Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.02 Кб
Скачать

3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі

Мемлекет Қазақстан Республикасының ұйымдық-құқықтық түрлері мен тіркелу орындарына қарамастан барлық Заңды және жеке тұлғаларына қатысты шетелдіктер үшін міндетті экспорт және импорт тауарларының (қызмет, жұмыс) тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы өзінің мүлкіне өзі дербес жауап береді. Бұл Қазақстан Республикасының 1999 жылы 2 тамызда қабылдаған "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" заңынан анық байқалады.

Мемлекет шетелдік инвесторлармен жасалған инвестициялық келісімдердің  қатысушысы да болады.

Мемлекет сыртқы сауда  айналымына елшілік, консулдық немесе сауда өкілділігі арқылы қатысады. Айталық, Қазақстан Республикасының  сауда өкілдігі Қазақстан Республикасы атынан өзіне жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру үшін мәмілелер мен  басқа Заңдық актілер жасай алады. Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктері соттарға жауапкер болып тек сол елдегі Қазақстан Республикасы сауда өкілдіктері жасаған мәмілелер мен басқа да Заңдық актілерден туындайтын дауларға қатыса алады.

Қазақстан Республикасы сауда  өкілдіктерінің міндеттемелері бойынша  жауапкершілікті "Қазақстан Республикасының  сауда өкілдіктері туралы" ереженің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі көтереді.

Қазақстан Республикасының  сауда өкілдіктері қазақстандық сыртқы экономикалық және басқа да шаруашылық ұйымдардың міндеттемелеріне жауап бермейді, ал қазақстандық сыртқы экономикалық және басқа да шаруашылық ұйымдар өз кезегінде Қазақстан  Республикасы сауда өкілдігінің  міндеттемелері бойынша да жауапты  болмайды.

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Мемлекет нарық  экономикасының қалыптасуына әсер  ету ретінде пайдаланатын экономикалық  тұтқалардың ішінде азаматтық құқық субъектілерінің рөлі өте маңызды. Кез келген мемлекеттің нарықтық дамуы азаматтық құқық саласының дамып жетілгендігіне мүдделі. Өйткені заңдар өмір арнасына кешеуілдеген жағдайда туындаған азаматтық айналым қатынастарын реттеу мүмкін болмай азаматтық құқық субъектілерінің қатынастарына нұқсан келеді.  

Сондықтан құқық субъектілерінің  өзара түрлі қарым-қатынас ұйымдастыруды құқықтық тұрғыдан қолайлы үйлестіруді, реттеуді қамтамасыз ететін құқық саласын жетілдіру өте маңызды болып отыр. Осы мәселелердің ертерек шешілуі жүргізіліп отырған экономикалық және әлеуметтік реформалардың жемістілігіне әсерін тигізетіні даусыз.

     Осыған орай  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде көрсетілген азаматтық  құқық субъектілерін ажырата  алу, олардың түрлерін білу  құқық мамандары біздер үшін  маңызы зор. 

     Қорыта келе ерекше айта кетейін дегеніміз, Қазақстанның гүлденуі мен экономиканың тұрақтануы жолдары бойынша дұрыс жолмен дамуға мүмкіндік беретін азаматтық айналымға қатысушылар болып табылатын азаматтық құқық субъектілерінің маңызы зор.

Қорыта келе, РФ және басқа да дамыған елдердің оң тәжірибесін қолдана және отандық тарихи ерекшеліктерді ескере отырып Қазақстан дамыған демократиялық мемлекеттер арасында беделді орынға ие болатын құқықтық мемлекет болады деп сенеміз. Ал азаматтық құқық субъектілері осыған өз үлесін қоса береді дегім келеді.