Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортағасырдағы Франция тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.65 Кб
Скачать

1.3. Канондық құқық нормалары

 

Францияда канондық нормалармен, әдеттермен және корольдің ордонанстарымен  отбасылық-некелік қарым-қатынастар шіркеудің бекітілетін. Ер адамдар 13-15 жаста, қыз балалар 12 жаста некесін қия беретін. Некеге тұру үшін әке-шешесінің және екі жақтың келісімі керек болатын. Сервтердің басқа сеньордың жеке басы бос адамдарымен некеге тұруға құқығы жоқ еді. Феодалдың бірінші түн құқығы болатын, бұл салықты үйленетін шаруа ақшалай төлейтін. Кейбір адамдар некеге тұра алмайтын. Олар жастары жетпегендер, шоқынбағандар және туысқан адамдар. Келісімсіз құрылған неке және шіркеу қызметкерлердің некелері заңсыз некелерге жататын. Шіркеу ажырасуға тыйым салды. Жұбайлар өзара сыйласып, бірге тұруға міндетті болатын. Ер адам шаңырақтың иесі, әйелі оған бағынышты болып, артынан еріп жүруі керек. Әйел адам ешқандай мүліктік құқыққа ие болмайды. Күйеуінің келісімі болмаса, әйел адам мүлікті де сата алмады, сыйлыққа бермеді, ауыстырмады, шарт құрмады және сотқа қатыса алмады.[2, 169б]

Мемлекеттің орталықтану  процесіне байланысты сеньорлардың юрисдикциясы азайды да, корольдің  билігі нығая бастады.

Қылмыстық жауапкершілік  адамның құқық және сословиелік  жағдайына байланысты болатын. Дворяндарға көбіне айыппұл салу және мүлігін тәркілеу жазасы қолданылатын. Дарға асу арқылы өлім жазасын қолдануға болмайтын және оларға тән жазасы да қолданылмаған. Шіркеу қызметкерлері де жеке қылмыстарға жауапкершілікке тартылатын. Шаруалардың көтерілістеріне ешқандай соттық жауапкершілік болмайтын. Жакерия деген көтерілісті басқаннан кейін екі жұмада 20000 адамды асып өлтіргені белгілі.

Феодалдық ұсақтау  кезінде процесс айыптау тұрғысында өтетін. Оған қатысатын екі жақтың да құқықтары тең. Жұртшылықтың көзінше өтетін процестің белгілері бір нышанда сақталды. Негізгі дәлелдерге айыпкердің өз кінәсін мойындау, жазбаша дәлелдеу жататын. Кейбір ордалиялар сақталды: ыссы темірмен және сумен сынау. XVIII ғасырда ордалиялар қолданылмайтын болды. Сот процесінде кемінде екі куәгердің куә болуы керек еді. Жақын туысқандарды, екі жақтың туысқандарын және оларға қарайтын адамдарды сотқа куәгер етіп шақыруға болмайтын.

Сотта талас-тартысты дәлелдеу екі жақтың да міндеті. Бұл феодалдардың арасында жиі кездеседі. Айыпты адамды айыптаушы жақ жекпе-жекке өзі шақыруға тиіс. Айыптаушы керек сөздерді айтып, айыпкердің бетіне қолындағы қолқабын лақтырады. Айыпкер саусақтағы биялайды көтерсе, ол жекпе-жекке шығуға ұсынысты қабылдады дегені. Ақсүйектер жекпе-жекке атпен толық қаруланып шығатын. Қарапайым адамдар таяқпен төбелесетін. Ақсүйектер жай адамдарды жекпе-жекке шақырса, олар жаяу және жалаң бас, қолына тек қана таяқ ұстап шығуға тиіс.

Жай адамдар ақсүйектерді жекпе-жекке шақырса, олар атты және қолындағы бар қарумен шығатын. Шіркеу адамдары, әйелдер, алпыс жастан асқан адамдар өзінің орнына басқа адамдарды шығаруға құқылы еді. Бірақ жекпе-жекке қатысқан адам жеңіліп қалса, оның оң қолын шауып тастайтын. Жекпе-жек белгілі орында өтетін, оның көп ережесі болатын. Жеңілген адам кінәлі деп саналатын. Ол жауапкер ретінде белгілі бір жазаға тартылатын. Жекпе-жекті тек өте ауыр, адам өлтіру сияқты қылмыстарды дәлелдеу үшін ғана қолданатын. Тоғызыншы Людовиктың реформалары кезінде жекпе-жек жоғала бастады. [2, 171б]

Азаматтық сот  процесі қылмыстық соттан бөліне бастады. Бұл жағдай таптық күрестің күшеюіне байланысты болатын.

