- •Қаржы – экономикалық факультеті Есеп және аудит кафедрасы
- •5. Студенттердің меңгеретін білімі және іскерлігі:
- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдын критерийлері (мысалы)
- •Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары – 3 кредит
- •Осөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары – 3 кредит
- •Осөж тапсырмалары
- •1 Тақырып Бағалаудың пәні, мақсаты, тәсілі»
- •2 Тақырып Балаудың негізгі принциптері және құн түрлері»
- •3 Тақырып Бағалауды анықтау үшін ақпараттық базаны кұру»
- •4 Тақырып «Бағалау процедурасы»
- •5 Тақырып «Бағалаудың шығындық тәсілі»
- •6 Тақырып «Бағалаудың кіріс тәсілі»
- •7 Тақырып «Бағалаудың салыстырмалы (нарықтық) тәсілді қолдану ерекшеліктері мен мазмұны»
- •8 Тақырып «Кәсіпорынның қаржылық күйін бағалау»
- •9 Тақырып «Бағалау процедурасының нысандалуы»
- •10 Тақырып «Жер учаскесінің кұнын бағалау. Бағалау заты»
- •11 Тақырып «Жылжымайтын мүлікті бағалау»
- •12 Тақырып «Кәсіпорынның кұралдары мен машиналардың құнын бағалау»
- •13 Тақырып «Кәсіпорынның айналым капиталының құнын бағалау»
- •14 Тақырып «Кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау»
- •Сөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары – 3 кредит
- •І Аралық бақылауға арналған материалдар
- •II Аралық бақылауға арналған материалдар
- •Реферат тақырыптары
- •Дәріс кешені
- •Бағалау түсінігі және оның ролі
- •2.Бағалау құнының қағидалары
- •3.Кәсіпорынның мүліктік құнына әсер ететін факторлар
- •1.Меншік құнды бағалаудағы ақпарат жүйесі. Бизнестің құнын бағалаудағы есептерді шешу үшін бухгалтерлік есептердің түрлері мен мақсаты
- •2.Бағалау процесінде қаржылық документтерді дайындау
- •3.Есептерді инфляциялық реттеу.
- •1.Бағалау объектісін көру және идентификациялау
- •2. Жеке меншік және өкілді сұхбаттау салыстыру объектілерін сатуда нарықты зерттеу, ақпаратты жинау.
- •1.Бағалауда шығындық әдістің орны мен мәні. Шығындық тәсіл Шығындық әдіспен бағалау мақсаты
- •3.Тозуды бағалау: физикалық тозу, объектінің физикалық өмірінің мерзімі, экономикалық мерзімі.
- •Болжау мерзімінің соңындағы кәсіпорынды сатудан түскен пайда (реверсия)
- •Меншік қаржы қаражаттары
- •Кәсіпорын меншік иесінің ақшалай салымының бір бөлігі
- •Ішкі активтердщ мобилизациясы
- •6. Физикалық сипаттамаларға:
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
6. Физикалық сипаттамаларға:
Бағалау объектілерінің тозуына түзетулер келесідей формуламен есептеледі:
П1=(100-83):(100-70)=0,67
П2=(100-83):(100-75)=0,68
П3=(100-83):(100-50)=0,34
Инженерлік қамтамасыз ету бойынша: берілген сипатқа сай бағаланатын объекті мен салыстырмалы объектілер ұқсас болған жағдайда құнға түзету еңгізу талап етілмейді.
Табыстық тәсіл
Бағалау объект құнын есептеу үшін келесідей табыстық әдістер қолданылады:
• Тікелей капитализациялау әдісі,
• Ақша ағымдарын дисконттау әдісі.
Бағаланатын мүліктік кешеннің құнын тікелей капитализиялау әдісімен есептеу бірнеше қадамдардан тұрады:
1. Жылдық таза табысты есептеу:
- салыстырмалы объектілер үшін жал нарығындағы ағымдағы мөлшерлемелерді және тарифтерді талдау негізінде потенциалды жалпы табысты (ПЖТ) бағалау;
- толық емес жүктеуден (жалға толық емес беруден) нарықты талдау негізінде алынбаған жалғалық төлемдер, бағаланатын жылжымайтын мүлікке қатысты динамикалық сипатына сәйкес шығындарды бағалау. Шығындардың есептелген мөлшеріне қысқартылған жалпы табыс таза жалпы табыс (ТЖТ) ретінде анықталады.
2. Бағаланатын жылжымайтын мүлік бойынша шығындарды есептеу (операциялық шығындарды) мөлшеріне азайтылған табыс таза операциялық табыс (ТОТ) ретінде анықталады.
3. Капитализация мөлшерін есептеу (R)
4. Бағалау объектілерінің ағымдағы құнын есептеу болжанатын таза операциялық табыс мөлшерінің бағалау құніне мүліктің құнына қайта қалынтасуында қорытындынайды.
Тікелей капитализациялау әдісінің негізгі артылықшынығы - оның қарапайымдылығы. Бұл әдістің кемшілігі оның статикалығы, яғни бір сипатгы жыл деректеріне байланыстылығы.
