- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарда басқа микроорганизмдердің тірі клеткалары және олардың споралары мүлде болмауы керек. Бөгде микроорганизмдерді жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістерін қолданады. Бұл мақсатта, көбінесе, жоғары температураның әсерін пайдаланады. Температура микробтардың өсуіне лайықты деңгейінен жоғарылаған сайын, оның әсері күшейе түсетіндігі бұрыннан белгілі. Температураның әсерін микроорганизмдер популяциясының белгілі бір бөлігін жою үшін қажетті уақытпен сипаттайды.
Бактерияларды дақылдандыру әдістері. Таза дақылды бөліп алудың екінші сатысы.
Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
Бөлінген таза дақылдың өсу сипатына көңіл аударамыз, ол бірқалыпты өсуі тиіс. Оны микроскопирлегенде морфологиялық және тинкториальдық қасиеттері бірқалыпты болуы керек. аэробты және анаэробтыбактериялардан таза дақылды бөліп алудың мынадай әдістері бар:
Бактериальдық жасушаны механикалық жалпылау.
Антибактериальды әсер ететін физикалық және химиялық факторлардың көмегімен зерттелуші материалды алдын ала өңдеу.
Себінділерді инкубациялау кезінде көрші микрофлораның өсіп өнуін физикалық және химиялық факторлармен таңдамалы тежеу.
Микроорганизмдердің өздеріне сезімтал лабораториялық жануарлар ағзасында тез өсіп өну қабілеті.
Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
Идентификациялық және диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиетін бактериялардың тығыз және сұйық қоректік орталарда өсу типі және жағдайымен сипатталынып, колонияның морфологиясы және дақылдық қасиеттері бойынша анықталады
Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
Сахаролиттік қасиетін анықтау үшін Гисс ортасына егеміз.Егерде бактериалар көмірсуларды қышқылға дейін ферменттесе ортаның түсі өзгереді,көмірсулар қышқылға дейін ыдырап,газ түзетін болса,түсі өзгеруімен қатар попловокта көпіршіктер пайда болады.
Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
Протеолитикалық ферментті анықтау үшін бактерия дақылын 10-20%-ті желатин,пептонды суы бар бағанаға ине шаншу арқылы егеміз.Желатиндегі егіндіні бірнеше күн бойы 20-22С-та инкубациялаймыз.
Бактериялардың протеолитикалық ферменттері бар болса желатинді ыдыратып,осы жерде воронка не болмаса шырша тәрізді фигура пайда болады.Пептонды судағы егіндідегі пептон өнімдері ыдырағанан соң 37С-та 23 тәуліктен кейін аммиакқа,индолға,күкіртті-сутекке,каталазаны табу үшін реакцияя қояды.
Вирустың жасушамен әрекеттесу типтері. Олардың сатылары. Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс.Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады: жасушаға жабысу жасушаға ену шешіну вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы вирустық геномның транскрипциялануы вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің (вириондардың )бастырылуы вирустың жасушадан шығуы Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады.
Вирусты инфекцияның интегративті формасы. Вирустарды дақылдандыру әдістері.
Әрекеттесудің интеграцияланған түрі ДНҚ-лы да РНҚ-лы да вирустарға тән болып келеді. Жасуша геномымен интеграциялану үшін сақиналы екі жіпшелі ДНҚ-ны вирус болуы керек. ДНҚ-лы вирустардың геномы сақиналы күйде нуклеотидтік ізділіктердің гомологияланған жерлеріне бір қатар ферменттердің қатысуымен хромосоманың белгілі бір бөлігіне еніп құралады. РНҚ-лы вирустарға интеграциялау процесі күрделірек болып келеді. Ол ДНҚ-ның комплементарлық жіпшесінің вирустық РНҚ-ның матрицасында, вирустың спецификалық фермент – кері транскриптазаның қатысуымен синтезделуден, яғни қайта транскрипциялану механизмінен басталады. Екі жіпшелі ДНҚ құрастырылып сақинаға айналғаннан кейін ДНҚ – транскиптің жасуша хромосомасына интеграциялануы болады. Зертттелетін вирус материалынан таза дақылды бөліп алу цитомегаловирусты инфекцияның диагностикасының жетекші әдісі болып табылады. Вирусты дақылдандыру адамның диплойдты эмбриональді фибробластты дақылдандырылады. Сондықтан жұқтыруда көбінесе «дақылдағы амплификация» әдісін қолданады.: зерттелетін материалды дақыл клеткаларымен бірге центрифугалайды. Бұл кезде вирусты бөлшекті клетка мембранасының үстіне тұнып, жұқтыру эффективті болады. Жұғудың 3-күнінде дақыл клеткасында өте ерте және ерте вирусты антигендерді ИФ әдісімен анықтайды. Идентификациялау үшін ПТР және ДНҚ-зонд әдісін де қолданады.
Сезімтал жануарлардың ағзасында вирустарды дақылдандыру.
Табиғи жағдайларда А типті грипп вирустары адамды, сондай-ақ жануарларды бірдей зақымдайды В және С типті вирустар-тек адамдарды зақымдайды.Зертханалық жануарлар арасында грипп вирустарына африкалық сасық күзеңдер, сириялық аламан, ақ тышқандар сезімтал. Ауру өкпелердің зақымдалуымен сипатталады да, жиі жануарлардың өлімімен аяқталады.Дақылды өсіру үшін тауық эмбрионы, жасуша дақылы, кейде зертханалық жануарлар алынады.Шешек вирустары хорионаллантоисты қабықшада ақ тығыз түйіндақтар түзе отырып, тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Жасушалар дақылында вирустың өсуі цитопатикалық әсермен және диагностикалық маңызы бар цитоплазмалық қосылыстардың түзілуімен бірге жүреді.Адамға тән клиникалық белгілері бар ауру тек маймылдарда ғана экспериментте жүргізуге болады. Көптеген зертханалық жануарларға табиғи шешек вирусының патогенділігі төмен.Қызылшаға тін инфекция тек маймылдарда көруге болады. Басқа зертханалық жануарлар сезімталдығы төмен. Жасуша дақылында көбейген вирус белгілі цитопатикалық әсермен, цитоплазматикалық және ядроішілік қосындылар пайда болуымен,гемардсобция феномені және ақтандақтар пайда болуымен сипатталады.Тәжірибе жүзінде инфекцияны маймылдарда ғана туғызуға болады. Вирус біріншілікті және қайта өрілу жасуша дақылдарында, цитоплазмалық қосындылар, кейде цитопатикалық әсер түзе отырып көбейеді.Желді шешек және белдеуші герпес (ұшық) вирусының да дақылдануы осылай жүреді.В гепатит вирусының жасушалар дақылында нашар көбейетіндігі оны зерттеуге кедергі келтіреді. Бұл вирусқа бір ғана жануар-шимпанзе сезімтал.
Тауық эмбрионында вирустарды дақылдандыру.
Тауық эмбрионын тұмау, герпес, жел-шешек вирустарын дақылдауда кеңінен қолданады, олар амнионда, хорионалантоисты қабықшада, саруыз қапшығында аллантоисты қуыста репродукцияланады.Бұл әдістің көпшілігі эмбрионды жармай жатып зерттелуші микробты таба алмауы және онда ақуыз деп басқа қосылыстардың көп болуы, бұл әртүрлі препараттар дайындағанда олардан вирусты тазартып алу қиындығын туғызады.Гемадсобция реакциясы вирустарды жасуша дақылында немесе тауық эмбрионында индикациялау үшін қолданылады.
