенде ғана орнатылады. Бірақ жерге тұйықтау кезінде кернеу өсетіндіктен (ол өз кезегінде әр түрлі аварияларға апарады) жерге тұйықталудан қорғауды өшірумен байланысты барлық іс-әрекет жағдайында да орнататын болды. Айналым тұйықталудан релелік қорғаныс қолданылмайды, өйткені оны орындаудың қарапайым әдісі жоқ.

Артық перегрузка жұмысқа бейім электродвигательдерде релелік қорғаныс орнатылады да, ол жұмыс жағдайына және электродвигательге қызмет көрсетуге байланысты механизмдегі артық күшті алып тастайды немесе электродвигательді өшіреді. Кейбір жағдайда кернеу қалпына келгенде электродвигательдің өз бетінше іске қосылуы мүмкін емес болады. Мұндай жағдай өндіріс технологиясы немесе жұмысшылар қауіпсіздігі үшін қолданылады, сонымен қатар қажеттігі аз электродвигательдің бөліктерін өз бетінше іске қосу токтарын шектеу үшін қолданылады (§ 7.3). Мұндай электродвигательдерде аз кернеулі релелік қорғаныстар орнатылады да, олар тікелей өшіруге жұмыс жасайды.

Сурет 7.1. Асинхронды электродвигательдердің айналу моменті мен механизмнің кедергі моментінің айналу жиілігіне тәуелділігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]