Кәсіпорынның бағаланатын мүліктік кешенінің құнын болашақтағы табыстарды дисконттау әдісімен есептеу
Кәсіпорынға толық меншік құқығының құнын бағалау кезіндегі негізгі көрсеткіш болып, кәсіпорынның кезеңдік табыс алып келу қабілеттілігі есептеледі.
Ақша ағымдарын дисконттау әдісін қолдану мен есептеудің жүйелілігі келесіні көздейді:
1. табысты алу кезеңінің ұзақтығын анықтау.
2. иемдену кезеңінің әрбір жылы бойынша ақша қаражаттарының ағымдарын болжауды жүзеге асыру (ақша қаражаттарының ағымы: кәсіпорынның, оның қызметтік негізгі әрекетімен байланысты жыл сайынғы қызметтер нәтижесі). Ақша қаражаттарьтның ағымдарын дисконттау үрдісіндегі алдыңғы деректер болып келесілер табылады:
- табыс мөлшері және оның өзгеру сипаты;
- табысты алу кезеңділігі;
- табысты алу болжанатын кезең ішіндегі қадамның ұзақтығы.
3. Барлық ағымдағы құндарды соммалау және ақша құнын уақыт бойы қолдану негізіндегі әрбір болашақтағы қадамдарда ақша қаражаттар ағымының ағымдағы құнына келтіру арқылы ақша қаражатының дисконттау есебін анықтайды.
4. Бағалаушы алдында тұратын міндеттерге тәуелді ақша қаражаттарының ағымдары келесі дисконттармен бейнеленеді:
- таза операциялық табыс;
- салық салуға дейінгі инвестордың табысы;
- салық салудан кейін инвестордьщ табысы;
- жалғалық келісім бойынша жалға берушінің табысы.
5. Дисконттау мөліпері табыстың орта нормасы ретінде таңдалады. Бұл жерде инвесторлар жылжымайтын мүліктің берілген нарығы шарттарындағы ұқсас объектілердегі капитал салымдарын алуды күтетін және жылжымайтын мүлік нарығынан күтетіндігін бейнелейді.
6. Ақша ағымдарын дисконттау «өдісі, сондай-ақ иемдену мерзімінің соңында жылжымайтын объектіні сатудан (реверсиядан) алынған табысты есептеуді және оны дисконттау мөлшері арқылы ағымдағы кұнына келтіру болып табылады.
7. Табыстар ағымының ағымдағы құнын және сатудан түскен түсімдерді қосумен (реверсия) анықталады.
8. Кәсіпорын құнын бірнеше жылдар бойы табыстар сомасынан тартылған қарыз қаражаттар сомасының айырмасы ретінде есептелінеді.
Тікелей капитализациялау әдісімен бағалау объектінің құнын есептеу
Бағалау объектісінен потенциалды жаллы табысты (ПЖТ-ты) есептеу үшін ғимараттардың бірегей кешенін жалға беруден табыс қолданылады.
Жалғалық төлем бағалау құніне Алматы облысында әрекет ететін "жылжымайтын мүлікке жалғалық төлемді анықтау тәртібі туралы жағдайы (ғимараттар, құрылыстар, жылжымайтын жайлар)" негізінде келтірілген.
12- тақырып: Кәсіпорынның құралдары мен машиналардың құнын бағалау.
Кәсіпорының құралдары мен машиналарын бағалау. Алғашқы құн, ағымдағы құн, баланстық құн, сату құны. Негізгі капиталдың алғашқы бағалануы. Негізгі капиталдың қайта бағалануы. Амортизация есептеу әдісі, кумултивті.
Қаржылық лизингтің шарт; қозғалыс механизмі, белгіленген активтер түсінігі.
Амортизациялық топтық құндық балансы. Амортизациялық топтық жөндеуі кеткен шығыс. Кәсіпорындағы автокөліктерінің бағалануы. Офистік құрылғылардың бағалануы.
Негізгі ұғымдар:
Амортизация - бұл кәсіпорынның өзінің операциялық қызметіне пайдаланылатын негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететеін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.
Машина-техникалық өнімдерге әлемдік бағалар – бұл жетекші өндіруші-фирмалардыңжәне осы өнімді жеткізушілердің экспорттық бағалары.
Ішкі саудадағы мәмілелелердің нақты бағалары. Бұл бағалар нарықтық салыстыру әдісімен машиналар мен жабдықтар құнын бағалау арқылы алынады.
Табыстық тәсіл - және табысты капитализациялау әдісі машиналар мен жабдықтарды бағалаудың негізінде « жүйелеу бағасы » жағдайында қолданылады.
Салыстырмалы әдіс бойынша - машиналар мен кұралжабдықтарды бағалау әмбебап және анық, ал ұсыныс бағалары және сауда санағы бойынша бағаны анықтауда өте тиімді болып табылады.
Шығындық тәсіл - құнды бағалауда мынау жағдайға сүйенеді: баға, құн және өзіндік құн арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, нарықтың қатысушылары құн мен бағаны, өндіріс және сату шығындарымен байланыстырады.
Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалау үшін, негізгі қорлардың басқа элементтерін бағалауда қолданылатын базалық механизмдер мен тәсілдер қолданылады:
- Салыстырмалы
- Шығындық
- Табыстық
Бірінші екі тәсілді үшіншісіне қарағанда қарапайым деуге болады. Олар қатынастарға негізделіп, қарпайым жағдайларда күрделі экономика-математикалық есептерді талап етпейді. Бұл тәсілдерді қолданудағы негізгі проблемалар экономикалық емес, ақпараттық болып табылады. Аталған тәсілдердің әр қайсысының өз әдістері мен ақпараттық камтамасыздандыруға ез талаптары және өзінің өте тиімді қолданыс аймағы бар.
Табыстық тәсіл және табысты капитализациялау әдісі машиналар мен жабдықтарды бағалаудың негізінде « жүйелеу бағасы » жағдайында қолданылады. Өйткені, негізінен бұл жағдайларда табыс ағымы мен шығындардың локализациясы, оның бағалау объектісімен арақатынасы мүмкін және мақсаты болады. Өндірістік-технологиялық жүйелерді бағалаумен қатар, ол бизнес кұрайтын құрал- жабдықтарды(мысалы: қымбат көлік құралдары) бағалауда қолданылады. Осы кұрал-жабдықтар арқылы төлем ақылы жұмыстар жүргізіледі. Бұл тәсілдің басқа меншік түрлерін бағалаудағы мәні жоғарырақ. Өйткені, ол Қазақстандағы әлі дамымаған жылжымалы мүлік, өндірістік мүлік нарығындағы оларды бағалаудың ақпараттық қамтамасыздандыру үрдісі мәселесінің ауыртпалығын, басқа тауарлар, қызмет көрсету, жұмыс күшінің дамыған нарығына апарады.
Салыстырмалы әдіс бойынша машиналар мен кұралжабдықтарды бағалау әмбебап және анық, ал ұсыныс бағалары және сауда санағы бойынша бағаны анықтауда өте тиімді болып табылады. Бұл машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалаудың негізгі тәсілі. Бұл тәсілде нарықтық ұқсастықтармен бірге, нарықтық емес ұқсастықтар колданылуы мүмкін: мысалы, реформаға дейінгі объектілердің нарықтық бағалары, инфляцияның бағалық индекстері бойынша нақты бағалар ретінде көрсетілуі.
Салыстырмалы әдіс ауыстыру кағидаларына негізделген: сатып алушы (инвестор) бағаланатын мүлікке, оның орнына ашық, еркін және бәсекелестік нарықтағы сәйкес жаңа объектіге қарағанда көп ақша төлемейді. Осындай әдістердің тәжірибелік қолданылуы тиімді қызмет ететін нарық пен ол туралы әр-түрлі ақпараттың бар болуын білдіреді.
Салыстырмалы әдістің негізгі мәселелері - керекті ақпаратты, машиналар мен кұрал-жабдықтардың нарықтық бағасын табу қиындығы; деректер базасын кұру қиындығы; ұқсастықтарды (бағаланатын объектілерге ұқсас объектілердің құрамы мен сандық ерекшеліктерінің сәйкес келмеушілік дәрежесін есептегенде) тандау қиындығы;
Шығындық тәсіл құнды бағалауда мынау жағдайға сүйенеді: баға, құн және өзіндік құн арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, нарықтың қатысушылары құн мен бағаны, өндіріс және сату шығындарымен байланыстырады. Сондықтан, шығындық тәсілді қолданғанда, белгілі бір объекті өндіру үшін (кайта өңдіру), оны қолдану аймағына жеткізу мен құрастыру үшін қажетті барлық бағалық кұнды шығынды тікелей немесе жанамалық есептеу арқылы анықталады.
Басқа екі тәсілмен салыстырғанда шығындық тәсілдің негізгі кемшілігі - мүмкін болатын меншік иесіне объектің тиімділік дәрежесін әлсіз есептеу. Басқа екі тәсілдегідей тура есептелмей, жанама түрде өндірістің орташа тиімділігі арқылы есептеледі.
Жеткілікті ақпарат пен керекті бағдарламалық қамтамасызданды-рылған жағдайда объект бағасы, оның техникалық құрамы мен мағынасы арасындағы тәуелдігін білдіретін машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалауда баға кұраудың статистикалық (кепфакторлық) модельдерін құру мен қолдану өте тиімді. Мұндай модельдер объективті тәуелділіктерді көрсетіп, мынадай сұраққа жауап береді: берілген техникалық қасиеттер жағдайында қандай орташа бағаны күту керек. Басқа нарықтық факторлардың әсерін модельге түзету коэффициентін еңгізу арқылы ескеріледі. Классификациялық көз-қарастан қарағанда, көпфакторлық стати-стикалық модельдер негізіндегі есепті, бір жағынан салыстырмалы тәсілдің бір тәсілі (одан шыққан баға, бағаланатын объектің нарықтық бағасы ретінде қарастырылады) ретіңде қарастыруға болады; екінші жағынан, көпфакторлы модельдер негізіндегі есепті, шығындық тәсілге тән әдістердің ішіндегі біреуінің статистикалық модификациясы ретінде қарастыруға болады - нормативті-параметрлік; бөлшектік көрсеткіштер әдісі (берілген параметрге функционалдық тәуелділікті білдіреді).
