- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
Инфекция туралы ілім - бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге жэне оган патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, жэне де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы түратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйгкені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін, жэне де қоздыргыштарды қабылдаушылық жэне қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жүқпалы ауруларды емдеу жэне алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, жэне де диагноз қою әдістерін жетілдіруге шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын жэне оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауатгы бақылауға мүмкіндік береді. Инфекциялық процеес - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың себеп-салдарының түрақты түрде ауысып отыруымен жүреді. Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады. Бірінші саты - микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат. асіарШіо - бейімделу), яғни жұғуы (инфицирленуі), жэне де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады. Кіру есігі - организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер. Микробтар макроорғанизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары жэне зақымданбаған шырышты қабықтар арқылы енеді. Екінші саты - колонизациялау (лат. соіопіа - қоныстану) - кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай терендеп ене бастайды. Микробтардың макроорганизм жасушысының ішіне ену қабілеттілігін пенентрация деп атайды. Бүл кезде қолайлы жағдай туындаса, жэне де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферментгері жэне токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады. Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нэгижесінде пайда болған уытты өнімдері микроб енген жэне одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді. Үшінші саты - диссеминациялану (лат. сііззетіпаге - шашылу, таралу), яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына, басқа аумақтарға таралуы жэне лимфагематогенді, бронхогенді, периневральді (жүйке бағаналары бойымен) жолмен жаңа жерге қоныстануы. Ол өз кезегінде инфекциялық процестің генералиаациялануына, яғни организмде жалпы жайылуына әкеп соғады. Төртінші саты - макроорғанизмніц қорғаныс факторларын жүмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне жэне олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жүмылдырады. Бүл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бүзылган гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты - инфекциялық процестің аяқталуы жэне ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: запаііұе - емдік, сауықтырушы), ягни организм микробтардан толық босанады жэне жаңа сапаға ие болып - иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс оліммен аяқталады. Микробпен макроорганизм арасында тепе-теңцік жағдай орнықса микробтасымалдаушылық_қалыптасады.
Патогенділік факторлар - ол микробтардың инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігін қамтамасыз ететін материалдық заттектер. Патогенділік факторларды зерделеу патогенді микробтардың патогенсіздерден және қабылдағыш макроорганизмнің қабылдамайтыннан қандай айырмашылықгары бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сапрофитгерге қарағанда патогенді микробтар макроорганизмнің табиғи тосқауылдарын жеңуі және сол организмде тіршілік етуі үшін адгезиялыц, колонизациялыц және инвазиялъщ қасиетке ие болуы керек, яғни макроорганизмнің қорғаныс тосқауылдарын бұзып өту, инфекцияның кіру есігінен тысқары жерде макроорганизмнің ішкі ортасына ену және тіндерде таралу, макроорганизмнің жасушасы ішіне ену (пенетрация) қабілеттілігі болу керек. Сонымен қатар агрессивтік, ягни макроорганизмнің қорғаныс факторларымен интерференцияланатын агрессиндердің көмегімен организмнің бейспецификалық және спецификалық реактивтілігін басып тастайтын, соның ішінде фагоцитозга қарсы тұру, қабілеттілігі болу керек.
Макроорганизмде сақталу және өсіп-өніп көбею мағынасын қамтитын «инвазивтік»терминді қазіргі кезде стафилококтар, стрептококтар, псевдомонадалар т.б. жасушадан тыстық паразиттер үшін қолданады. Патогенді микробтар макроорганизмге улық әсер етуі керек. Патогенді микробтар осы функциялардың әр қайсысын, макромолекулалардан тұратын, инфекциялық процестің спецификалығын қамтамасыз ететін патогенділік факторларды сақтаушы арнайы құрылымдардың көмегімен іске асырады. Спецификалық қасиет әсер етуші құрылымдардың өзара комплементарлық принципі бойынша биологиялық тану механизміне негізделген. Адгезиялануды, колонизациялануды және фагоцитоздан қорғануды негізінде микробтардың беткейлік морфологиялық құрылымының құрамына кіретін макромолекулалар іске асырады. Инвазиялық және агрессиялық қасиет негізінде экзоферменттердің, ал улық әсер ету - жұқпалы аурулар кезіндегі спецификалық симптомдардың дамуында жетекші рол атқаратын, токсиндердің әсер етуімен байланысты. Инфекциялық процестің тиісті сатыларының дамуында бірден бірнеше патогенділік факторлары қатысады.
