Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.

Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір –бірімен және адам организмімен тепе –тең (эубиоз) жағдайда болады. Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсол болып табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және баска да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды.Әртүрлі биотоптардың: тері,ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп-жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады.Адам организмде тұрақты және транзитті микрофлора болады.

Тұрақты (резидентті,индигенді,автохтонды) микрофлора - организмде тұрақты болатын микроорганизмдер.

Транзиторлы(тұрақсыз немесе аллохтонды) микрофлора – организмде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз.

Тұрақты микрофлораны облигатты және факультативті деп бөлуге болады.Облигатты микрофлора (бифидобактерия, лактобактерия, пептострептококк, ішек таяқшасы және т.б)-микробиоценоздың негізгі болып, ал факультатифті микрофлора (стафилакоктар, стрептококтар, ксебсиеллалар,клостридиялар,кейбір саңырауқұлақтар және т.б)-микробиоценоздың аздаған бөлігін құрайды.

Адам организмі және оның қалыпты микрофлорасы ортақ экологиялық жүйені(эндоэкология) құрайды. Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды ,оның көпшілігі облигатты анаэробтар. Қалыпты микрофлораны құрайтын микроорганизмдер әртүрлі әсерге төзімді биологиялық үлбір түзеді.

  1. Ауыз қуысының микрофлорасы, олардың негізгі өкілдері. Өңеш, асқазан және аш ішек микрофлорасы. Тоқ ішек микрофлорасы. Олардың сандық және сапалық құрамы. Дисбактериоз(дисбиоз) және оның қалыптасу себептері. Лабораториялық диагностикалық коррекция және дисбиоз профилактикасы.

Ауыз қуысында көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. 1 мл сілекейде 108 бактерия мекендейді. Бұған ауызда тамақ қалдығының қалуы, қолайлы температура (37 С) және ортаның сілтілі реакциясы әсер етеді. Анаэробтар аэробтарға қарағанда 100 есе коп. Мұнда әртүрлі бактериялар мекендейді: бактероидтар, превотеллалар, порфиромонадалар, бифидобактерия, эубактерия, фузобактерия, лактобактерия, актиномицет, нейссерия, спирохеталар, стафилококтар, т.б. Сонымен бірге Сапсіісіа туыстастығының саңырауқұлақтары және қарапайымдылар (Entamaeba gingivalis,Trichomonas tenax) табылады. Бактериялардың әрбір түрінің белгілі топографиялық таралуы бар. Стрептококтың әрбір түрі әр жерде орналасады: ұрт эпителиінде - S.міtіог, тіл өзектері мен сілекейде - S. Salivarius, тісте- S. Mutans. Актиномицетттер тілде, иек қалтасында, тіс дақтары мен сілекейде көп мөлшерде кездеседі. Қалыпты микрофлора мен олардың тіршілік өнімдері тіс күсін түзеді.

Өңеште микроорганизмдер әдетте болмайды.

Асқазан. Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар, бірен- саран кокктар мен грам теріс бактериялардан тұрады. Бактерия концентрациясы 1 мл -де 103 төмен. Ішек микрофлорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН - ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер аз болады. Қалыпты жағдайда асқазан -патогенді микробтарды тежейтін өзіндік залалсыздандырушы камера (тұз қышқылы, пепсин ізашары -пепсиноген жэне т.б.). Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында Helicobacter туыстастығына жататын иілген пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық прцестердің ( гастрит, ойық жара, ісік) этиологиялық факторы болып табылады.

Ащы ішек. Ащы ішектің 1 мл -де 105 - 108 микроорганизмдер болады. Олар - бифидобактериялар, лактобактериялар, клостридиялар, эубактериялар, энтерококтар, порфиромонадалар, превотеллалар жэне анаэробты коктар.

Тоқ ішек. Микроорганизмдердің көпшілігі тоқ ішекте жиналады. 1 грам нәжісте 1012 микроб жасушасы кездеседі. Барлық микробтардың 95%-ын анаэробты бактериялар құрайды.

Тоқ ішек микрофлораеының негізгі окілдеріне (6.1- кесте) жатады: грам оң анаэробты таяцшалар (бифидобактериялар, лактобациллалар, эубактериялар), грам оң спора түзетін анаэробты таяцшалар (перфрингенс клостридиясы жэне т.б.), грам теріс анаэробты таяцшалар (ішек тақшалары жэне оган ұқасас Enterobacteriacea тұқымдасының бактериялары- цитробактер, энтеробактер, клебсиеллалар, протей жэне т.б.), анаэробты грам оң коктар (пептострептококтар, пептококтар,Gemella morbillorum). Эпителиде спирохеталар жақсы оседі. Аз мөлшерде фузобактериялар, порфиолеонадалар, превотеллалар, пропиони- бактериялар, вейлонеллалар, стафилококтар, көкірің таяқшасы және Сапёісіа туыстастығының ашытқытэріздес саңырауқұлақтары кездеседі.