Халықаралық және қазақстандық үлгісінде (стандартында) белгі-ленгендей, белгілі бір әдістің тандалуы көбінесе ақпараттың ашықтығына, нарықтың және бағаланатын объектінің ерекшелігіне (өзгешелігі) ескертулер жүргізе отырып, бағалаудың нәтижесін беру керек. Егер барлық қолданылған әдістер өзінің әрбір элементін нарықтық ақпаратқа сүйене отырып қабылдаса, теоретикалық жағынан бұл дұрыс та болуы мүмкін, бірақ практикалық есептеулерде әр түрлі әдістермен алынған бағалық құнның мөлшері әр түрлі болады. Бұл өзгешеліктер елеулі болуы мүмкін, оны жеңу үшін әр түрлі мүмкіншіліктерді ұсынуға болады: түрлі әдістермен алынған орташаланған баға; бағаның интервалдарының тапсырмалары; алдыңғы қатарлы әдісті тандау және басқа тәсілдер арқылы алынған бағаларды ескермеу.
Бағалаушы машина мен құрал-жабдықтарды бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануға құқығы бар. Ал асыра бағалау жағдайында жекелеген топтардың инвентарлық бірліктерін және нормативтік белгіленген индекстік көрсеткіш арқылы бағалауды қалдыру.
Бағалаудың кұрамында қарастырылған, машиналардың және құрал-жабдықтардың әр түрлі топтарына бағалану қолданылуы мүмкін. Бірақ та, бағалаудың әрбір тәсілі кемшіліктері мен артықшылықтарға байланысты нактылық пен дәйектілікті қамтамасыз ету үшін жалпы жағдайда бірнеше тәсілді қолдануға ұсынылады. Кейбір жағдайларда, оның нақты түрлерінің ерекшелігін ескеру керек. Бүған бизнесті құрайтын машиналар мен құрал-жабдықтар, лизингте қолданын жатқан және лизингке алынған машиналар мен кұрал-жабдықтар жатады. Олар өндірістік-технологиялық жүйенің біртұтас бөлінбеген жүйеде қарастырылады.
13-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталының құнын бағалау
1. Өндірістік айналым қорды бағалау: өндірістік қор / шикізат және негізгі материалдар, жартылай дайын сат ып алынатын заттар, жөңдеу жұмыстары үшін құрал саймандар, көмекші материалдар/, аяқталмаған өндірістік, жанармай, ыдыстар болашақтағы шығындар. Қорларды бағалау әдісі.
2. Айналым қорын бағалау: қоймадағы дайын өнімдер, тасымалданған тауарлар, қаржылар, дебиторлық қарыздар.
3. Айналым қаржының жетіспеуіне байланысты шығындар мен тәуекелдер. Айналым қаржысының артық болуына байланысты шығындар мен тәуекелдер.
Негізгі ұғымдар:
Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы – бұл ең аз мөлшердешығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
Шығындарды азайту – бұл, ең алдымен, кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлесрііп пайдалану деген сөз.
Меншікті айналым каптиалы – бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары есебінен құралатын қаражаттар болып табылады
Материалдық ресурстардың жалпы жұмсалуы – бұл есептік кезең ішіндегі бүкіл өндірістік бағдарламаны орындауға материалдық ресурстардың тұтас немесе жекеленген түрлерін тұтыну.
Нақты ресурс түрінің үлесті шығыны деп – өндірілген жарамды өнім бірлігіне тиесілі орташа шығын көлемін айтамыз.
1. Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды. өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады.
Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі – айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінеді.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.
Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы – бұл ең аз мөлшердешығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Шығындарды азайту – бұл, ең алдымен, кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлесрііп пайдалану деген сөз.
Кәсіпорынның айналым капиталы айналыс жасай отырып, ұдайы қозғалыста болады. Айналыс өрісінен олар өндіріс аумағына, кейін өндірістен – қайтадан айналыс өрісіне және тағы сол сияқты өтіп отырады. Ақшалай қаржылардың айналымы кәсіпорынның өндіріске қажетті материалдық ресурстар және өзге де элементтерге төлем жүргізу сәтінен басталып, осы шығындардың өнімді сатудан түскен ақшалай табыс түрінде қайтуымен аяқталады. Бұдан соң кәсіпорын қаражаттарын материалдық ресурстар сатып алуға қайта жұмсап, оны өндіріске жөнелтеді.
Материалдық ресурстардың шығының мөлшерлеу дегеніміз – жоспарланған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын іске асыруды ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажет барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу. Материалдық ресурстарды мөлшерлеу оларды дұрыс, ұтымды пайдалану мақсатында ішкі резервтерді анықтау мен оларды жұмылдыруға бағытталған.
Түзілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.
Меншікті айналым каптиалы – бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары есебінен құралатын қаражаттар болып табылады. Қозғалыс үдерісі кезінде негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.
Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз және басқа да пассивтерді атайды.
Өндірістік айналым қорын пайдлану ісін жан-жақты жақсарту өнеркәсіптік кәсіпорынның маңызды міндеттерінің бірі. Шикізат, көмекші материалдар мен отын неғұрлым тиімді пайдаланылған сайын, өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге олар солғұрлым аз жұмсалады, яғни өнеркәсіптік өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік ашылады.
Материалдық ресурстар шығынын және оларды тиімді пайдалануға деңгейін көрсететін жеке көрсеткіштер қолданылады.
Материалдық ресурстар шығыны дегеніміз олардың өндірісте тұтынылған көлемі. Өндіріске жұмсалған шығындар кәсіпорынның тікелей өнім өндіруге жұмсаған барлық материалдық ресурстар көлемін қамтиды. Сондай-ақ, материалдық ресурстар жөндеу жұмыстарына, зауытішілік көлікпен қызмет көрсетуге, көмекші шаруашылықты қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге де жұмсалады. Материалдық ресурстарды тұтыну меншікті және жалпы шығын деген түрлермен сипатталады.
Материалдық ресурстардың жалпы жұмсалуы – бұл есептік кезең ішіндегі бүкіл өндірістік бағдарламаны орындауға материалдық ресурстардың тұтас немесе жекеленген түрлерін тұтыну. Материалдық ресурстардың жалпы жұмсалуы табиғи түрінде есептеледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жиынтық шығыны құндық өлшемімен есептеледі.
Нақты ресурс түрінің үлесті шығыны деп өндірілген жарамды өнім бірлігіне тиесілі орташа шығын көлемін айтамыз.
Ол есептік кезеңде берілген өнімді өндіруге жұмсалған барлық материалдық ресурстар көлемінің (Q)осы дайын өнім көлеміне (N) қатынасымен анықталады :
m=Q|N
Сондай-ақ біртекті өнім бірлігіне жұмсалған материалдық ресурстың үлесті шығынын да келесі формуламен есептеп шығаруға болады:
mi=εmiqi|Qi
мұнда: ε- біртекті өнімнің үлесі;
mi -жеке өнім бірлігіне тиесілі материалдық ресурстардың үлесті шығыны;
qi- осы өнімнің есептік кезең ішінде өндірілген бірлік көлемі;
Qi- есептік кезеңде өндірілген өнімнің жалпы тұтыну қасиетерінің көлемі.
Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры - бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан epeкшелігі - айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырүшы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлігіектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бipлiгiнe жұмсалған материалдар, отын мен энерғия шығыны неғұрлым аз болса, өнімдi өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді әpi оның өзіндік құны арзан болады.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретіңде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ак кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінеді.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бipaқ түзілген құнды жөткізүші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бip қалыптылығын қамтамасыз ету.
Сонымен, айналым капиталы деп өндірістің айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
Айналым капиталы дегөніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз өтетің алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізгі материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлігіектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді.
Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлігіерімен, ең алдымен өндірісті ұйымдастырудың техникалық деңгейімен және дайындалатын өнімнің өндірістік циклінің ұзақтығымен сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс icтеу үшін жеткілікті көлемде айналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын камтамасыз өтеді.
Ең бастысы, мына мәселені анықтап алу қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлініне тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп, айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.
Айналым қорларынын кұрамы. Өндірістік негізгі қорларға қарағанда кәсіпорындардың өндірістік айналым қоры өндіріс қорларының әрбір өндірістік циклінде жұмсалып, олардың құны еңбек өнімінің құнына бірден толығымен өтетін заттық элементтердің бөлігі болып саналады. Заттық элементтер еңбек үдерici барысында табиғи қалпы мен физикалық-химиялық құрамы жағынан бipaз өзгеріске ұшырайды. Өндipicтe тұтынылу барысында олар өздерінің тұтыну құнын жоғалтады. Ал жаңа тұтыну кұны олардың өнімi түрінде пайда болады.
Айналым капиталы өндipic және айналыс өрісінде пайдаланылып, жабдықтау, өндіру, өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер iшiндe әр түрлі табиғи күйге енеді.
Айналым капиталын қайта жаңғырту үдерісінің міндетіне қарай төрт топка бөлуге болады: өндірістік запас (босалқы), аяқталмаған өндipic (аяқталмаған өнім), дайын өнімдер және ақша қаражаттары (есеп айрысу шотындағы қаражаттарды қоса санағанда).
Өндірістік запасқа келесілер жатады.
Шикізат пен негізгі материалдар - бұл дайын өнімнің материалдық-заттық негізін түзейтін және өндipic үдерісінде өзінің түрін өзгертетін өңбек заттары. Шикізат пен материалдардың нақты түpi әрбір өнеркәсіп кәciпopны шығаратын өнім түріне қарай анықталады.
Сатып алынатын жартылай өңделген өнім мен жинақтау бұйымдары - дайын өнім құрамына кipeдi және берілген кәсіпорында белгілі бip еңбектің жұмсалуын (жинау, кұрастыру) немесе қосымша өңдеуді қажет етеді.