Айыптау процесінің орнына тергеу-тексеру процесі келеді. Бұл процестің дамуына шіркеудің құқықтары ықпалын тигізді. Жаңа процесс бойынша енді істі қозғау жәбірленуші жақтан мемлекетке көшеді, бұл органда қылмыскерді өздері іздеп, тергеу өткізеді. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: бірінші кезең - қылмыскерді іздеп, оның тергеуін өткізу, ал екіншіге ашық сот жататын. Бірінші кезенде жиналған материалдарға баға беріледі. Дәлелдеу процесінде формалдылықтың көптеген нышандары сақталған болады. Сотталған адам кінәсін мойындау үшін қинау әдісін жиі қолданатын. Сынаудың жай және ауыр түрлері болатын. Кінәні мойындау - ең маңызды дәлелдеуге жатады. Осы процестің бірінші кезеңі құпия түрінде өтетін. Корольдің билігі күшейген сайын сеньориалдық және шіркеу соттарының қызмет бабы азайды да, король соттарының қызметтері көбейді және күшейді. Сот жүйесі өте шиеленіскен және күрделі болатын.

Сот жүйесі өте  күрделі және атам заманғы болатын. Сеньориалдық соттар сақталды. Шіркеу соттарымен қатар коммерциялық, банк, адмиралтейлік және басқа соттар құрылған болатын. Корольдің соттарына  бальяждардағы, қалалардағы соттар және Париж қаласындағы парламент жататын.

Парламент мемлекеттік  істерді қарай алмайтын болды. Оның орындары сатыла бастады. Парламент  ремонстрация құқығын жоғалтты. Он төртінші Людовик мемлекетті 54 жыл  басқарып, Париж парламентінің ремонстрация құқығын тоқтатқан болатын. "Мемлекет дегеніміз мен" деп айтылған сөздері осы парламенттің жұмысына байланысты. Парламент ремонстрация құқығын пайдаланған жағдайда, король өзі парламентке келіп, осы сөздерді айтқан болатын. Содан кейін Парижде парламенттің наразылығы тоқтады. 1673 жылдан бастап Париж парламентінің құқығы шектеліп, ремонстрация қызметін істемейтін болды. 1614 жылдан Францияның корольдері қоғамдағы орнын көрсету үшін біз құдайдың қайырымдылығындамыз деген мәтел шығарды. Барлық биліктердің қайнар көзі - король. Оның билігін және қызметін ешкім бақылай алмайды. Король заң шығарады, "бір король - бір заң". Король мемлекеттің және шіркеудің жоғарғы қызметкерлерін өзі тағайындайды. Мемлекеттік басқару мәселелерді шешкенде ең соңғы тұжырымды билікті ол айтатын. Францияның королі маңызды сыртқы саяси мәселелерді жеке шешіп, экономикалық саясатты белгілейтін, салықты кіргізетін, ақшаны жұмсайтын, мемлекетті өзінің атынан басқаратын.

Жергілікті  басқару бюрократтық бір орталыққа  қарату негізіндегі принциппен құрылды. Франция провинциялар мен округтерге бөлінді. XVI-ғасырдан бастап губернаторларда да тағайындалатын болды. Олардың қызметтері көбіне әскери міндеттермен шектелуші еді. 1535 жылдан округтерге комиссарларды жіберетін болды, олар интендант деп аталатын еді. Олардың билігі өте күшті болатын, олар корольдің өзіне немесе оның бірінші министріне бағынатын. Интенданттар полиция, юстиция және қаржы мәселелерін шешетін. Олардың орындары сатылмайтын, сондықтан орталық биліктен тәуелді екені түсінікті. Интенданттар жергілікті органдардың бәрін бақылайтын, олардың негізгі қызметі - салық, жинау. Жанама салықтарды жинайтын адамдар бұл қызмет орындарын сатып ала алатын.

Он төртінші Людовик әскерге солдаттарды  шетелден алмайтын етті. Оның әскері тұрақты әскерге жататын. XVII ғасырда әскерде 46 жаяу, 28 атты полк болатын, әскерлердің үштен бір бөлігі жалдамалы болды. Солдаттар үшінші сословиеден жасақталды. Офицерлер болса, бұрынғыдай тек дворяндардан алынатын. Офицерлердің орындары бұрынғыдай сатылатын еді. Францияның әскері бүкіл Еуропаның ең мықты және үлкен әскерлері ретінде саналатын.

Шексіз монархия тек зорлық пен күштеу әдістерін  қолданды. Мемлекеттік аппаратта  сыбайлас жемқорлық, бір-бірін күндеу заңды жағдайлар болатын. Мемлекетті талантсыз адамдардың басқаратынын бәрі білді. Корольдің сарайы Францияның ұлттық байлығын өзіне жұмсады, ал халықтың жағдайы ауырлай берді. Мемлекеттің ең жоғары орындарында ақсүйектер отыратын, байлар мен жалпы буржуазия өзінің наразалығын білдіре бастады. Король олардың мүддесін қорғаса да, бірінші орында феодалдар болатын, ал екінші орында буржуазия топтары тұрды. Король билігін сынға алушылар қатарында буржуазияның ағартушы қызметкерлері тарихтан белгілі: Вольтер, Монтескье, Руссо есімдері.

Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: патшалық, сеньориалдық, қалалық және шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын.