- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
Бактерия геномы өздігінен репликациялануға қабілетті генетикалық элементтерден тұрады,оларды репликон деп атайды. Репликон бактериялардың хромосомалары мен плазмидалары.
Бактерия хромосамасы мен плазмидаларындағы сияқты бактерия геномының құрамына қозғалғыш генетиеалық элементтер кіреді. Қозғалған генетикалық элементтерге тіркелген тіркестіктер және транспозондар жатады. Генетикалық ақпараттың пайда болуы гендердің жұмысы-жасуша тішілік циклының з уақытында іске асады. Ол бір-бірімен байланысқан көптеген биохимиялық реакциялардан тұрады. Бұл ген жұмысындағы хромосоманың структуралық функционалдық бірлігі оперонмен белгілі біртұра және қатаң басқаруын тұжырымдайды. Ол ген оператор мен байланысқан құрылымдық ген топтары дистроннан тұрады.
Бактерия генетикасының ерекшелігі – олардың табиғатта түр ретінде сақтауының маңызды шарты. Бактериялық ДНК репликациясының ерекшеліктері мен олардың түрлері. Бактериялардың генетикалық жүйесі осы организмдерге тән 4 ерекшелікке ие:Бактериялардың хромосомасы цитоплазмада бос орналасқан, бұл мембранамен шектелмеген, бірақ цитоплазманың мембранадағы белгілі рецепторларымен тығыз байланысқан.Бактериялардың генетикалық ақпараттв тасылмалдауы тек қана вертикальды емес, горизонтальды жолмен, де түрлі механизмдер көмегімен жүреді.Бактерияларт гаплоидты организмдер болып табылады.Бактерияларда қосымша плазмидті геном бар,олар маңызды биологиялық құрамымен ерекшеленеді. Олардың өзіндік көбею жылдамдылығын реттеу мүмкіндігі, бактериялардың қоршаған ортадағы тіршілігі және табиғатта түрдің сақталуыүшін маңызды орын алады.Бактериялардың ДНҚ репликациясын 3 типке ажыратадыХромосомалық және плазмидтік ДНҚ-ң вегетативті репликациясы генетикалық ақпараттың вертикалды берілуін қамтамасыз етеді. Коньюгативті репликация генетикалық материалдың-коньюгативті қиылысу алмасуыме іске асады.Репаративті репликация ДНҚ-дан зақымдалған құрылымдық бөлімін немесе генетиеалық рекомбинацияның аяқтаушы механизмі. Бұл процесс хромосомалық немесе плазмидалық гендермен бақыланады
Бактериофагтың литикалық әсерінің спектрін анықтау. Лизогенияны анықтау.
Индуцирленген фагтың литикалық спектрін келесі көрсеткіш бойынша анықтаймыз: бруцелланың индикаторлық өсіндісі бар себіндіге сұйытылмаған фагтың бір тамшысын тамызамыз. Егілген Петри шыны ақшасын термостатқа ( 37° С) қойып, фагтың негативті түзіндісі пайда болғанша күнделікті қарап тұрдық. Бақылау ретінде ТБ және IZ фагтары қолданылды.
Зерттеуге алынған бруцеллездік штаммдар, пенициллинмен әсер ету барысында барлығыда лизогендік түрге айналды. Индикаторлық штаммдарға түрімен диссоциациялық дәрежесіне қарамай олардың түрін өзгертті.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде бруцелланың өзгерген нұсқасын еріте алатын бірнеше фагты байқайдық. Осы көрсетілген жолмен бруцелланы сұрыптау және скрининтеуде көпвалентті АВ бруцеллезді R-фагын бөліп алдық. Келтірілген фагқа ҚР патентік құжаттары алынып, сонымен қатар ЕМК «ҒЗВИ» оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, бекітілген. Бруцелланың өзгерген вариантын идентификациялау үшін көпвалентті АВ бруцеллезді R-фагын алу және қолдану әдістемелігі жазылды.
Бруцелланың S-және SR нұсқасына тіркелген литикалық белсенді ТБ және IZ фагтарынан айырмашылығы, АВ R-фагы S-түрдегі өсінділерді ерітпейді, тек бруцелла өсіндісінің өзгерген дәрежесін және R-түрін ғана ерітеді.
Қорыта келгенде, нақ осы фагты бруцелланың өзгерген түрін идентификациялау және дифференциациялау үшін қолдану өте тиімді болып табылады.. Трансформация және трансфекция. Трансдукция және сексдукция. Конъюгация.
Трансформация және трансфекция. Трансдукция және сексдукция. Конъюгация.
Коньюгация. Генетикалық материалды донор - жасушадан реципиент - жасушаға жасушалардың жанасуы кезiнде берiлуiн конъюгация деп атайды.
Конъюгация процесiндегi негiзгi жағдай - донор - жасушада трансмиссивтi плазмиданың болуы.
Сексдукция-(фр.sexe- жыныс,лат ductio-өткізу)-генетикалык ақпаратты бір бактериядан басқасына өткізу,бұл коньюгация процесінде құнарлы F фактор арқылы жүзеге асады.
Трансдукция. Трансдукция - бактерия ДНҚ - ның әлсіз бактериофаг арқылы берiлуiн айтады, Бұл процестi 1951 - жылы Н. Циндер мен дж. Ледерберг ашқан. Фаг бактерия iшiнде репликацияланып жатқан кезде бактерия ДНҚ -нын фрагментi фагқа енiп фагтық инфекция көзiнде реципиенттi бактерияға берiледi.
Трансформация. Трансформация феноменiн алғаш 1928 жылы Ф. Гриффитс пневмококктың капсуласыз R- штамының (Streptococcus pneumoniae) S - формалы капсулалы штаммға айналуын байқаған.
Трансфекция-жасуша қабығынан айырылған бактерия жасушасының трансформация түрі. Ол вирустық нуклеин қышқылының көмегімен іске асады.
Трансфекция көмегімен мұндай бактерияларда вирустық инфеция туғызуға болады.
Бактерия плазмидалары – ең қарапайым микроағза ретінде.Бактерия плазмидалары өте қарапайым, майда жасуша, қабырғасыз, геномы анықталмаған, яғни тірі организм деп айтуға болмайтын, алайда ол қожайын жасушасына еніп паразиттік өмір сүріп, көбеюге қабілетті ғажайып организм. Ол қоршаған ортаның УК – сәулесі, қайнату, мұздату т.б. әсерлерге өте тұрақты.
Бактерия жасушасында репарация процестері. Бактерияның диссоциациясы, оның биологиялық мәні.
Жасушалық ДНҚ геномының қалпына келуі – репарация деп аталады. Репарация процесі мынадай жолдармен жүреді:
Эндонуклеазамен ДНҚ фрагментінің зақымданған жерін табу және қосу;
Кесілген ДНҚ фрагментінен полимераза 1 алып тастау;
ДНҚ полимераза 1 немесе ДНҚ полимераза 2 сақталған жолымен нуклеотиптерді синтездеу;
Негізгі жолмен қалпына келген ДНҚ фрагменттерінің түзілуі лигазамен іске асады.
Диссоциация – бактериялардың өзгергіштік түрі, нәтижеде тығыз қоректік ортада бактериялардың 2 түрлі формасы болады:
- тегіс емес шетімен және кедір бұдырлы беткейімен ерекшеленеді. /R- колониялар/
- колония – домалақ формалы, тегіс беткейлі. /S- колониялар/
Диссоциацияның биологиялық мәні – бактериялардың сыртқы ортада және адам организмінде тіршілігін қамтамасыз етеді.
