Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.

Лизоцим дегеніміз протеолитикалык мурамидаза ферменті . Молекулалық салмағы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофилдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза ұлпасының сұйықтығына үнемі дарып отырады. Лизоцимді қаннан ,лимфадан көз жасынан, омырау сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс зәр және ас қорыту жүйесінен, ми ұлпасынан табуға болады.

К-киллерлер. Иммунитет жүйесінің негізгі функциясы -соматикалық клеткалардың генетикалық гомеостазын немесе организмнің жекеленген құрылысын сақтау болып табылады. Т-киллерлердің қызметі - мутанттарды, ісік клеткаларын немесе вирусы бар клеткаларды тауып, жойып отыру.

Т-Киллерлер трансплантатты ажыратады, әрі аутоиммунды процесте маңызды рөл атқарады. Т-киллерлер организмнің өзгерген клеткаларын немесе трансплантатты тауып, антигентәуелді ажыратпадан өтіп ңағыз киллерге айналады да, арнайы цитотоксикалық әсер етеді

  1. «Антиген» ұғымына анықтама беріңіз және антигеннің маңызды қасиеттерін атаңыз.

Антиген дегеніміз-макроорганизмге енген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын,организм үшін генетикалық бөгде органикалық биополимер.

Антигендердің-антигендік,спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады.

Антигендік қасиеті д/з-ол антиген молекуласының иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен спецификалық байланысқа түсу қабілеті.

Спецификалық қасиеті д/з-антигеннің тек қана белгілі бір эпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкінщілігі.

Иммуногендік қасиеті д/з-ол антигеннің макроорганизмде өзіне қарсы қорғаныс жауабын туғызу мумкіншілігі.

  1. Антигендердің жіктелуі. Микроағзалардың антигендері.

Антигендер қасиетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Олар

-тегіне

-табиғатына

-молекулалық құрылысына

-иммуногендік дәрежесіне

-бөгделік дәрежесіне

активтелу бағыттылығына

Тегіне сәйкес антигендер экзогендік (организмнен тыс пайда болған) және эндогендікке (ағзаның өзінде пайда болған) бөлінеді. Эндогендіктің арасында ерекше көңіл аударатындары ауто- және неоантигендер.

Табиғатына сәйкес: ақуызды(протеидтер), не бейақуызды (полисахаридтер, липидтер, липополисахаридтер, нуклиен қышқылдары т.б.) биополимерлер, молекулалық құрылысы бойынша: глобулиндік (молекуласы шар тәрізді) және фибриларлық (жіп тәрізді), ал иммуногендік дәрежесі бойынша құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды антигендердің жоғарғы дәрежелі антигендігі мен иммуногендігі бар.

Бөгделік дәрежесі бойынша: ксено-, алло-, изоантигендер бар. Ксеногенді антигендер (не гетерологиялық)- әволюциялық даму сатысының ерте мезгілінде құрылған, әр түрге жататын жануарлардың организміне ортақ

  1. «Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.

Антидене д/з-антигендерге жауап ретінде түзілетін,антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар,көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға қатынасатын гаммаглобулиндер.

Антиденелердің негізгі қызметі антигенге қарсы спецификалық қызмет атқарады.Және де қосымша қансарысулық және секреторлық қызмет атқарады. Организмге антиген енгеніне иммундық жүйенің қарсы жауабының біреуі антигендермен өзіндік байланысқа түсетін, ақуыздардан түратын антиденелерді биологиялық жолмен қорытып шығаруы. Антидене фагоциттерге үқсас иммунологиялық корғаныстың өте ерте филогенетикалық түрі. Антиденелік жауап балықтардың кейбір түрінде байқалады.

  1. Антиденелер мен иммуноглобулиндердің құрылымы және химиялық табиғаты. Антиденелер ферменттер тәрізді тікелей әсер ете алады. Ол жеңіл тізбектің түрақты бөлігімен байланысты. Нуклеазалық және протеазалық әсерінің арқасында антиденелер антигеннің молекулаларын ыдыратады.

Антиденелер ферменттер тәрізді тікелей әсер ете алады. Ол жеңіл тізбектің түрақты бөлігімен байланысты. Нуклеазалық және протеазалық әсерінің арқасында антиденелер антигеннің молекулаларын ыдыратады. В-лимфоциттердің реттелуі олардың көбейуімен катарласып гендерінде рекомбинациалық өзгерістер байқалады. Соның нәтижесінде иммундыглобулиндер сыныптарының түрлері бірнен кейін бірі пайда болып отырады. Егерде В-лимфоциттердің жетіліуінің ертерек кезендерінде иммуноглобулиндердің М және Д сыныптары синтезделсе, кешірек кезінде О, А, Е сыныптары пайда болады.

