Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Геоэкология исп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
522.75 Кб
Скачать

Геофизикалық өрістердің ықпалы (1 сағат)

Жылу өрісі. Алғашқы гипотезалардың бірі бойынша жерді қалыптастырған ғарыштық зат бастапқыда ыстық болған , ал жер қыртысы – планетаның біртіндеп суынуының белгісі. Кейінірек Беккерель ХІХ ғасырдың соңында уранның табиғи радиоактивтілігін, ал Пьер Кюри 1903 жылы радий тұздарының біршама жылу мөлшерін бөлетінін анықтағаннан соң, алғашқы гипотезаларға диаметрлік кереғар гипотеза ұсынылған. Жаңа гипотеза бойынша жердің алғашқы заты салқын болған. Ол кейін радиоктивті элементтердің ыдырауы салдарыннан қыза бастаған. Мамандардың есебі бойынша радиоктивтік ыдырау нәтижесінде 2,7*10^17 эрг/с энергия бөлінеді. Ғалымдар мұндай уран пеші көп миллиондаған жылдарға жететінін айтады.

Жер шарындағы құрлықтың ширек бөліктері көп жылдық тоң тау жыныстар (мәңгі тоң белдемі). Мәселен олар Ресей аумағының 60 % тен астамын алып жатыр және 600 – 800 метр аса тереңдікке дейін жетеді, ал Вилюй өзенінің солтүстік жағалауларында 1370 метрге дейін жуық. Биік таулы аудандарда мәңгі тон 1000 метрден асады. Көп жылдық тоң тау жыныстарда минералдық бөліктер мұзбен цементтеледі. Көктем жаз кезеңінде көп жылдық тоң тау жыныстардың жоғарғы қабаты 2 м – ге дейін жетеді. Осыған байланысты қабару, ісіну, термокарст, солифлюкция және басқа физикалық – геологиялық процесстер болады. Күз бен қыста тау жыныстар қайта қатады.

Мұз қабатшалары мен линзалары салқындаған ылғалдың көлемін ұлғайтады, ісіну кезінде көп жылғы тоң грунттарының көлемі артады. Ісінуге байланысты ең қолайсыз жағдайлар автомобиль және темір жолдарда, сондай-ақ аэродром жабындарында туындайды.

Тормокарст жағдайында көмулі мұздың еруіне немесе мәңгі тоң грунттың жібуіне байланысты, тау жыныстар нығыздалады. Нәтижесінде жер бетінде воронка, қазаншұңқыр және табақ тәрізді тұйық төмендеулер пайда болады. Көпшілік жағдайларда төмендеулер суға толып, көлмен батпақ жасайды. Олардың ауданы 100 – деген, кейде 1000 – даған шаршы метрге жетеді.

Солифлюкция (лат. Солум – топырақ, флуктио - ағу) еңістік бұрышы шамалы беткейлерде білінеді. Жібу қату жағдайларының алмасып тұруы мен салмақ күші ықпалынан топырақ пен қопсық грунт баяу жылжиды. Солифлюкция құбылысы беткейлердегі мекендермен беткейлер етегін бойлай өтетін жолдарға айтарлықтай зиян келтіреді.

Геомагнит өрісі Біздің планетаның дамуында геомагнит өрісі айтарлықтай рөл атқарады. Жер бетінен 90 мың км – ден асатын қашықтыққа дейін созылатын магнитосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттарында радияциялық белдеу жасайды. Бұл белдеу күн шығаратын өмірге қауіпті, энергиясы жоғары зарядталған бөлшектерді ұстап қалады.

Литосфера геохимиялық тепе-теңдігінің бұзылуы. Жер қойнауының химиялық құрамы үздіксіз өзгеріп тұрады. Мәселен уран мен торий табиғи ыдырау процесс нәтижесінде тұрақты қорғасынмен гелий элементтеріне айналады. Ғалымдардың есебі бойынша осыдан 2 млрд жыл бұрын жерде уранның 235^U изотобының мөлшері қазіргіден 6 есе көп болғандығы көрінеді. Осыған қарағанда планетадағы тіршілік атаулының барлығы жер радиоктивтілігі жағдайына біртіндеп бейімделген.

Жер бетінің орташа химиялық құрамы мантиядан базальтті төгілімдер келуі нәтижесінде өзгерген, бұл өзгеріс өткен геологиялық замандарда ерекше көп болған. Жер бетіндегі тау жыныстардың химиялық құрамы экзогендік химиялық процесстің жүруіне де байланысты. Жаңбыр және грунт суларының құрамындағы оттек, көмірқышқыл және басқа газдар тотықтыруға және ерітуге қабілетті. Жарықтар мен қуыстар арқылы сіңген су тау жыныстарды ерітіп, олардың құрамынан хлориттерді, сульфаттарды және карбонаттарды шығарады. Төзімділеу минералдар өзгермей орнында қалады.

Таужыныстар массивтерінің біртұтастығын карст процессі бұзады. Жер асты сулары әктас, гипс, тас, тұз, тау жыныстарын ерітіп, шайып шығарады. Нәтижесінде тау жыныстарының қабаттарында қуыстар пайда болады. Олардың үстіндегі жер бетінде опырылымдар мен отырулар, воронкалар жарылып, ол жердегі азаматтық, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстармен қондырғыларға қауіп туғызады.

Суффозия (лат. Суффозио - қазу) кезінде грунт құрамындағы тау жыныстардың майда бөлшектері мен еритін тұздары шайылып шығады. Тау жыныстар құрамы мен құрылымы өзгереді, олардың кеуектігі мен су өтімділігі артады, беріктігі төмендейді. Суффозия майда түйірлі құмдармен лестарда кеңінен дамиды. Суффозияның салдарынан оның үстіндегі тау жыныстар қат – қабат отырып, жер бетінде воронкалар пайда болады, олардың өлшемі 100 деген метрге жетеді. Бұл құбылыс құрылыстар мен қондырғылардың іргесі мен негізінің деформациялануына және құлауына әкеледі. Беткейлер етегіндегі тау жыныстардың қопсуы жылжымалар туындатады.