- •V. Тыйым сөздердің мағынасын ашу.
- •VI. Студенттердің лексиконына назар аудару, теру.
- •Өлкеміздегі жер-су,орман-тоғай аттары.
- •IV. Төрт түлік малдың жасына, түсіне, жынысына байланысты атауларды жинау.
- •V. Тыйым сөздердің мағынасын ашу.
- •1. Жиі кездесетін тыйым сөздер:
- •2. Сирек кездесетін тыйым сөздер.
- •VI. Студенттердің лексиконына назар аудару, теру.
Диалектологиялық практикаға 2 жұма уақыт беріледі. Бұл практика барысында студенттер алдына төмендегідей мақсаттар қойылады:
диалектілік сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру;
өзі зерттейтін елді мекеннің тарихи атауына тоқталу және түсінік беру;
төрт түлік малдың жасына, түсіне, жынысына байланысты атауларды жинау;
тыйым сөздердің мағынасын ашу;
студенттердің лексиконына назар аудару, теру.
Тапсырмалар:
І. Диалектілік ерекшеліктері бар тұтас мәтіндерді, ел аузындағы әңгіме, аңыз, ертегі, өлең, мақал, жұмбақ, топонимдер мен кісі аттары т.б., сол сияқты салттық-тұрмыстық диалогтар жазып алу.
Халық тілінен диалектілік материал жиюдың шарттары:
құрамында диалектілік ерекшелігі бар сөздерді өзгертпей, айтылуы бойынша қағазға түсіру (әдеби баламасын жақша ішінде келтіру);
әрбір сөздің мағынасын сөйлем ішінде көрсету;
диалектілік сөздердің әр алуан ерекшеліктерін, олардың әртүрлі варианттарын толық қамту;
кейбір диалектілік сөздердің әдеби баламасы болмаса, түсінігін беру, мағынасын түсіндіру;
диалектілік ерекшелікті айтушы адамның қай руға жататынын көрсету.
ІІ. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің таралу шегін анықтау. Мысалы, орталық-солтүстік тобына тән грамматикалық, фонетикалық, лексика-фразеологиялық ерекшеліктерінің қайсысының қай жерде кездесіп, қай жерде кезедеспейтінін анықтау.
ІІІ. Өзі зерттейтін елді мекеннің тарихи атауына тоқталу және түсінік беру.
1.Жер-су аттарын теріп жазу.
лексико-семантикалық топтарға бөлу;
жасалу тәсілін көрсету;
олар туралы аңыз, әңгіме жинау;
кей атаулардың этимологиясына тоқталу.
2. Елді мекеннің қоныстанғалы қойылған атауларына тоқталу.
өзгерген жылдарын, себебін анықтау;
атаулардың мағынасына түсінік беру;
IV. Төрт түлік малдың жасына, түсіне, жынысына байланысты атауларды жинау.
осы атаулармен байланысты мақал-мәтелдерді теру;
тұрақты тіркестерді теру;
малдың жынысына, жасына, түсіне байланысты топтастыру.
V. Тыйым сөздердің мағынасын ашу.
жинаған тыйым сөздерді «жиі және сирек қолданылатын ТС» деп жіктеу.
ТС мағыналарын ашу.
VI. Студенттердің лексиконына назар аудару, теру.
ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын кірме сөздерді теріп жазу;
жиі кездесетін терминдерді көрсету;
мағынасы студенттер үшін таныс, көпшілік үшін бұлыңғыр сөздер мен сөз тіркестерін теріп, түсінік беру.
Ескерту:
сұраққа толық жауап беру
мәлімет кімнің аузынан жазылып алынғанын көрсету.
І. Диалектілік ерекшеліктері бар тұтас мәтіндерді, ел аузындағы әңгіме, аңыз, ертегі, өлең, мақал, жұмбақ, топонимдер мен кісі аттары т.б., сол сияқты салттық-тұрмыстық диалогтар жазып алу.
Қазақ тілінің диалектілері (قازاقءتىلىنىڭديالەكتىلەرى, Qazaq tiliniñ dïalektileri) — белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.
Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен.
