Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бизнести багалау сил.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

3.Есептерді инфляциялық реттеу.

Бухгалтерлік есеп теориясында және тәжірибесінде ақпараттың шынайылығы мәселесіне көп көңіл бөлінді. Ежелгі уақыттан бері есептік құжаттарда ұсынылған ақпарат шынайылығы әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың зерттеу пәні болып келді.

Осымен бір мезгілде, инфляция қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларына әсер ете алатын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Өйткені инфляцияның салыстырмалы түрдегі аз ғана қарқынының өзі қаржылық есептіліктің сенімділігін, компания қызметінің шынайы бейнесін бұрмалап, пайдаланушыларға оның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік бермейді.

Инфляциялық үдерістер тек сол бір активтер мен міндеттемелердің пайда болу уақытына байланысты әр түрлі ақша бірліктерінде болуына әкеледі. Мұндай алшақтық есептік мәліметтерді едәуір бұрмалауы мүмкін. Тұрақсыз валютада құрастырылған қаржылық есептіліктің осы жетіспеушілігін жою үшін бұрыннан пайда болған ақша сомаларына түзету жасау қажет.

Инфляция елдегі, сондай-ақ әлемдегі экономикалық ахуалды сипаттайтын күрделі әрі көпжоспарлы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың бірі. Инфляцияның жалпытаралымдылығы мен тұрақтылығы оны қазіргі нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті элементі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Инфляциялық үдерістердің негізгі себептері өндіріс және айналыс саласында үйлесімділіктің бұзылуы, баға белгілеу саясатында қателердің болуы, ұлттық табысты бөлудің ұтымсыз жүйесі және т.б. болып табылады.

Қазақстандық компаниялар 10 жылдан астам уақыттан бері қаржылық есептілікке жүйелі түзетулер жасамай, жоғары инфляция жағдайында жұмыс істеді, сәйкесінше ол пайдаланушылар үшін ақпараттылықтың салмақты бұрмалануына және маңыздылығын жоғалтуына әкелді. Соңғы жылдары инфляция деңгейі төмендеп келеді, бірақ оның қаржылық есептілікке әсері тимейтін мәніне жеткен жоқ.

Көптеген елдердің, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германияның бухгалтерлік стандарттары қаржылық есептілікке инфляцияның жағымсыз әсерін жою жағдайларын қарастыратынын атап көрсету қажет.

Осыған байланысты инфляцияның қаржылық есептілікке тигізетін әсерін зерттеу, сонымен бірге оны жоюдың теориялық және әдістемелік аппаратын әзірлеу және қаржылық есептіліктің шынайылығын көтеру өзекті әрі дер мерзімді мәселе болып табылады.

4-тақырып. Бағалау процедурасы

1.Бағалау объектісін көру және идентификациялау.

2.Жеке меншік және өкілді сұхбаттау салыстыру объектілерін сатуда нарықты зерттеу,ақпаратты жинау.

Негізгі ұғымдар:

Бизнесті бағалау заты – меншікті, шағын, индивидуалды кәсіпкерлер – жеке тұлғалардың бизнесі..

Жалпы ренталық мультипликатор - бұл сатылу бағасы немесе потенциалды жалпы түсім, немесе нақты түсім арасындағы қарым-қатынас.

Бағалау объектісін қайта өндіру құны – бағалауды жүргізу мерзімінде жүзеге асатын, бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруды ұқсас материалдары және технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозуын есепке алғандағы нарықтық бағадағы шығындардың сомасы.

Бағалау мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын есес айырысумен негіздеу. Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады.

Бағалау объектісін қайта өндіру құны – бағалауды жүргізу мерзімінде жүзеге асатын, бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруды ұқсас материалдары және технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозуын есепке алғандағы нарықтық бағадағы шығындардың сомасы.