Вирусологияда «вируленттілік» терминінің орнына «инфекциондық» немесе «инфекциялаушы» атауы қолданылады. Зертханалық жағдайда микробтардың вирулентгілігін жэне олардың токсиндерінің күшін летальдық (ЬО) жэне инфицирлеуші (ГО) дозалары бойынша анықтайды. Мүндай өлшем шамаларын шартгы қабылданган бірліқтермен белгілейді. Летальдық (өлім туғызушылық) доза - ол тәжірибеге алынған жануарлардың накты санын (%) тиісті мезгілде өлім туғызатын тірі қоздырғыштың немесе токсиннің ең аз мөлшері. Инфицирлеуші доза - ол тәжірибеге алынған жануарлардың тиісті санында (%) жұқпалы ауру қоздыра алатын тірі микробтардың ең аз мөлшері.
Тәжірибе қойғанда эксперименнтік жануарлардың түрі, жынысы, жасы, салмағы, күтім жағдайы жэне толыққұнды қоректенуі ескерілуі қажет, ойткені аталған жағдайлар оларда иммундық жүйенін қалыптасуымен жэне белсенділігімен байланысты. Тэжірибе мақсатына қарай эр түрлі жұқтыру жолдарын қолданады (ауыз арқылы, интраназальды, тамыр ішіне, бұлшық етке, құрсақ ішіне, интрацеребральды т.б.). Мысалы, басқа зертханалық жануарларға қарағанда М.Tuberculosis-ке ең сезімтал теңіз шошқаларына өлім туғызатын ауру қоздыру үшін тыныс алу жолдары арқылы микробтың 1 -2 жасушасын енгізу жеткілікті болса, ауыз арқылы (пероральды) жұқтырғанда летальдық дозасын бірнеше мың жасушаға арттыру қажет болады. Тіптен микробтардың бір түрінің арасында түраралық генетикалық ерекшеліктері болады. Мысалы. вирустарға сезімталдыгы өте жогары, бірақ бактерияларға төзімді тышқандар қатары бар, керісінше де болуы мүмкін. Тәжірибе нәтижесі дәлірек болуы үшін экспериментке жануарлар санын кобірек алған жөн. Генетикалық жолмен алынған, мысалы, инбредті жануарларда тэжірибе жүргізгенде ең сенімд: біркелкі нэтижелер алады. Инбредті (ағыл.: іп- ішінде, Ьгеесііп§- көбейту) жануарлар - ол, жақын туыстас ата-аналықтарды 20 жыл және одан да көп уақыт бойы бір-бірімен шағылыстыру арқылы алынған туыстас гомозиготты жануарлардың ұрпағы. Мұндай жануарлар генетикалық жағынан біркелкі, өйткені гомозиготтылық 100%-ғажеткізіледі.
Микробтардың вируленттілігін және қауіптілік дәрежесін ескере отырып барлық патогенді микробтарды 4 топқа бөледі, оларпмен жұмыс атқару тәртібі Денсаулық сақтау Министрлігінің тиісті бұйрықтары және нұсқаулықтарымен регламенттелген. Вируленггіліктің өзгеретіні туралы мысал ретінде бактериялардың Ь-трансформациялануын, спирохеталарда цисталар түзілуін, макроорганизмге түскенде бактерияларда капсула синтезделуін, иерсенияларда температураға тәуелді инвазиялық ақуыздардың синтезделуін, іш сүзек гаяқшасында антиген түзілуін, индуцибельдік экзоферменттер пайда болуын және т.б. келтіруге болады.