Қазақ тілінің оңтүстік диалектісі. С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр ьайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында – Синьцзянмен (Шыңжан), ұйғырлармен, солтүстік – шығысында – найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік – батысында – алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде - өзбек, қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты 16 – ғасырда қазақ хандығына қосылған кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте заманнан бастап – ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл – қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін тайпалардың әр түрлі табиғи – тарихи себептерге байланысты басқа тайпалармен қарым – қатынасы нашар болғандығы да үлкен әсер етті. Мәселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш көлі, Бетпақ дала, солтүстік – батысындағы ұлан – байтақ далалар, Қызылқұм және Арал теңізі осындай табиғи бөгеттер болып табылады. Онымен бірге бұл диалектінің қалыптасуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де әсер етті. Ұлы жүздің 17 – 19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті. Бірнеше тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасы көрсететін негізгілері бар және негізгі болып табылмайтын жеке ерекшеліктері бар, сол сияқты басқа диалектілерде ауысып кіргендері де бар. Оңтүстік диалектісінің С. Аманжолов көрсеткен негізгі ерекшеліктері төмендегідей.
ІІ. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің таралу шегін анықтау.
Фонетикалық ерекшеліктер:
С пен ш алмасуы: мысық – мышық, есек – ешек, масқара – машқара;
Ш мен ч алмасуы; шұқырау – чұрқырау, шана – чана, шеге – чеге, шикі – чикі, шүберек – чүберек. Бұл өзгешелік Қазақстанның шығыс аудандарында да кездеседі.
Д мен л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла, маңдай – маңлай, адамау – аңламау.
Б мен п алмасуы: болат – полат, бітіру – пітіру, бейнет – пейнет, бақыр – пақыр, байқау – пайқау.
Ң мен н алмасуы: ертең – ертен, өлең - өлен, көбең – көбен, қалың – қалын.
М мен п алмасуы: маңай – паңай, мақта – пахта, мешпет – пешпет.
К мен г алмасуы: күріш – гүріш, көң – гөң, т. б. Бұл алмасу оңтүстік диалектісіндегі оғыз тілдерінің әсерін көрсетеді;
Б мен у ауысуы: кебіс – кеуіш, көпір – көуір, шылапшын – шылаушын // шіләужін.
Ж мен й ауысуы: о жақ – о йақ, бұ жақ – бү йақ, о (л) жерде – о йерде.
С мен т ауысуы: түгесу – түгету, қысу – қыту, сырқаттану – сырқастану, тұрпат – сұрпат.
А мен ә алмасуы: қатты – кәтті, қайтып – кәйтіп, керісінше, әйел – айал, едәуір – адауір.
Диалектілердің лексикалық ерекшеліктері:Лексикалық ерекшеліктері. С. Аманжолов оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі. Берілген материалдар оңтүстік диалектісі мен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын да қамтыған. Егіншілік пен бау – бақшаға байланысты сөздер өте көп және олардың кейбірі баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, бүкіл халық пайдаланатын сөздерге айналып отыр. Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған, басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес. Қазақ тілі лексикасының тарихын тексеруде бұлардың зор мәні бар.
Оңтүстік диалектісінде лексикалық ерекшеліктердің бәрін бірдей беру мүмкін болмағандықтан, төменде кейбір мысалдар ғана келтіріліп отыр: айуан, дәліз, далаң – ауыз үй, алдыңғы үй, аташ – пойыз, ауқат – тамақ, жұмыс, ашық – машық, топша, тұрым – топса, әтешкер, әтешкі- қысқаш, әтубер – абырой, бақуат – қуатты, бәдірен – қияр, бігіз – біз, білік // пілік – білте, бітпе – жазба, дава – таба, табадан, дақыл – нәрсе, зат, дарбаза – қақпа, дарын – жаршы, қабырға, дүр – шебер, маман, діт – ой, арма, еге – ие, егер – ер, етмал – ықтимал, жаған // жағлан – қайыс сандық, жам, кірлен, лөген – леген, шылапшын, жемелек – шашбау, жоғырмақта - жуықта, жозы – аласа үстел, жуалдыз – тебен ине, зәмбіл // зембіл – нәселке, зөңгі // зеңгі – басқыш, саты, зерен – тотаған, зілмендей – зілдей, кәттә - зор, үлкен, кепсер – сүзгі темір, кеуірт – күкірт, кеуіш – кебіс, қам – шикі, леген – табақ, мекпі, топы – тақия, төбетей, мұқым – тіпті, мүлде, мұттайым – қу, өтірікші, мыттық – арамза, нам – ат, есім, нам – дымқыл, ылғал, нанбай – үлкен, зор, өтпен – тұрақ, мекен, пая – сабақ, парбоз // паруаз – үй төбесіне салатын ағаш, пахнатты – күйлі, пешене – маңдай, бақыт, пісентті – жинақты, ұқыпты, сыйлықтау – сыйлау, таға – нағашы, тиқоры – негізінде, асылында, уақытылы – уақытында, үстін – діңгек , тіреу, шайдоз – қара құман, шақа – жүйе, рет, шыптахана – билет сататын орын т. б.
