- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Агглютинациялық реакция - АР (лат. аgglutinatіо - желімдеу) корпускулалық антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады. АР-ды пайдаланудың мақсаттары:
-аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін.
-аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға;
Жанама гемагглютинациялың реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене қондырған эритроциттерді, не латексті қолдануға негізделген.
Коагглютинациялық реакция. Қоздырғыштың жасушаларын алдын ала иммунды сарысумен гвделген стафилококтардың комегімен анықтайды. Стафилококтардың қүрамындағы А-ақуызы цененің Ғс- бөлшегіне тектестігі бар болғандықтан олар антиденелермен бейспецификалық байланысқа усе алады да, содан кейін ол антиденелер белсенді орталығымен өзіне сәйкес микробтармен байланысып, "нының нәтижесінде стафилококтан, антденеден және анықталып отырған микробтардан түратын папақталған түнбаға түседі.
Гемагглютинацияны тежеуші реакция (ГАТР) Реакция вирустың антигендерін иммунды арысуыдың антиденелері тосқауылдап, вирустың эритроциттерді агглютинацияға түсіру мүмкіншілігін жоғалтуына негізделген. ГАТР-ды, қоздырғыштары эритроцитпен байланысу мүмкіншілігі бар вирустар тудыратын аурулардың диагнозын қою үшін қолданады (тұмау, қызылша, қызамық, кенелік энцефалит).
Жанама Кумбс реакциясы. Резус факторға қарсы пайда болатын антиденелер бірваленттік толық емес түрге жатады. Олар эритроциттермсн спецификалық байланысады, бірақ агглютинацияға жеткізе алмайды. Однай антиденелерді анықтау үшін жанама Кумбс реакцисын қолданады. Рекция өткізу үшін антирезустік антидене+резус оң эритроциттер жүйесіне агглютиация іуғызатын антиглобулинді сарысу қосады (24-сызбанұсқа). Мысалы, реакцияны перзенттің гемолитикалық ауруының диагнозын қойғанда пайдаланады.
Преципитациялың реакция - ПР (лат. рraecipito - тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітіле молекулалық антигенмен антидененің комплекс қүрып преципитат деп аталатын лайлану пайда бол жатады. Бүл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана қүрылады. Егерде біреуін1 өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс қүрылуының мүмкіншілігі төмендейді.
.Радиалды гемолиздік реакция (РГР'). Қой эритроциттері мен комплементі бар агар қоймалжыңындағы шүңқырларда қойылады. Шүңқырға гемолитикалық сарысу қосылғаннан кейін реакцияның оң нәтижесінде антиденелердІң қоймалжыңға радиалды сіңуінен шүңқырдың айналасында гемолиздік белдем пайда болады. Тәсіл арқылы комплементтің, гемолитикалық сарсудың белсенділігін, түмау вирусына қарсы антиденелерді анықтауға болады.Иммунды жабысу реакциясы (ИЖР). Комплемент жүйесін, иммунды сарысумен өңделген корпускулды антигендермен белседірілуіне негізделген. Соның нәтижесінде иммундық комплекстің қүрамындағы корпускулдық антигенге қосылатын комплементтің белсендірілген СЗЬ бөлігі пайда болады. 12.5. Бейтараптау реакциясы (БР)Таңбаланган антидене мен антигендердің қатынасымен жүретін реакциялар.Иммундыфлюоресценция реакциясы - ИФР (Кунс тәсілі)ИФР-ды қолданудың үш тәсілі бар: төте, жанама және комплементгің қатынасуымен. Кунс реакциясы микробтардың антигенін, немесе антиденелерді анықтау үшін колданылатын шұғыл-диагностикалықтәсіл түрі. Төте тәсілдің принципі: тіннің, немесе микробтардың антигенін флюорохромдармен белгіленген антиденелері бар иммунды сарысумен ондейді. Антиденелерді ультракүлгін сәуле беретін люминисцентгік микроскоппен қарағанда олар сәулелеңеді. Егерде антигендер аталған антиденелерге сәйкес келсе олар қосылғанда микроскоппен қарағанда бактерияларың айнала шеттері жасыл түсті сәуле шығарады.Жанама ИФР. Антиген-антидене комплексін флюорохроммен белгіленген антиглобулиндік сарысумен (антиденелерге қарсы антиденелер) анықтауға негізделген. ИФТ дегеніміз антигендерді соларға сәйкес ферментпен (пероксидазасы, бета-галактозидаза, сілтілік фосфотаза) белгіленген антиденелермен анықтау.ИФТ внрустық, бактериялық, паразитарлық ауруларға диагноз қою үшін, сонымен қатар гормондардың, дәрі-дәрмектің, биологиялық белсенді препараттардың зерттеліп отырған заттаардағы ең төменгі өлшемін анықтау үшін колданады.
Радиоиммунды тәсіл (РИТ).Радионуклидпен (J125, С14, НЗ, Сr51) белгіленген антиген, немесе антидене арқылы антиген- антидене реакцияларын анықтауға қолданылатын өте жоғары денгейдегі сезімталдығы бар тәсіл. Антигенмен антидене тығыз байланысқа түскеннен кейін қүрылған радиоактивті комплексті жекелендіріп оның родиоактивтігін арнаулы санағышпен өлшейді. Радиоактивті сәулелендірудің қарқыны қүрьшған іюмплекстің санына тікелей пропорционалды байланыста болады.РИТ-ның ИФТ-ға үқсайтын қатаңфазалық және бәсекелік түрлері бар. Жүргізу прициптері бірдей.Иммундыблотгинг (ИБ)- электрофорез, ИФТ, не болмаса РИТ- пен бірлестірілген, жоғары деңгейдегі сезімталдығы бар тәсіл. ИБ-диагностикалық тәсіл ретінде АИВ-инфекциясында колданылады
Алыну әдісіне тәуелді вакциналардың жіктелуі мен қолданылуы.