Қарапайымдылар мөлшері қалыпты жағдайда қоршаған орта факторларының әсері мен емдэмге байланысты өзгеріп отырады. Бөтен микрофлораның өсуі секреторлы I» А-ның тежеуші эсері мен қалыпты микрофлораның антагонистік қасиеті нәтижесінде тежеледі. Нәрестелерде ана сүтімен берілетін лактоферрин тежеуші эсер етеді.

Эубиоз жағдайы - адам организмі мен қалыпты микрофлораның динамикалық тепе - теңдігі - қоршаған ортаның эртүрлі факторлары, стресстік жағдай, бақылаусыз антимикробты препараттарды қолдану, сэулелермен емдеу жэне химиотерапия, тиімсіз тамақтану, операциялардыц әсерінен бүзьшуы мүмкін. Нәжісінде колонизациялық резистенттілік бүзылады. Ақаулы жолмен көбейген транзиторлы микроорганизмдер индол, скатол, аммиак, күкірттісутек сияқты заталмасудың улы өнімдерін өндіреді.Микрофлораның қалыпты функцияларын атқара алмайтын жағдайы дисбактериоз және дисбиоз деп аталады.Адамның қалыпты микрофлорасының бұзылуы келесі жолмен анықталады:

  1. Белгілі биотоптың (ішек, ауыз, тері т.б.) микробиоценоз окілдерінің сандық жэне түрлік құрамын анықтау сұйтылған зерттеу материалын, шайындыны сэйкес қоректік орталарға (Блаурок ортасы- бифидабактериялар үшін, МРС-2 ортасы - лактобактериялар, анаэробты қанды агар - бактериодтар, Левин немесе Эндо ортасы-энтеробактериялар; өтті-қанды агар - энтерококтар; қанды агар-стрептококтар мен гемофилдер; ЕПА фурагинмен-көкірің таяқшасы, Субро ортасы -саңырауқұлақтар үшін т.б.) себу жолы мен таңбалау әдісі арқылы жүргізіледі.

  2. Зерттеу материалдарында микробтық метобалиттерді -дисбиоз маркерлерін анықтау (май қышқылдары, май қышқылды альдегитер, ферменттер жэне т.б.).Мысалы, нэжісте бета-аспартил - глицин жэне бета - аспартил - лизиннің анықталуы микробиоценоздыц бұзылуын дэлелдейді, өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микрофлорасымен метаболиттелінеді.

Қалыпты микрофлораны қалыптастыру үшін: а)селективті деконтаминациялау жүргізеді; б) лиофилді кептіру эдісімен тірі бактериалардан -ішектің қалыпты микрофлора өкілдерінен - бифидобактериялардан (бифидумбактерин), ішек таяқшаларынан (колибактерин), лактобактериялардан (лактобактерин) жэне т.б. алынған пробиотиктер (эубиотиктер) препрараттарын тағайындайды.

  1. «Инфекция» терминіне анықтама беріңіз. Инфекциялық процесс, инфекциялық аурулар.

«Инфекция» (лат.infici-жұқтыру ,зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі ''инфекциялық процесс'' термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы микроорганизммен оған,көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері + нәтижесінде пайда болатын және микроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу-бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар,гельминттер,жәндіктер-Animalia әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат.invazio-шабуыл басып кіру ) деп аталады.

Инфекциялық процесстер.

Инфекциялық процесс - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Шартты түрде осы бірнеше сатыға бөлуге болады.Бірінші саты микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінін аумағында адаптациялануы (лат.adaptatio-бейімделу),яғни жұғуы ( инфицирленуі),және де микроптардын макроорганизім жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестін басталу сәті болып табылады .Кіру есігі-организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер .

Инфекциялық аурулар

Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы аурулар қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин.Инфекциялық жағдайдағы адамдардың немесе жануарлардың организмін ,яғни онда қоздырғыштың паразиттік тіршілік етуін-инфицирленген, ал қоздырғыштар түскен сыртқы орта заттарын –ластанған деп атайды .Макроорганизмнін қабылдаушылығы деп ,микробтар енгенде макроорганизмнің көптеген көріністермен (тасымалдаушылықтан жұқпалы ауруға дейін )реакция беру қабілеттілігін айтады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]