Оңтүстік диалектісінде әдеби тілмен салыстырғанда қалыптасуынада, мағынасында, қолдануда ерекшелік бар идеомалық, фразалық сөз тіркестері едәуір мөлшерде кездеседі. Мысалы, алағаудан болу – алаң болу, амалкесін іздеу – амал іздеу, аяқ қылып тастау – аяқсыз қалдыру, әдден тысқары – шамадан тыс, бәз уақытта – кей уақытта, белі ауыру – жаны ашу, біршек болу – бөліну.
Үй шаруашылығына байланысты қолданылатын сөздер:
Кілттік-құлпы салынатын жер.
Тас қора-кірпіштен салынған қора.Сиыры тас қорадан шығып кетті.
Ашық-машық (топса)- есіктің ашық- машығы.Кей жерде топса деп те атайды.
Кереге-үйдің қабырғасы.Үйдің керегесі биікБұл жерде әдеби тілдегі мағынасы өзгеріп отыр.
Масахана-масадан сақтану үшін қолданылатын матадан тігілген төрт бұрышты мата.
Ат арба-атқа жалғанатын, үлкен арба түрі.Бұрынғы кезде отын, керекті заттарын таситын болған,қазіргі кезде тек ғана шөп тасуға қолданылады.
Көсеу ағаш-үйдің төбесіне салатын шабақ.Көрші ауылда, не басқа жерлерде сырғауыл, бақан,шанжа деп те аталатын атаулары кездесіп жатады.
Қазан-ошақ жақ- кухня,ас үй.Бұяғы үлкен жақ,ана жағы қазан жақ.
Кебеже– ыдыс және табақтар салып қоятын сандық түрі.
Қой қора-қой қамайтын бөлме..
Саты – баспалдақ..
Кесеу– пештің күлін қозғайтын құрал.
Мал базар—малды сатуға арналған орын.Малды саудаласатын, алым салық жасайтын базар.
Шот(Жетісай)– жер өңдейтін құрал, кішкене кетпен түрі.
Шалғы орақ(Мақтараарал)—жоңыршқа сияты шөптерді оруға арналған орақ.
Шымылдық(Жамб.)/шаршау(Аққай.) – перде.
Ақ тас– әк.
Ләген/ләгөн (Солт.Қаз)– кір жууға арналған ыдыс, шылапшын. Леген сөзі тамақ салуға арналған жайпақ тәрелке.(Оңт.Қаз)
Күрішке(Ожау)- су ішуге арналған ыдыс.Кейде оған қымыз, сүт те ішуге қолданылады..
Ұн бөлме(Киров қ)– ұн салатын жер.
Асар(Жетісай,Мақтарал,Сарағаш)-адамдар жиналып көмекке келу.көмектесу.Мысалы,уй тұрғызғанда,егін еккенде т.б қиын көпшілік істейтін жұмыстарға көмектесу..
Тістеуік, қысқаш – кемпірауыз
Балауыз шам– май-шам
Сұқпа/жапқыш(Шымкент.Арыс) – пештің мойнының орта тұсында түтін шығару үшін қолданатын құрал.
Тоқалақ үй - төбесінің шатыры жоқ үй.Бұл сөздің орнына Алматы,Жамбыл,Сарағаш қалаларында кейбір жерлерінде тоқал тамсөзі қолданыады.
Шатыр-үйдің төбесі. Кейбір көрші Киров,Қызылқум,Атакент аудандарында үй шифоры деп те қолданылады.
Қорған деген сөз Шымкентте завор деп қолданса, Жетісайда варота, Мақтаралда дарваза,Датқа да қорған деп атайды екен.
Қазандық-ошақ.Үй аяқты қазандық болса, ыңғайлы болар еді.Морфологиялық құрамы. Қазан және дық.
Тамаққа байланысты сөздер:
Ақ-айран.Жазда ыстық кезінде ақ ішеміз.Көбіне ауылда үлкен кісілер айтады.Жастар арасында кең қолданыла бермейді.