Көмекші материалдар тікелей дайын өнімнің құрамына кірмейді, бiрақ оны дайындауға немесе белгілі бip қасиет беруге пайдаланылады. Көмекші материалдарға майлау, сүрту материалдары, бояулар, отын және т.б. жатады. Халық шаруашылығында отынның салмағы басым болғандықтан, теңдестікте ол жеке баптармен қарастырылады.
Ыдыс (жәшіктер, пакеттер, қаптар, бөшкелер және т.б.) дайын өнімді бүліну мен бұзылудан сақтау мақсатында қолданылады.
Қосалқы бөлшектер негізгі қорды ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін пайдаланады, дегенмен ол айналым капиталының кұрамында есепке алынады.
Көмекші материалдар, отын мен ыдыс дайын өнімге материалдық түрінде кірмейді және қызмет ету барысында өзінің тұтыну түрлерін сақтамайды. Олар еңбек үдерісінде толығымен тұтынылып, өнімге өзінің құнын толықтай ауыстырады.
Келешекте қажетті өндірістік қорлар кұрамына белгілі бip уақыт аралығында тауар (өнім) жабдықтаушыдан тұтынушыға жететін жолдағы материалдық құндылықтар да жатқызылады. Қолданылатын тауар мен қызмет үшін қaзipгi есеп айрысу тәpтiбi бойынша мундай жүктердін құны сатып алушыға жеткізілген кезінде емес, келісімшартта көрсетілген уақытына сай төленеді. Ал көптеген жағдайда тауар кұжаттары жүктің өзінен бурын жеткізіліп, кәсіпорынның айналым капиталының бip бөлігі әлі жолда келе жатқан материалдық құндылықтарға төлем жасауға жұмсалады.
Кәсіпорынға келіп түсетін материалдық құндылықтар бірден өндipic үдерiciндe пайдаланылмайды. Олар алдымен қоймаларда сақталады. Қоймада келешекте қажет қордың болуы өндірістік үдерістің yзiлicciз жүріп отыруын қамтамасыз етіп, оны кeйбip жоспарланбаған қиыншылықтан сақтайды. Сосын материалдар цехқа жөнелтіліп, онда өңделеді де, аяқталмаған өндipic (аяқталмаған өнім) түріне енеді.
Аяқталмаған өндipic өнімінің құны жұмсалған шикізаттық, негізгі және көмекші материалдардың, отын, энергия, су, бу, сығылған ауа құнынан, өнімгe қосылған негізгі қорлар құнының бip бөлігінен (амортизациялық аударымдар), сондай-ақ қызметкерлерге берілген еңбекақы түріндeгi шығындар қосындысының жиынтықтарынан құралады.
Кәсіпорын сатып алынатын жартылай дайын заттардан басқа, өзінде дайындалатын, аяқталмаған өнімгe ұқсас жартылай өңделген өнімдepдi де пайдаланады.
Жаңа өнімді игеруге, дайындауға және басқа да ұзақ мерзімді жұмыстарға жұмсалған шығындар болашақ кезеңнің шығындарын құрайды және келешектегі өнімнің өзіндік кұнына қосылады. Бұл шығындар қазіргі кезде БЕС талаптарына сәйкес айналыс қорының құрамына жатады.
Өндірістік үдерістің толық орындалуына байланысты аяқталмаған өнімге жұмсалған айналым қоры дайын өнім түріне енеді. Дайын өнім - бұл белгілі бір кәсіпорында өңделуі аяқталған және стандарт бойынша кабылданған өнімдер.
Дайын өнімдер жинактау мен буып-туюге қажетті уақыт аралығында қоймаларда сақталып, содан кейін ғана тұтынұшыға жөнелтіледі дайын өнім сатылған сон айналым капиталы жаңа түрге - ақша түріне енеді. Сатудан түскен ақшалай табыс қаражаты кәсіпорынның коммерциялық банктерден есеп айырысу шотына түседі, сонан сон ғана олар қайтадан өндірістік запастар құруға, қызметкерлер еңбекакысын төлеуге және т.б. пайдаланылады.
Осылайша, айналым капиталы өндірістік үдерісте келешекте қажет өндірістік запастар мен аяқталмаған өндipic өніміне, ал айналыс үдерісінде дайын өнімдер мен қаражат түрлеріне ауысып отырады. Бірлік айналымның ұзақтығы өндipic пен айналыстың жиынтық уақытына тең. Өндіріс және айналыс өрісіндегі бірлік айналымның ұзақтығына кәсіпорынның өндіріс-шаруашылық қызметіне қажет айналым капиталының шамасы тәуелді болып келеді. Қаржылар бip түрден eкiншiciнe неғұрлым жылдам етіп, айналым тез жүрген сайын, қажетті айналым капиталының жалпы сомасы солғұрлым төмендей түседі.
Өндірістік айналым қорлары өзінің козғалысы барысында айналыс өpiciндeгi айналыс қорларымен де байланысты болады. Оған қоймалардағы дайын өнім, өнімді тұтынушылармен есеп айрысудағы ақшалай және басқа қаражаттар, мысалы дебиторлық қарыздар жатады.