Вакцина деген термин француз тілінен уасса - сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген ЛЛастер болатын. Өйткені ағылшын ғалымы Э.Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп, ол адамды аурудан қорғап калғандығы үшін вакцина деп атаған.Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданады.
Тірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалынған препараттар. Аттенуацияны микробтың штамына химиялық (мутагендар), физикалық (температура, радиация), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Солардың нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге еңгізген кезде белгілі бір жүқпалы аурутүрінеқарсыарнайы иммунитет қүратын мүмкіншілігі» бар заттар пайда болады.Аттенуация тәсілін ең алғаш Л.Пастер үсынған. Тәсіл іс жүзінде қүтыру, тырысқақ, түйнеме қоздарғыштарында тексерілген. Кәз.іргі заманда бүл тәсіл өте қең қолданылады. Тірі вакцина ретінде, адамға патогенді емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне үқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысал ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады.Кейінгі уақытта тірі вакцинаны алу үшін генді-инженерлік тәсілдер колданылып отыр.
Өлі вакциналарадың әсер ететін заты- физикалық, не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогёнді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, температурамен, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады.Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады.Өлшемі бір антигендік корсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бүлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.
Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар, детерминанттар). Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді микробтарды өсіру кезінде биологиялық синтез арқылы алуға болады (мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе, ботулизм микробтарынан). Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңцеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды.Анатоксиндер (токсоидтар).Молекулалық вакциналардыңтүріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықга 3-4 жүма өңцеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі жойылған. Тазартылған анатоксин тері астына, не бүлшық ет ішіне егіледі.Синтетикалық вакциналар.Антигендердің молекулалары, не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі иммуногендер. Оның себебі әржақты. Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін жоғарылату үшін, оларға иммунгендік көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды (полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың адъюванттық қасиеттері де болуы мүмкін.Сонымен синтетикалық вакцина антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант қосындысынан түрады. Синтетикалық вакцинаны жасау процесі өте күрделі, дегенмен бірталай елдерде болашағы мол белсенді жүмыс жүргізілуде.Адъюванттар.Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар (ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Ассоциаланган вакциналар.Вакцина егуді және егу санын қысқаріу үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мүмкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысал ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады антигені.Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинациялангая вакцина деп атайды. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы).
Анатоксиндердің алыну әдістері. Инфекциялар, анатоксиндер көмегімен жүргізілетін профилактика. Адъюванттар, олардың биопрепараттар комплексіндегі рөлі.
Анатоксин алу әдісі: токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдегенде токсин улылығын жоғалтып, антигендік және иммуногендік қасиет сақтап қалуы жатады.Алынған анатоксинді тазартып, оған адъювант қосады.
Анатоксин: күлге, сіреспеге қарсы тері астына немесе бұлшық етке егіледі.
Вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қосылады.Адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» деп атайды.Олар иммунитеттің Т-,А-,В- жүйелерін тікелей демейді және организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді.
Емдік–профилактикалық сарысулардың алыну және қолданылу әдістері.
Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы,есек,кейде қоян)арнайы антигенмен гипериммунизациялау тәсілі қолданылады.Антидене түзілудің ең жоғары деңгейінде малдың қанын толық ағызып, одан сарысуды дайындайды.Жануардан алынған сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.Ауырып сауыққан адамдардан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан,не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейінгі пайда болған антиденелер бар иммундық сарысулар гомологиялық деп аталады.Гомологиялық сарысуды пайдалану жағымды және қолайлы. Алынған сарысу тазартылады, өйткені оның құрамында керексіз ақуыздар болады.Онда тек иммуноглобулиндер қалады.Тазарту үшін спиртпен,не ацетонмен суық жағдайда тұнбаға түсіру,ферментпен өңдеу,аффиндық хроматография және ультрасүзуәдістері қолданылады.Бұларды аурудың алдын алу және ауруды емдеу үшін қолданады.Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гангрена) сарысулық препараттармен емдеген өте нәтижелі.Және кейбір вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме) емдеуде сарысуды ертерек және бұлшық ет ішіне енгізу керек.
Тері–аллергиялық сынама қолданылатын биологиялық препараттар, олардың маңызы және инфекциялық аурулардағы диагностикасы.
Тері аллергиялық сынама қою үшін аллергендерді қолданады.Бұл қоздырғыш антигені бар препараттар:құрғақ туберкулин, тазартылған бруцеллин, тулярин.
Оң нәтижеде енген жер қызарып инфилтрат түзіледі, яғни қабыну реакциясы жүреді.
Арнайы сенсибилизацияны (Туберкулезде, бруцеллезде және инфекциялық ауруларда) анықтау үшін тері аллергиялық сынама қояды.Оның бірі манту сынамасын қою үшін теріішілік жолмен белгілі бір концентрациядағы туберкулиннің ерітіндісін енгізеді.Реакцияны 24-48 сағ соң енгізген жердің айналасында қалыптасқан гиперемия мен инфильтраттың айқындалу дәрежесіне қарай бағалайды.