Май сөк(Мақтарал)– тарыдан жасалатын тағам түрі.Құрамында май, қант, сүтті араластырып бұқтырылып пісіріледі.Мұны көбінесе наурыз мерекесінде ,ұлттық тағам ретінде пісіреміз.Жас келіндер арнайы дайындап көршілерді де қонаққа шақырып жатады.Той –жиындарда дастарханға қойылады.Бұл қазақтың қаситті тағамдары ретінде бағаланады.Тіпті, бұл тағамды істей алмайтын адамды сынға алып та жатады.Сол себепті біздің жақта көп пісіріледі. Оны кейде сөк деп те атайды.
Ашытқы(Оңт.Қаз.Мырзакент,Пардсез) - дрож, нанның қамырын ашыту үшін қолданылады.Арнайы қамырды ашытып қолдан жасайды.Дрож орнына жұмсалады.Ашытқыға пісірілген нан дәмді болса, көпке дейін сақталады. Солт.Қаз бұл сөз сабалақ деп атайды.Сабалақ – келесі ашытуға алып қалынған шикі қамыр.
Құлақ нан/жайма нан – етке салынатын нан.(Солт.Қаз) Ал, бұл сөз біздің Оңт.Қаз Шымкент қаласында қамыр,жайма, деп атайды.Еттің қамыры, еттін жаймаса деген тіркеспен қолданылады.
Жеті нан– кісі қайтқанда пісірілетін нан.
Тапа нан– жұқа нанның бір түрі.
Зуала(Атакент,Мырзашөл)-бір зуала қамыр, яғни қамырды бөліп дөңгелек жасап қоюы.Осыған байланысты тағы да йуі қану деген сөз бар.Бұл сөз дөңгелек қамырды керсенге салып біраз уақытқа салып қою.йуі қанған қамыр жақсы,жайылады.
Сықпа құрт – қолмен сығып істелінген сопақтау келген кішкентай құрт.
Ыдыс- аяқ атаулары:
Шұяқ – кішкентай қазан
Айырқасық – шанышқы, вилка, айыр
Қымыз кесе – үлкен қымыз ішетін кесе
Сорпа кесе – үлкен сорпа ішетін кесе
Ілес – нан пісіретін үлкен төрт бұрышты қаңылтыр, қалып
Бұқтырғыш – самаурын бұқтыратын қақпағы
Шарашық – аяқ
Сүзекіа – сүт сүзетін құрал
Шайтабақ – кішкентай табақша
Табақша – тарелканың кішкентайы
Сүзгі ожау, тесік ожау – ожаудың бір түрі. Кейбір аудандарда бұл құралды кәпкір деп атайды екен.
Кәтөлөк(котелок)/топатай(Мақтаарал ауд– су, сүт құятын ыдыс.
Мал шаруашылығына байланысты:
Мәренес– құйрықты қой.(татар тілінен ауысқан)
Тайша – тайынша.
Бұқашық – торпақ.
Қырқынды – шөптің мал жегеннен қалған қалдығы.
Мекен – сабанның ұсақ қалдығы.
Шошақ – шөмеледен үлкенірек үйінді шөп.
Көпене – шөмеле.
Тәмпіш – енесінен жетім қалған төл.
Жеміс-жидек, шөп атаулары:
Алматы облысы дарбыз – қарбыз, жегелек – сары қауын, келімдәрі – қызыл бұрыш, чемішке – күнбағыс. Жамбыл облысы бадыраң – бәдірен –бадыраң – бәдірең – қияр, күнгебағар – күнбағыс, қозықұлақ – саңырауқұлақ.
Шымкент облысы аскелді – асқабақ, жоңырышқа – жоңышқа, пақта – мақта, пәмілдәрі – помидор, керем – кәрәм – капуста.
Орал облысы алашағу – күнбағыс, балмұрын – итмұрын, ботташық –картоп. Қостанай обылыс алақұрт – күнбағыс, бәрәңгі – картоп, өгіршік –қияр, шеттеуік – күнбағыс.
Семей, Шығыс Қазақстан облысы қауын – қарбыз, әгүршік –қияр, чекілдеуік – күнбағыс, рауағаш – рауғаш т.б.
Орталық және солтүстік Қазақстан облысы картопия –картоп, қоқыраз –жүгері, патсөндік – күнбағыс, сарымсақ –пияз.