Айналым қорларының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөлikтepi арасындағы меншікті қатынасы айналым қорынын кұрылымы деп аталады.
Ресурсты жинактау қағидасын мүлтіксіз сақтай отырып, өндірісті қарқындату нарықтық экономикаға өту жағдайында басты міндеттің бipi болып саналады.
Үнемдеу тәртібін орындауға бағытталған ic-шаралардын, басты жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу мәселесі айрықша орын алады. Бұл - өнімнің сапасына, cенімдiлiгi және ұзақ мерзімді қасиеттеріне ешқандай нұқсан келтірмей, өнім бipлiгiнe жұмсалатын шикізат, материалдар мен отын шығындарын төмендету деген сөз.
Айналым капиталының саралануы.
Айналым капиталы өндipic үдерісіндегі орны мен рөліне қарай ұйымдастыру қағидасы мен түзілу көзі бойыніна сараланады. Өндірістік үдерістегі орны мен pөлi бойынша айналым капиталы өндipicтik айналым қоры және айналыс қорлары болып екіге бөлінеді. Өндірістік айналым қорына алдағы уақытта өндipicке қажет материалдық запастар мен аяқталмаған өндipic өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80%-ы) өндipic саласында қамтылған, ceбeбi тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын пайдалану кезіндегі тиімділігі олардың өндipic саласындағы үлесіне тәуелді. Айналыс шeңбepiндeгi айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Түзілу көздері бойынша айналым капиталы меншікті және несиелік болып бөлінеді.
Мeншiктi айналым капиталы өнеркәсіпте шамамен 40%-д№ы құрайды және ең алдымен пайдадан бөлінетін төлемдер есебінен құралады.
Ұйымдастыру қағидалары бойынша айналым капиталы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді. Айналым капиталын мөлшерлеу өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өнеркәсіптік кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым капиталы.
Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріске кажетті материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс өнімі мен қоймадағы дайын өнім жатады. Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріс өрісіндегі айналым қорларының барлық элементтері кіреді. Айналыс өрісінде дайын өнімді алу үшін еңбекке жұмсалған айналым капиталы ғана мөлшерленеді. Мөлшерленбейтің айналым капиталына мыналар жатады: жөнелтілген өнім, есеп айрысу шотында және есептесудегі ақша қаржылары мен дебиторлық қарыздар.
Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз өте алмайды және өнім жөткізүшілер, жұмыскерлер, қызметкерлер және т.с.с. басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.
Норматив тым жоғары болса, нормативтен тыс қорлар пайда болып, қосымша шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, айналым капиталының қажеттілігінен жоғары болатын норматив өнімнің табыстылық деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорын мүліктерінің күнын өсіре отырып, төлемдер мөлігіерінің артуына әкеп соқтырады.
14- тақырып: Кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау.
Материалдық емес активтердің мәні. Материалдық емес активтердің классификациясы; патент, өнеркәсіп дизайнын тіркеу авторлық құқық, тауарлық марка, франшиздер, ноу – хау.
Материалдық емес активтерді бағалау, қызмет мерзімін анықтау. Материалдық активтер құнының төмендеуі.
Гудвилды бағалау, қосымша пайда әдісі. Теріс гудвил.
Негізгі ұғымдар:
Материалды емес актив (МЕА) - физикалық формасы жоқ, өндірісте немесе тауарлар мен қызметтерді ұсыну кезівде, басқа тараптарға жалға беру немесе басқа әкімшілік мақсаттарда қолданылатын актив. Мұндай актив бақыланады және ол іскерлік беделмен ерекшеленеді.
МЕА дегеніміз – сезілмейтін және нақты материалдық объектімен (затпен) байланыспаған ұзақ мерзімдік активтер.
Іскерлік бедел - бұл әрекет етуші кәсіпорынның құнының бөлігі, ол жақсы атпен, іскерлік байланыстармен, фирмалық атаудың танымалдығымен, фирмалық маркамен анықталады.
Бренд – бұл фирамлық атау немесе тауарлық белгі, олар өз иелері жүргізген жарнамалық компаниялар арқасында кең танымалдыққа ие болады.
1.Материалдық емес активтер (МЕА) мазмұнының түсініктемесін төмендегі нормативтік құжаттардан табуға болады.
«МатериаЛдық емес активтердің» Халыкаралық стандартыла назар аудару керек, ол барлық МЕА-ге қатысты қарастырылады. Олардың мысалы ретінде сауда маркалары, компъютерлік бағдарламалық қамсыздандыру, лицензиялар, франшизалар және әзірлеу барысындағы материалдық емес активтер қарастырылады.
МЕА - физикалық формасы жоқ, өндірісте немесе тауарлар мен қызметтерді ұсыну кезівде, басқа тараптарға жалға беру немесе басқа әкімшілік мақсаттарда қолданылатын актив. Мұндай актив бақыланады және ол іскерлік беделмен ерекшеленеді.
