- •Әдет – ғұрып (кутюмдер)
- •Рим құқығының нормалары
- •1.3. Канондық құқық нормалары
- •1.4. Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары және декларациялары
- •XVII ғасырдан бастап сеньориалдык соттың шығарған шешіміне Париж Парламентіне шағым беруге рүқсат етілді. Сеньориалдық юстиция өзінің тәуелсіздігін жоғалтты.
- •2.2. Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы
Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздерін қарастыру; олар: әдет – ғұрып (кутюмдер), Рим құқығының нормалары, канондық құқық тың нормалары, король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары және декларациялары, парламенттің сот тәжірибесі
Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері
Әдет – ғұрып (кутюмдер)
Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге бөлінетін, шекарасы Луар өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын. Рим құқығын университеттерде оқылатын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын. Францияның солтүстігінде бұрыннан келе жатқан кутюм деген әдеттер қолданылатын. [1, 188б]
Сословиелік-өкілдік монархия кезінде жүйелеу процестері басталды. Кутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі әдеттерді бальялерге жинап, тәртіпке келтіргісі келді. Осы әдеттердің жинағы XIII ғасырда құрылған "Қасиетті Людовиктің мекемесі" деп аталатын. Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІV-ХV ғасырларда ауылдардың, қалалардың және феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық көре бастады.
1453 жылы Карл жетінші кутюмдерді, әдеттерді, соттың формулаларын парламентке басынан аяғына дейін жинап, бекітті. Бұл жұмысты одан кейінгілер де жалғастырды. Сонымен, заң күшін алған жергілікті кутюмдер саны 300-ден асты. Абсолютизм кезінде әдеттерді жинап шығаруға тыйым салынды.
Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша шығарылған болса да, бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық партикуляризм сипатын сақтады.
Жазылған құқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонанстар жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдің жерлеріне ғана қолданылды. XVI ғасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бұл актілерді бекітпесе, оның заң күші болмайтын еді.
Король актілерінің рөлі күшейе түсуіне орай XVII-XVIII ғасырларда қылмыстық құқықтың бірқатар ордонанстары шықты. Бірақ жалпы құқық жүйесі Францияда қалыптасқан жоқ. Оның құқығы да, соты да өте шиеленіскен және күрделі жағдайда болды.
Шексіз монархия заң шығару, атқарушы және сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы — корольдың қолына шоғырлануымен сипатталды. Бұл Бас штаттардың қызметінің тоқтатылуына алып келді, парламенттің құқықтары бірден шектелді, шіркеу толығымен корольге бағынады. [1,189б]
Мемлекеттік басқарудың орталық органдары әртүрлі кезеңдерде құрылған түрлі мекемелердің жиынтығынан құралды. Оларға мыналар жатты: Мемлекеттік кеңес — корольдың жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабарламалар кеңесі, Құпия кеңес — кейбір іс санаттарын кассациялық қайта қараумен айналысты; канцлер аппараты. Бұл органдардың барлығын Қаржыларды бас басқарушы мен төрт мемлекеттік хатшылар (әскери, шетелдік, теңіз және король сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы корольмен бірлесе отырып кіші корольдық кеңесті құрады.
Жергілікті басқару. Корольдықтың аумағы генералитетке, губернаторлықтарға, диоцездерге, бальяждарға және интенданттықтарға бөлінді, олар қаржылық, әскери, шіркеулік, сот және әкімшілік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне сәйкес келеді. Жергілікті жердегі басқаруды интенданттар — корольдық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.
Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. ал феод деп атала бастады.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатып алу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот өндірісі. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатып алу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар кутюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл.
Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот өндірісі.
