Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурбану практика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
600.39 Кб
Скачать

Өлкеміздегі жер-су,орман-тоғай аттары.

Аса күрделі саяси және экономикалық кезеңдерде әкімшілік-аумақтық бөлу жөніндегі эксперименттер басталды. 1928 ж. қаңтарында Сырдария губерниясы 21 ауданнан тұратын Сырдария округі болып қайта құрылды. Содан соң көп ұзамай БОАК-нің 1930 жылы 23 шілдедегі қаулысымен округтерге бөлу жойылып, аудандарға бөлі енгізілді. Сырдария округінің құрамында енді 18 аудан қалды. 2 жылдан соң, 1932 ж. Қазақстан аумағында 6 облыс, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. БОАК-нің 1932 ж. 10 наурыздағы осы жөніндегі қаулысы облыстың туған күні болып саналады. 1938 ж. Жамбыл облысы бөлініп шықты. 1962 ж. орталығы Шымкентте Оңтүстік Қазақстан өлкесі құрылды. Оның құрамына Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары енді. 1964 ж. желтоқсанында «өлке» жойылып, Шымкент облысы осы атын сақтап қала берді. 1992 ж. 6 шілдеде ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысымен оған бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы деген аты қайтарылып берілді.

Жетісай - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы,қала.

Облыс орталығы – Шымкент қаласынан онтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан.

Тұрғыны 33,1 мың адам (2003).

Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы кент, 1969 жылы қалаға айналды.

Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ж. арқылы халықар. Ташкент – Сырдария – Бұхара темір жол өтеді

Мырзакент– ауыл тұрғындары бұл жерді қолданыста «Итаяқ» деп те атайды. Бұл тоғай, жер-су атаулары көбіне осы жерде бұрыннан орын теуіп қоныстанған ата-бабаларымыздың, ру басылардың есімімен аталады.

Қоңырат тоғай – Атығай-Қоңырат руының бір тармағындағы жұрттың бұрын қоныстанған мекен-тұрағы.

Шолақсай – қысқа дөңес жерден көрінетін сай.

Жиренөлген сай – бір байдың қатты боран кезінде жирен жылқысы өлген жер

Шардара – топырағы түрлі-түсті. Сондықтан осылай аталынған. Ертеден ел іші ақ балшықты, көңді, сары балшық сияқты құрылысқа қажетті топырақты осы жерден алады екен. Арыс– екі жақтан шоқ-шоқ болып ағаштың өсу қарқынына байланысты қойылған атау

Шардара – жалпы жердің атауы, топ-топ тоғайлар мен жазық дала алыстан шұбарланып көрінгендігінен осылай аталған екен.

Шиелі – шие жемісі көп өсетін, тұрақты табиғи байлықпен қамтамасыз етеп тұратын мекен.

Әулие ата – Әулие Босат деген атаның моласы орналасқан жер. Торағын емшілер ем-дом үшін де алып жатады.

IV. Төрт түлік малдың жасына, түсіне, жынысына байланысты атауларды жинау.

Жылқы малы.

Жылқы тұқымына қарай: арғымақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлдүл, т.б. бөлінеді. Шабыс ат: жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, саңлақ, бәйге ат деп; салтанатқа мінетін ат: жорға ат, су жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға; жай мініс ат: аяқ ылау, жетек ат, қосақ ат, түп ат, көсем ат деп жіктеледі.

Түйе.

Түйені негізінен, үш түрге бөлеміз: бір өркештісі – нар, қос өркештісі – айыр түйе. Сүті қою, майлы, өркеші аласалау, жалпақ, сылыңқы түйені «жөң» деп атаймыз. Суыққа шыдамсыз,жүні жұқа түйені «әлетүйе» дейміз. Тағы бір түрі – аруана. Еркегін «лөк», ұрғашысын «мая» деп атайды.

Қой малы.

Қой жасына, еркек-ұрғашысына қарай: ұрғашы қой(төлдейтін қой), саулық қой(көбіне бес жастан асқан қой), көбей, көрпеш, көрпелдес, көбеген (ерте туған қозы), бағлан, марқа, сырбаз қозы, қозы (туғаннан тоқтыға дейінгі атауы)қошқар (қойға жіберілетін еркегі), азбан деп аталады.

Ешкі малы.

Түсіне қарай: бөрте ешкі, жағал ешкі, сұр ешкі, ақ сұр ешкі, қара сұр ешкі, қара көк ешкі, бурыл ешкі, қара, қара ала, қара бас, қара мойын, ала мойын, боз ешкі сияқты түстеледі.

Төрт-түлік малға байланысты мақал-мәтелдер:

  • Жақсы ат – жанға серік.

  • Балықшының аты суға жарымайды.

  • Атты ақысын жаяуға жібермейді.

  • Кәртайғанда кәрібоз жорға шығарады.

  • Атты – батыр; атсыз жатыр.

  • Ат өледі, құс қашады.

  • Ат аяған жерге қарайды, құс аяған көкке қарайды.

  • Атың жемқор болса, берді құдай; қатының жемқор болса, ұрды құдай.

  • Ат мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер; тон кимеген тон кисе, сілке-сілке тоздырар.

  • Қара арғымақтан жал кетсе, қарға адым жер мұң болар; қара көзден нұр кетсе, жарық күнің түн болар.

  • Елің жаман болса, бір жақсыны сағала; атың жаман болса, ақ текенің мүйізімен тағала.

  • Қой егіз тапса, шөптіңбасы айыр туады.

  • Есі кеткен ешкі жияр, ешкімен есін жияр.

  • Ешкілі қой өреген.

  • Ешкі егіз тауып қойдан аспас, ит сегіз тауып елден сапас.

  • Жылқы- малдың патшасы, түйе- малдың қасқасы.

  • Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

  • Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе- күші жоқ.

  • Бір биенің екі емшегі, бірі кетсе- сүті жоқ.

  • Қоныс ақысын түйе қайтарады.

  • Алыстан шабынғанбураның күші қайтады.

  • Өткелде түйенің үлкені таяқ жейді.

  • Ат биеден, аруана түйеден туады.

  • Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда құрдас тату.

Тұрақты тіркестер:

  • Ақ түйенің қарны жарылды(Қарық болып қалды).

  • Ит басына іркіт төгілді(Молшылық).

  • Ит терісін басына қаптады (Қатты ұрысты).

  • Ат – басын бұрды(Бағытын өзгерту).

  • Ат ариды, тон тозды (Шаршап шалдықты).

  • Ат бауырына алды(Атпен қуып, сабау).

  • Сиыр мінез(Орынсыз әр нәрсеге соқтығу, қырсық).

  • Сиырдың жорғасы секілді(Майда жүріске салу).

  • Сиыр тектес(Жөнді сөйлемейтін).

  • Сиыр құйымшақтатты(Аяқсыз қалдыру, берекесіз ету).