Иммуноглобулиндер гликопротеиндерден тұрады.Олардың молекулалары сахаридтердің қалдықтарымен тұрақталған,бірімен-бірі қосылған бірнеше полипептидтік тізбектен құралады.60 градус температурадан жоғары қыздырғанда антиденелерыдырайды.Иммундыглобулиндер бірінен бірі құрылысымен,антигендік құрамымен және атқаратын міндетімен ажыратылады.

  1. Иммуноглобулиндер кластарына анықтама, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері. Ауыр тізбектің молекуларлық құрылысының ерекшелігіне сәйкес иммундыглобулиндердің 5 сыныбы, не изотипі бар. Альфа -түрлі ауыр тізбегі бар молекулалар А изотипке жатады (қысқаша ІgА); ІgД - да дельта тізбек, ІgЕ-да эпсилон тізбек, ІgG- да гамма тізбек, ІgМ - да мю тізбек. 1gG-ның ауыр тізбегінің түбтүрлерінің ерекшелігіне сәйкес түбсыныптары болады.

Иммундыглобулиндердің құрлысында белгілі бір тұрақты заңдылық бар - олардың барлығы бір қалыпты элементтерден тұрады. Бірақ, әрбір изотиптің ерекшелігі бар. Мысалы, ІgД, ІgЕ, 1gG-лар бір мономерден тұрады, ІgМ пентамер, ал ІgА молекулалы моно-, ди-, пентамер бола алды (14-сызбанұсқа).

Иммундыглобулиннің С сыныбы. Бұл иммундыглобулин (изотоп) қансарысуының негізгі сыныбы болады. Барлық иммундыглобулиндердің арасында оның үлесі 70-80 пайыз және де, ол бөліктің 50 пайызы тін сұйығында. Орта есеппен алғанда ересек адамның 1 литр қансарсуындағы ІgG -ның салмағы 12 гр. ІgG - мономер. Антиген байланыстыратын орталығы екеу, яғни ол екі валентті. 1gG-ның 01,02,03, 04 деп белгіленген түбсыныптары бар. В-лимфоциттермен - өндіріледі. Біріншілік және екіншілік иммундық жауаптарында оларды үнемі қансарысуынан табуға болады.ІgG плацентарлық кедергіден жеңіл өтіп жаңа туған перзентте 3-4 ай мезгіліне дейін гуморалдық иммунитетті қамтамасыз етеді.ІgG антигеннің бейтарапталуына, белгіленуіне, опсонизациялануына қатынасады. Сонымен қатар, комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалық процестің басталуын қамтамасыз етеді.

Иммундыглобулиннің М сыныбы. Ең үлкен көлемді иммундыглобулин. Бүл пентамер және оның антген байланыстырушы 10 орталығы бар, яғни 10 валентті. Молекулалық салмағы 900 кДа, М1 және М2 типі болады. Ауыр тізбегі 5 доменнен түрады. ІgМ- ның жартылай ыдырау уақыты 5 күн.Оның үлесі 5-10 пайыз. Ересек адамның қанында 1 л/г ІgМ болады. Жоғарғы деңгейге 2-4 жас арасына таман жетеді.Плацентадан өтпейді. Егерде 1gМ - ның изотипі жаңа туған перзенттің қан сарсуында табылса, ол іштен болған жүқпалы аурудың барлығын, немесе жатырдың кемтарлығын көрсетеді.ІgМ антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын қамтамасыз етеді.

Иммундыглобулиннің А сыныбы. Сарысулық және секреторлық түрде болады. Барлық ІgА-ның өлшемінің 60 пайызы шырышты қабық секретінің қүрамында болады.Сарысулыц lgА: Сарысулық имундыглобулиндердің барлық қосындысында ІgА-ның үлесі 10-12 пайыз. Дені сау ересек адамның қан сарысуының 1 литрінде ІgА 2,5 грамм, ал ең жоғарғы деңгейіне 10 жас шамасында жетеді. ІgА-ның жартылай ыдырау уақыты 6 күн.ІgА - мономер, екі антиген байланыстыратын орталығы бар ( 2 валентті), молекулалық салмагы 170 кДа. А1 және А2 түп тармағы бар. Секреторлыц ІgА. Сарысулық түрімен салыстырғанда секреторлық sІgА полимерлі ди-, не тримерлі түрінде бола алады (4, не 6-валентті). Молекулалық салмағы 350 кДа.Бір тәулікте 5г салмақга бөлініп шығарылады. Қан сарсуында табылмайды.Секреторлық ІgА ас қорыту, несеп және тыныс алу жүйелерінің шырышты қабығының жергілікті туморалдық иммунитетінің негізгі факторы.

Иммундыглобулиннің Е сыныбы. Оларды реагиндер деп те атайды. Қан сарысуындағы концентрациясы өте төмен 7 бір литр қандагы мөлшері 0,00025 грамм. 1%Е-ні аныктау үшін арнайы тәсілдер керек. Молекулалык салмағы 190 кДа. Басқа иммундыглобулиндермен салыстырғанда оның қан сарсуындағы үлесі 0,002 пайыз. Адам бүл деңгейге 10-15 жас мөлшерінде жетеді. Көбінесе бронх, өкпе және ас қорыту жүйесінде жетілген лимфоциттер және плазматикалық жасушалармен синтезделеді.Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Тін жасушалары, базофилдермен өзара қатынасқа түсуге икемділігі оте жоғары. Жоғарғы сезімталдықгың жедел түрінің дамыуына себекер.

Имундыглобулинніңің Д сыныбы. Иммундыглобулиндердің бүл түрі туралы мәлімет оте тапшы. Іс жүзінде олар тек қана қан сарысуында, иммундыглобулиндердің арасындағы пайызы 0,2. Қанның бір литріндегі молшері 0,03 грамм. Молекулалық салмағы 160 кДа, мономер.Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Із ашар В лимфоциттердің рецепторлары болады.

  1. Иммунологиялық жады. Иммунологиялық толеранттылық.

Иммунологиялық есте қалу және Иммунологиялық толеранттық.. Иммунологиялық есте қалу (жадында сақтау).Организм антигенмен қайталап кездескенде шапшаң және белсенді иммунды реакция, яғни екіншілік иммундық жауап құрылады. Бұл көрініс иммунологиялық есте қалу деп аталды.Иммунологиялық есте қалудың белгілі антигенге жогаргы дәрежелі спецификалығы болады және В-, Т-лимфоциттермен негізделіп, иммунитетің гуморалдық және жасушалық түрлерінде баолады. Иммунологиялық есте қалу феномені вакцинациялау тәжірибесінде, жоғары деңгейлі иммунитет құрып, оны ұзақ уақыт қорғау деңгейінде сақтау үшін кең колданыладыИммунологиялық есте қалудың теріс көрністері де бар. Мысалы, ауыстырылған органдар (трансплантант) орнықпай өздігінен бөлінсе, оны қайталап орнықтыру әрекетінде органдарда тасқынды реакция қоздырып бөлініп шығарылу дағдарысына соқтықтырады.Иммунологиялық толеранттық иммунды жауаппен иммунологиялық есте қалуға кері көрініс. Ол организмнің антигенді «танып», жемісті спецификалық иммунды жауап қайтара алмауының себебінен болады.Иммунологиялық толеранттықтың иммундысупрессиядан айырмашылғы иммундыкомпетентгі жасушалардың тиісті антигенге бастапқыдан жалпы жауап бере алмауына негізделген.Иммунологиялық толеранттықтың феномені 1953 жылы бірінен бірі тәуелсіз чех ғалымы М. Гашек және П. Меадвар бастаған ағылшын ғалымдарынның тобымен ашылған еді. Олар көрністі жануарлаға тәжірибе қойған кезде ашқан.Иммунологиялық толерантгық туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен толеранттыцтың мысалы ретінде иммундық жүйенің организмнің меншікті антигендеріне жауап бермеуін келтіруге болады. Жүре пайда болган иммунологиялыц толернаттыцтьі организмге иммунитгі тежейтін заттарды (иммунодепрессанттар) еңгізіп, эбрионалдық уақытта, не туғаннан кейінгі алғашқы күндерінде перзентке антигендерді еңгізіп қүруға болады. Жүре пайда болған иммунологиялық толеранттық белсенді және енжарлы болып бөлінеді.Иммунологиялық толеранттықтың тәжірибелік маңызы зор. Бүл көрініс медицинаның көптеген өзекті мәселерін шешуге, мысалы орган, не тін ауыстырғанда, аутоиммундық процестерді тежегенде, аллергияны емдегенде, тағы басқа бірталай иммундық жүйенің агрессиялық көрінісімен байланысты жағдайларында пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]