Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать

жалпы1 Медициналық микробиология пәніне анықтама. Микробиологиялық лабораторияға жолдаманың мақсаты.Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардьн организммен қарым-қатынаеын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдынала сақтандырудыңлабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады. Медициналық микробиология екі бөлiмнен тұрады: жалпы және жеке микробиология. «Жалпы микробиология» бөлiмiнде патогендi микроорганизм-дердің морфологиясы, физиологиясы,генетикасы туралы жалпы тусініктер берiледi. Науқастарды емдеуге қолданылатын антибиотиктер мен химия- терапиялық препараттар туралы iлiмнiң негiздерi, жұқпалы ауруларға зертханалығ диагноз ғою әдістері, инфекциялар эпидемиологиясы және олардың алдын алу шаралары туралы мәліметтер баяндалады. Шартты-патогендi микробтар (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар, көкірін таяқшалары, протейлер, кандида саңырауқұлактары, т.б.) қоздыратын ауруларды тек қана клиникалық микробиология зерттейді.

  1. Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.

Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.

Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.

Микробиологиялық лабороторияда жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі. 1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі. 2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады. 3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек. 4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн. 5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.

6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт. 7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет. 8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн. 9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды. 10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек. 11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. 12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.

  1. Микроорганизмдерді жіктеудің негізгі қағидалары.

Барлық микроорганизмдер бір бірінен геномының ұйымдастырылуы дәрежесіне және мамандалынған органеллаларының құрамына байланысты бөлінеді. Микробтар әлемін 4 патшалыққа бөлінген: эукариоттар, саңырауқулақтар, прокариоттар және вирустар.

Қазіргі кездегі жіктелуге сай, патогенді бактериялар прокариот патшалығына жатады. Қарапайымдылар мен саңырауқұлақтар эукариот патшалығына, вирустар – вирустар патшалығына жатады. Осыған байланысты прокариоттар: бактериялар, актиномицеттер, спирохеталар, риккетциялар, хламидиялар, микоплазмалар деп бөлінеді.

Берги анықтағышына сай прокариоттар Грам әдісі арқылы бір-бірінен ажыратылатын бөлімдерге бөлінеді.

Берги анықтағышына байланысты, прокариот патшалығы жасуша қабырғысына байланысты 4 топқа бөлінеді.

  1. Грациликуттар немесе жұқа қабықтылар – грам теріс бактериялар.

  2. Фирмикуттар немесе жуан қабықтылар – грам оң бактериялар.

  3. Тенерикуттар немесе нәзік қабықтылар – микоплазмалар.

  4. Мендосикуттар-архиео бактериялар, жасуша қабырғасы болса да пептидогликаны жоқтар.

  1. Микроскопия түрлері. Жүғынды препараттарын дайындау. Грам әдісі бойынша бояу механизмдері мен сатылары.

Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскопиялық бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы-контрасты, күңгірт жазықтықты). МБР-1, МБИ-2, биолам Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған. Микроскоп 2 бөлімнен тұрады: оптикалық және механикалық. Оптикалық бөліміне объектив жатады. Олар фронтальды және коррекциялы линзадан тұрады. Микроскопия түрлері:

1.Күңгірт жазықтықты микроскопия.

2.Фазалы-контрасты микроскопия.

3.Люминесцентті /немесе флюоресцентті/ микроскопия.

4.Электронды микроскопия.

5.Анаптральды микроскопия.

6.Интерференциялық микроскопия.

7.Поляризациялық микроскопия.

Кұрделі бояу әдістері. Грам әдісі бойынша бояу. Грам бойынша бояғанда жасушадағы жасуша қабырғасында генициан күлгіні – йод комплексі түзіледі. Бұл комплекс суда араласпайды және спиртпен араласуы өте әлсіз. Этанолмен залалсыздандырғанда грам теріс жасуша қабықшасынан бояу шығады, жасуша түссізденеді, фуксинмен қайта бояғанда қызыл түске боялады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]