Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179_zh_1201_mystar_OBDT_kaz11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.79 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу тәртібі

№ 1 есеп. Салмағы 28 кг, өлшемі 400х300х200 мм болатын картон қорабтардың қалану биіктігін анықтау керек. Картонның қалыңдығы 2,4мм, картон маркасы Т3, қалану қалпында сақталу мерзімі 28 тәулік.

Шешімі; Төменгі қатардағы қорабтардың езіліп қалмауы үшін, оның жоғарғы қатардың сығылу күшіне кедергісі тең немесе артық болуы керек. Ең жоғарғы қатардың биіктігін анықтау үшін Ркедергі = Рсығ ,

Рбүйір= 3 Н/мм(1 кестені қара) , Кбер =16 .

Бұдан қалау биіктігін:

Н = һ Рсығ/( КберgQ)+ һ формуласы бойынша анықтаймыз.

Сығу күшін Рсығу формула арқылы есептейміз.

Рсығу = Р кедергі сығылу = 2,55*3 =443 Н/мм.

Қалану биіктігі:

Н = 200*443/(28*9,8*1,6)+ 200= 400мм= 0,4 м.

Қаланған қатардағы қораптар саны:

n=400/200=2 қорап.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тараның беріктігіне қандай жағдайлар(факторлар) әсерін тигізеді?

  2. Нормалық- техникалық құжаттарда жүктердің сақталу мерзімі

көрсетілмесе беріктік коэффициентін қалай қабылдаймыз?

  1. Сығылу күші қандай формула бойынша есептеледі?

6 тәжірибелік жұмыс

Жүктерді контейнерлермен тасымалдаудағы қауіпсіздік

Жұмыстың мақсаты: контейнерлермен тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерінің маңызын жоғарылатуды зерттеу.

Жұмыстың мазмұны: контейнерлер, контейнерлер түрлері, жүктерді контейнерлермен тасымалдаудағы қауіпсіздік.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Жүк контейнерлері - бұл бірнеше рет пайдалну мүмкіндігі бар көлік құрылғыларының бірлігі. Контейнерлердің конструциясының сенімділігіне байланысты тасымалданатын жүктердің, бірнеше түрлі көліктермен тасымалдансада жақсы сақталуы қамтамасыз етіледі. Контейнерлер әртүрлі жүктерді тасымалдауға арналсада, өзіндік стандарттары болады. Олар төмендегідей белгілеріне қатысты стандартталады:

  • Өлшемдеріне;

  • Брутто массасына;

  • Жылжымалы құрамға(ЖҚ) бекітілуіне байланысты;

  • Жалғанатын, тіркелетін конструкциясына байланысты;

  • Тиеу-түсіру кезінде қолданылатын механизмдерге байланысты.

Тасымалдау үшін 3-5 тонна және 20-40 тонналық контейнерлер қолданылады. Шағын өлшемді, бірақ салмағы ауыр жүктер үшін әдетте 20 тонналық контейнерлерпайдаланылады. Ал салмағы жеңіл көлемі үлкен жүктерге стандартты 40 тонналық немесе Hiqh Cube контейнерлері пайдаланылады.Тиеу түріне қарай артымен, жанымен және үстінен тиелетін болып бөлінеді. Жүк контейнерлері төмендегідей болып жіктеледі:

  • рефрижаторлық контейнерлер;

  • Open Top;

  • Flat Rack;

  • Tank.

Рефрижаторлары бар контейнерлер, белгілі бір температуралық режимдерді қажет ететін жүктерге пайдаланылады. Open Top деген контейнер түрі үстіңгі қатты төбесінің орнына, жұмсақ тент пайдаланады. Контейнерлердің бұл түріне жүкті үстінен тиеу қолайлы болады. Flak Rack- ашық алаң сияқты контейнер түрі, жан-жағы қоршалмаған шағын өлшемді жүктерді тасымалдауға пайдаланады. Танк деп аталатын Tank- контейнерлері сұйық және газдарды тасымалдауға қолданылады. Қазіргі кезеңде контейнерлермен тасымалдау бұрынғыға қарағанда анағұрлым жиі қолданылады. Бұл олардың тасымалдау кезіндегі жоғары қауіпсіздігімен сенімділігіне және тасымалдауды ұйымдастырушылар тарапынан көптеген ұсыныстардың болуымен, әрі тасымалдаудың басқа түрлерімен салыстырғанда бағасының төмендігіне байланысты.

Сурет 6.1 – Контейнер

Жүктерді контейнерлермен тасымалдау арқылы керекті азық-түлікті, бағалы заттарды және басқада жүкті еліміздің кез-келген жеріне немесе алыс жерлерге жеткізуге болады, әрі жүктердің, заттарыңыздың баратын, жеткізілетін жеріне аман-есен жететініне сеніміңіз артады. Көлік құралдарының алыс маршруттарға жарамдылығы мен сенімділігін тексергеннен кейін, контейнерлерді тексеру басталады. Контейнерлерді дайындауды ұйымдастыру маңызды әрі жауапты кезең болып есептеледі, өйткені контейнерлердің сенімділігіне, жүктердің қауіпсіздігі тікелей байланысты. Егерде барлық техникалық сұрақтар мен талаптар оң шешімін тапса, онда көлік құралдары мен жүктерді жіберуге рұхсат берілсе, азық-түлік не басқада жүктерді контейнерлерге тиеу басталады. Бұл жерде контейнерлерді тиеу кезінде жүктерді орау және контейнерлерге дұрыс орналастыру осы саладағы жинақталған тәжірибе мен жауапкершілікке тікелей қатысты. Жүктер дұрыс орналастырылса , олар бүлінбейді, қисаймайды, әрі ыстық пен суыққа шыдас береді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы осы саланың мамандарымен есепке алынады және солардың тәжірибесі мен шеберліктеріне тікелей байланысты. Өйткені жүктердің керекті жеріне жеткенше тасымалдау кезінде болатын кейбір жағдайларды орын алуы мүмкін келеңсіздікті солар ғана айта алады.

Контейнерлік тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық контейнерлер жүктермен тыңғылықты(тщательно) толтырылғаннан кейін, контейнерлердің ішіндегі жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік берілуі үшін есіктері жақсылап құлыптанып, сонан кейін мөрленеді(пломбалар қойылады). Жүк тиісті жеріне жеткізілгеннен кейін, тағыда жоспарланған тексерістен өткізіледі. Бұл жолы жүк жіберген жақтың контейнерлердің есіктеріне қойған мөрлері тексеріліп, контейнерлердің бүтіндігі мен жолда ешқандай бұзылмағандығы қаралады. Жоғарыда айтылған жағдайлар тексерілмей ешқандай контейнер қабылданбайды, өйткені контейнерлердегі жүктердің амандығы мен бүлінбегендігіне тек жүктасымалдаушылар жауап береді.

Сурет 6.2 – Жүктерді контейнерлер арқылы тасымалдау

Контейнерлермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Контейнерлермен тасымалдау табысты көрсеткіштерге ие болу үшін және қауіпсіздік шараларын тиісінше орындауға қатысты келесі жағдайларды сақтау керек:

  • контейнерлерді жылжыту, көтеру, тиеу кезінде ішінде адамдардың болмауын қадағалау;

  • түсіру, тиеу уақытында(20 немесе 40 тонналығына қарамай) контейнерлерге кез келген көлікпен жақындауға тыйым салынады немесе осы жұмысқа жауапты адамдардың рұхсаты болу керек;

  • контейнерлер тіркемеге орналастырылған уақытта, жүргізуші көліктің ішінде болмауы тиіс, керісінше қауіпсіз аймаққа барғаны жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]