Заттың сынын, сыр-сипатын білдіретін сөздер:
дәу– үлкен мағынасында.
Ұзынтұра – бойы ұзын деген мағынада (адамға қатысты).
Кіттай, титтаай– кішкентай.
Оңды – жақсы.
еңгезердей–үлкен(жағымсыз мағынада).
Үр жаңа –бейхабар, судан таза, сүттен ақ..
ІІІ. Өзі зерттейтін елді мекеннің тарихи атауына тоқталу және түсінік беру.
Диназаврлар қорек еткен өсімдіктерді көргіңіз келсе, немесе ежелгі адамдардың найзасын қолыңызбен сипағыңыз келсе, мархабат, Шымкентке келіңіз. Түлкібас ауылының тауларында жасы 100 млн. жылдан асқын өсімдіктер мен хайуанаттардың іздері сақталған тастар жатыр, ал ежелгі тас дәуіріндегі адамның әрекетін дәлелдейтін куәгерлер Түркістан маңындағы Қошқарған елді мекенінен табылған. Осы біздің жерге қарасты Қызылқұм ауылдық округы жайлы халық арасында мынадай бір аңыз әңгіме бар.Ауылымыздың көпті көрген кісілерінің бірі, Оралбаева Оразкүл әжемнің айтуы бойынша жазып алдым. Соған тоқталып кетсем:
Ертеде соғыс заманында Қызылқұм жерінде соғыс болып, үлкен шайқас, үлкен қантөгіс болады.Нақты қанша уақыт болғаны белгісіз ,ұзақ уақытқа жалғасқан екен.Қан майдан шайқас болғаны соншалық, арықтарда су қан болып ағыпты,Жер қып қызыл қан болыпты.Сол бойы арада қанша жыл қтсе де жер қызыл бояуынан арылмапты. Осыдан шошынған халық ол жерді «Қызылқұм» деп атап кетіпті –мыс деген аңыз бар.
Ежелгі тарихы
Осыларға ұқсас Шоқтас ескерткіші Қазақстан — Ресей археологиялық экспедициясының барысында ашылған.Аймақты ежелгі адамдардың мекендегенінің дәлелдерін Қазақстанның оңтүстігіндегі палеолиттік мәдениеттер орталығының алғашқы ұйымдастырушысы Х.А.Алпысбаев келтіріп отыр. Облыстық Бәйдібек ауданындағы Қарасу көп қабатты палеолит тұрағының ашылуы ғылымға қосылған сүбелі жаңалық болды. Бұл ауданның аймағы ежелгі тарихқа қатысты көптеген ғылыми еңбектерде келтірілген: археологиялық қазба жұмыстарының барысында мұнда 20-дан аса ежелгі адамдардың мекендері, көптеген тас ғасыр дәуірінің құрал-саймандары табылған. Оңтүстік Қазақстан ғалымдары орта және жоғары палеолит дәуірлеріне жататын 6 мәдени қабаттарды ашты. Көптеген тастан жасалған бұйымдармен бірге жануарлар сүйектерінің қалдықтары, от жаққан жерлердің іздері, охраның бөліктері табылған. Қазақстанда мұндай ежелгі ғасырлар дәуіріне жататын ескерткіштер санаулы-ақ.
1958 жылы Кіші Қаратау қойнауынан жоғарғы палеолит дәуіріне жататын Үшбас үңгірі (Созақ ауданы) ашылды. Үңгірдің жартас еденінде ошақ маңынан бір қырына 10 белгі салынған алеврониттен жасалған бұйым табылған. Мұндай кертікті бұйымдар есептеу операцияларында қолданылған. Осыған ұқсас сүйектен жасалған бұйымдар ( б.з.д. 6-3 мың жылдықтарда) Қарақоңыр үңгірінен де ( Түлкібас ауданы) табылған. Бұл жерден тастан жасалған еңбек құралдары, жебелердің ұштары, сүйектен жасалған ұсақ-түйектер, дөңгелек, боялған керамика ыдыс-аяқтар табылған. Қазақстанның оңтүстігінде мұндай жаңалықтар бірен – саран, сол себепті үңгірді еліміздің бірегей археологиялық ескерткіштерінің қатарына жатқызуға болады. Мезо және неолиттік дәуірлердің тас индустриясының ескерткіштерін іздестіру бұл күндері де жүргізілуде.
