- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
Патогенділік (син.;аурутуғызушылық )-ол микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы патенциялдық қабілеттілігі ,яғни осы микроб үшін табиғи жұғу жағдайында тиісті ие организміне ену онда өсіп-өніп көбею,гомеостаздың әртүрлі бұзылыстарын туғызу және микроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі.
Бактериялардың патогендік факторларын атап, сипаттама беру.
Патогенділік фактор – ол микробтардың инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігін қамтамасыз ететін материялдық заттектер.
- Адгезиялануды және колонизациялануды қамтамасыз ететін патогенділік факторлар. Патогенді микробтар тері және шырышты қабықтардың бетінде орнығып қалу үшін макроорганизмнің табиғи қорғаныс тосқауылдарын белсенді түрде жеңіп алуға тытысады.Сондықтан адгезия және колонизациялану –ол инфекциялық процестің алғашқы іске қосу механизімі.
-Инвазивтілікті және агрессивтілікті қамтамасыз ететін патогенділік факторлар. Микробтардың макроорганизмге жайылып таралу және оның қорғаныс факторларына қарсы тұру қабілеттілігі микробтар түзетін ферменттермен байланысты, ол әсіресе жасушадан тыстық облигатты паразиттерге тән.Ферменттер әрі жеткілікті ,әрі әрі кең жайылып (генерализованно) әсер ете алады.
-Антифагоцитарлық белсенділігі бар патогенділік факторлары.Фагоциттерге қарсы белсенділігі бар бактериялар мен басқа да микробтардың маңызы патогенділік факторларына капсулалар , микрокапсулалар,шырышты қаптамалар және олардың құрамына кіретін антигендер жатады.Олар микробтардың беткейлік құрылымдарын көлеңкелеп механикалық тосқауыл рөлін атқарады.
Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
Экзотоксиндер дифтерия, сіреспе, ботулизм, ішек таяқшасы инфекциялар негізінде түзіледіОлар химиялық табиғаты бойынша ақуыз болып табылды.
Цитотоксиндер субжасуша деңгейінде ақуыз синтезделуін тежейді
Мембрана токсиндері эритроциттердің беткейлік мембраналардың өткізгіштігін жағалтады,лейкоциттер мен эритроциттердің өткізгіштік мембраналарын зақымдайды.
Функциональды тосқауылдар белгілі қлпа жүйелерінің қызметін тежейді.
Эксофолиотиндер және эритрогениндер скарлатинді стрептококктар және алтынданған стафилококктар штаммасының нәтижесінде пайда болады.
Бактериялардың ақуызды токсиндер түзу қабілеттілігі токсигенділік деп аталады.
Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықга 3-4 жүма өңцеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксинді улы инфекцияларды емдеуде және алдын алу мақсатында қолданады.
Эндотоксиндердің биологиялық белсенділігінің көрініс беруіне ЛПС-тің жекеленген компоненттері емес, оның барлық молекуласы жауапты. Грам-теріс бактериялар қоздырған токсикацияның симптомдары бірдей болып келеді және ол пайда болған қабыну медиаторлармен байланысты. ЛПС-тің әсер етуі оның әсерінен биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратын әртүрлі типтегі жасушалардың мембраналық компоненттері мен ЛПС-ің липидті спецификалық және СД14 рецепторларының есебінен бейспецификалық өзара әсерлесуіне негізделген. ЛПС макроорганизмде 20-дан астам әртүрлі белсеңді биологиялық заттардың синтезделуін іске қосады, олар эндотоксикоз патогенезінің себепшісі және пирогендік әсер ете алады. Оның негізгі тиісетін нүктесі макрофагтар болып табылады.
Инфекция формалары мен олардың сипаттамасы. Инфекциялық аурулардың кезендере. Инфекцияның негізгі көздері. Жұғу жолдары мен әдістері.
Инфекциялық процестің көрінісі әрқилы. Шығу тегі бойынша ажыратады:
экзогенді инфекция микроб сырттан келіп жүққанда пайда болады;
эндогенді инфекция (син: парэнтеральді, аутоинфекция) макроорганизмнің өзінде болған микробтар және қалыпты микрофлораның шартты-патогенді өкілдері қоздыратын инфекция.
Қоздырғыштың қандай жерг орналасуына және жиналуына байланысты:
Ошақты инфекция кезінде (син: локальды, жергілікті инфекция) қоздырғыш инфекцияның кіру есігінің аумағында қалады және макроорганизм бойынша таралмайды. Генерализацияланған инфекция кезінде микроб әртүрлі жолдармен (лимфогенді, гемотогенді, бронхогенді және периневральды бүткіл макроорганизмге таралып жайылады.
Жұқпалы аурулар дамуының мынадай кезеңдері ажыратылады: жасырын (инкубациялық); күмәнді (мазасыздану, продромальді); ауру қозу ( клиникалық айқын, негізгі белгілерінің көрінуі); алғашқы айығу (ауру симптомдарының төмендей бастауы); айығу (реконвалесценциялық) кезеңдер.
Макроорганизмге микробтардың енген (жұққан) сәтінен бастап, алғашқы ауырсыну белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт аралығын жасырын кезең дейді (лат. incubo- тыныштық немесе іncubotio- сыртқы белгілерсіз, жасырын)..
Продромальді (бастапқы, күмәнді) кезең макрорганизмнің интоксикациялануының нәтижесінде аурудың жалпы сипаты ең алғашқы клиникалық симптомдарының (мазасыздану, температураның көтерілуі, бас аурыуы, лоқ және т.б.) байқалуынан басталады. Бұл кезеңде дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретіндей тиісті специкаль клиникалық симптомдар жоқ. Инфекция енген жерде қабыну ошағы пайда болады-біріншілік аффект, Егерде бұл процеске аумақтық лимфотүйіндері қамтылса, онда біріншілік кешен (комплекс) туралы сөз болады.Әдетте орта есеппен 1 -2 тәулікке созылады, бірақ бірнеше сағатқа дейін қысқаруы немесе 5-10 күнге дейін ұзару мүмкін. Мазасыздану (күмәнді) кезең, ауру қозу кезеңімен ауысады. Бұл кезең жалпы спецификалық емес симптомдардың максимальді айқындалуымен және дәл клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік беретін тек қана осы инфекцияға тән, спецификалық немесе абсолютгік (облигаттық, шешуші, патогномдық симптомдардың көрінуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ұзақтығы әр түрлі жұқпалы ауруларда және де бір аурумен ауырған кездің өзін әрбір адамда әртүрлі болуы мүмкін (бірнеше сағаттан бастап, тіптен бірнеше айларға дейін). Бұл кезең өліммен аяқталуы мүмкін немесе сырқаттың келесі кезеңіне ауысады, ол ауру симптомдарының бәсеңсу кезеңі (айығудың, яғни реконволесценцияның ең алғашқы кезеңі) деп аталады. Бәсеңсу кезкеңінде температура қалпына келіп, аурудың негізгі симптомдары кете бастайды. Бұл кезең реконволесценциялық кезеңге ауысады. Бұл кезде клиникалық симптомдардың болмауымен, ағзалардың құрылымы мен функцияларының қалпына келуімен, микробтардың қырылуымен және қоздырғыштардың микрооганизмде көбеюінің тоқтауымен сипатталады немесе процесс микроб тасымалдаушылыққа ауысады.
Инфекция көзі антропоноздар, сапроноздар және зооноздар болып табылады.
Жұғу жолдары:фекальды оралді,аэрогенді,қан арқылы, контактты, вертикалді
Әдістері: а) инфекция көзіне; б)берілу механизмі мен жұғу жолдарына; в)қабылдаушы ұжымға.