МЕА мынандай жағдайларда актив ретінде танылады:
• осы активке қатысы бар болашақ экономикалық тиімділіктер (ұлыстар) компанияға түседі деген ықтималдық бар;
• активтің құнын сенімді түрде бағалауға болады. МЕА-ге жататын барлық шығындар шығыстар болып табылады (мысалы, зерттеу, оқыту, жарнама және құрал-жабдықты іске қосу шығындары).
Активтер ретінде мыналар танылмайды: ішкі қалыптасқан іскерлік бедел, сауда маркалары, жариялау құқықтары, баспа өнімдерінің атаулары, клиенттердің тізімі және ұқсасмақалалар. МЕА-ді пайдаланудың максималды мерзімі 20 жылдан аспайды. МЕА-дің есебі өзіндік құннан жинақталған амортизацияны шегеру негізінде жузеге асырылады.
МЕА көрсетілген нормативтік құжаттармен жұмыс істеудің қазақ-стандық тәжірибесі төмендегідей:
МЕА-ге шаруашылық қызметте ұзақ мерзім ішінде колданылатын және табыс әкелетін жер телімдерін, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, патенттер, лицензиялар, «ноу-хау», бағдарламалық өнімдер, монополиялық құқықтар және артықшылықтар, ұйымдастырушылық шығындар, сауда маркалары, тауарлық таңбалар және т.б. жатады.
МЕА дегеніміз сезілмейтін және нақты материалдық объектімен (затпен) байланыспаған ұзақ мерзімдік активтер. Атап айтқанда, ұйымның МЕА-не интеллектуальды қызмет нәтижелеріне қатысты оның құқығы (интеллектуальды меншігі) және оларға теңестірілген жеке құралдар.
Қаржы Министрлігінің бұйрығымен енгізілген «Қазақстан Рес-публикасындағы бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есептілікті жүргізу жөніндегі Ережелерге» сәйкес МЕА-ге 12 айдан астам уақыт ішінде шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс әкелетін құқықтар жатады, олар мыналардан туындайды:
• ғылым, әдебиет, өнер шығармаларына және ЭЕМ-ға арналған бағдарламаларына ұқсас құқык объектілеріне, мәліметтер базасына авторлық және басқа келісімдерден;
• өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, пайдалы модельдерге куәліктер, тауарлық таңбалар (белгілер) және оларды пайдаланудың лицензиялық келісімдерінен;
• «ноу-хау» құдығынан және т.б.
Сонымен бірге МЕА-ге ұйымдастырушылық шығындар (занды тұлғаларды қалыптастырумен байланысқан шығындар), олар құрыл-тайшылық кұжаттарға сәйкес олар қатысушылардың (құрылтайшылардың) жарғылық капиталға салымы, сондай-ақ ұйымның іскерлік беделі деп танылады.
Пайдалы қолдану мерзімін анықтау мүмкін емес МЕА-ге қатысты амортизациялық төлемдерінің нормалары 10 жыл көлемінде белгіленеді. МЕА құрамындағы ережелерде көрсетілген іс-әрекеттерді еңгізгенге дейін болмаған іскерлік беделге назар аудару керек. Іскерлік беделді қорғаумен байланысқан соттық келіспеушіліктерді шешу тәжірибесі іскерлік беделдің кәсіпорындардың шаруашылық айналымына белсенді түрде еңгізіліп жатқанын дәлелдейді және ол бизнесті кеңейту, олардың қаржылық жағдайын жақсарту үшін қолданылады.
Іскерлік бедел маңызды құндық шамада болуы мүмкін және бірқатар жағдайда ол кәсіпорынның құнына маңызды ықпал ете алады, соның нәтижесінде ол қор нарығында оның акцияларының санатын ұлғайтуға әкелуі мүмкін.
Демек, іскерлік бедел - бұл әрекет етуші кәсіпорынның құнының бөлігі, ол жақсы атпен, іскерлік байланыстармен, фирмалық атаудың танымалдығымен, фирмалық маркамен анықталады.
Іскерлік беделмен қатар тауарлық нарықта «бренд» түсінігі айналымға енгізілген, оны көптеген сарапшылар МЕА-ге жатқызады. Мағынасы бойынша «бренд» - бұл фирмалық атау немесе тауарлық белгі, олар өз иелері жүргізген жарнамалық компаниялар арқасында кең танымалдыққа ие болады.
«Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп жөніндегі Ережелерге сәйкес МЕА-ге интеллектуалдық меншіктің темендегідей объектілері жатқызылуы мүмкін: өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге патент иесінің айырықша құқығы;
ЭЕМ, мәліметтер базасына арналған бағдарламаларға айырықша авторлық құқық;
Интегралды микросызбалардың топологиясына автордың немесе басқа құқық иесінің мүліктік құқығы;
Тауар белгісіне және қызмет көрсету белгісіне иесінің айырықша құқығы, тауардың шығу орнының атауы;
Құқық иесінің селекциялық жетістіктерге айырықша құқығы.
МЕА-дің құрамына ұйымның іскерлік беделі және ұйымдастырушылық шығындары кіреді.