Қола дәуіріне қатысты облыс көлемінде зерттелген ескерткіштер бірен-саран ғана. Бұл ең алдымен Баба ата шатқалындағы Таутары моласы. Одан табылған жәдігерлерді талдау оларды Андронов мәдениетінің орта кезеңінің басына (б.з.д. 11-9 ғғ.) таңуға мүмкіндік берді. Түркістан қаласынан 6км жердегі Шербай моласының артефактылары б.з.д. 17-14 ғасырларға қатысты.
Б.з.д. 8-3 ғғ. өлкенің аумағында сақ мәдениеті таралды. Қошқар ата моласы мен Бөген су қоймасының аймағында жүргізілген археологиялық зерттеулер ежелгі сақтардың материалдық мәдениеті, өмір салты, шаруашылығы және діни наным-сенімдері туралы түсінік береді. Мұның барлығы жартастағы жазулар-петроглифтерде айқын көрініс тапқан. Олардың қатарына Арпаузен және Қойбағар (Созақ ауданы), Боралдай суреттері (Бәйдібек ауданы), Қасқабұлақ(Түлкібас ауданы) петроглифтері және басқалары жатады.
Төле би ауданының аумағында да сақ тайпалары б.з.д. 13 ғ. өмір сүрген. Қазақтардың сонымен бірге Ұлы жүз тайпаларының түпкі ата-бабаларының бірі болған үйсіндердің өмірі мен шаруашылықтарының іздері табылған. Аңыздарға сенсек, Ұлы жүздің түпкі анасы үйсін ханы Бәйдібектің үш әйелінің біреуі Домалақ ананың төркіндері орта ғасырларда Үлкен және Кіші Бөген өзендерінің жағалауларында көшіп-қонып жүрген.
Арыс мәдениеті б.з.д. 4 ғ. мен б.з.6 ғ.аралығына қатысты және Қазақстанның оңтүстігінде орын алған саяси және этникалық процентерді көрсетеді. Сол кездердің материалдары Кангюй иеліктерін Арыс-Бадам ауданының аумағымен белгілеген, ол астанасы Битянь қаласын Қараспантөбе қалашығымен (Ордабасы ауданы) байланыстыруға негіз береді.
Б.з. 6 ғ. ортасынан бастап Қазақстанның кең-байтақ аумағында түркілердің, түргештердің, қарлұқтардың, қимақтар мен қыпшақтардың ерте феодалдық мемлекеттері пайда болып, дамып, құрып кетіп жатты. 6-11 ғғ.көшпенділердің мемлекеттік ұйымдасуға ұмтылысымен сипатталады. Батыс Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының пайда болуы мұның жарқын айғағы.
Ерте ортағасырлар кезінде қалыптасқан тарихи-мәдени аймақтардың ішінде қазіргі Шымкент аумағы да болды. Одан 8км қашықтықта «Ақ өзен жағасындағы қала» — Испиджаб(Сайрам) орналасты. 7 ғ. « Ақ өзен жағасындағы қала» Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар қатарында болған. Отырармен (Фараб), Таразбен және басқалармен бірге ол 7-11 ғғ. жолсілтемелеріне енген. Деректер бойынша, Сырдария жағасында Шауғар(Түркістан), Газгирд, Шараб, Бурухкет, Тамтаунде және Абарджадне кездеседі.
9 ғ. екінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде қалалар көбейіп, олардың мәдениеті дами бастайды. Олардың ішінде Отырар қаласы ерекше көзге түсті. Жазба деректер мен археологиялық қазбалар оның тарихы, тіршілігі және 17-18 ғғ. күйреуі туралы құнды деректер береді. Өлкенің ортағасырлық қалаларының санына қазіргі Көлтоған ауылының аумағында болған Арсубаникет жатады. Бірақ бәрінен де атақтысы Түркістан(ертедегі аты Шауғар). Жазба деректерге сәйкес, ол Отырар қаласынан бірүндік жерде қазіргі Түркістан қаласына жақын орналасқан.
12-13 ғ. қала өзінің сауда-мәдени мағынасын жоғалтып, аймақтың орталығы Яссыға(Түркістан) ауысады. Түркістаннан 30км жерде ортағасырлық Сауран қаласының қираған орны жатыр(6-8 ғғ.). Осы тұста Қазақстанның мәдениеті, қала құрылысы, қол-өнері мен керуен саудасы дамыған өлкесі оңтүстік өңірі болды.
