Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179_zh_1201_mystar_OBDT_kaz11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.79 Mб
Скачать

Қысқаша теориялық мәліметтер

Темір жолдар тасымалдаудағы жүктің сақталуына мүліктік жауапкершілік артады. Жүктің сандық сақталуының көрсеткіші оның салмағы болып келеді, оның өзгерместігі темір жол оған салынған міндетін артқандығын көрсетеді. Жүктің салмағын дұрыс анықтау – тасымалдағы жүктің сақталуын қамтамасыз етудін басты шарты. Жиі жүктің сандық жетіспеуі салмақты дұрыс санамағандықтан пайда болады. Салмақтын өзгерісі бойынша жылжымалы құрамның техникалық бұзылғандығы, сондай-ақ жүкті тасымалдау Ережесіне сәйкес жүктін табиғи кемуі жүктін сандық азаюын анықтайды. Жүктін салмағын өлшеу вагондардың жүк көтерілімдігі мен сыйымдылығын ең тиімді пайдалануына болысады, пойыз жылжуының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шамадан артық жүк тиеудің мүмкіндігін жояды. Салмақтың дұрыс өлшеуі тоннада және тонна-километрде тасымалдау жоспары мен темір жолдармен жасалған жүк тасымалдау жұмыс көлемін тіркеу үшін объективті мәліметтер алуға рұқсат етеді. Содан басқа, жүктерді ұсақ жіберумен тасымалдау кезінде жүктің салмағына қарамасты кіре ақы төлемі саналады. Тасымалдау құжаттарда көрсетілген салмақ бойынша қатар жүкті жіберушілер өнімдік тапсырманың орындалғанын, солай-ақ жоспарға сәйкес шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің жеткізілімдерін есептейді, өз ара есеп жүргізеді. Сондықтан жүктің тапсырғанда және жүк алушыға бергенде салмағын дұрыс өлшеу үлкен шаруашылық маңызы бар. Жүк салмағын өлшеу процессі салмақтау деп, ал салмақтау құралдары таразы деп аталады.

Жылжымалы құраммен тасымалдануы мүмкін сусымалы жүктің көлемін, м3 келесі формула арқылы есептейді, онда көліктің ашық шанағынан көрініп тұратын жүктің қалпақша көлемін есепке ала отырып шығарады.

Vж = Vш+(вш /2)3+ tg*αgқоз, (2.1)

мұндағы - Vш-шанақтың геометриялық көлемі, м3;

вш- шанақтың ені, м;

α – қозғалыстағы жүктің табиғи сырғу бұрышы, 0 ;

Тасымалданатын жүктің толық салмағы, т;

Qж= Vш*p0 , (2.2)

мұндағы - p0 – жүктің көлемдік массасы(тығыздығы), т/м3 ;

Егерде Qж qжк шанақтың көлемі пайдаланылмаса, онда ЖҚ оңтайлы жүккөтеру мүмкіндігіне қарай жүкпен толтыру керек болады.

Vш= qжк/ p0 ; (2.3)

Егерде Qж qжк , шанақтың көлемі ЖҚ толықтай жүкпен толтыру мүмкін болмаса, онда ЖҚ жүккөтергіштік дәрежесі жүктің салмағы мен ЖҚ шекті жүккөтергіштігінің арақатынасымен анықталады. Бағалы сусымалы жүктерді тасымалдау кезінде, оларды шанақтың жиегіне жеткізбей тиейді. Кейбір жүктерді тасымалдаған уақытта желден ұшатын болса, арнайы жапқыштармен бүркемелеп тасымалдайды. Сонымен бірге жауын-шашын кездерінде өзінің қасиетін, сапасын жоғалтатын жүктерді де брезентпен жауып тасиды. Әсіресе бұл тәсілдер ауылшарушылық өнімдерін тасымалдау кезінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]