Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бизнести багалау сил.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

Дәріс кешені

1-тақырып. Бағалау түсінігі: пәні, мақсаттары, әдістері, стандарттары.

1.Бағалау түсінігі және оның ролі

2.Құнды бағалау әдістері мен стандарттары

Негізгі ұғымдар:

Бизнес – бұл заңды, жеке тұлғалардың нақты қызметі.

Бағасы жалғыз бизнес – сызығының бағасына сәйкес келетін бір өнімді кәсіпорынды бүтіндеу бағалау.

Бизнесті бағалау заты – меншікті, шағын, индивидуалды кәсіпкерлер – жеке тұлғалардың бизнесі.

  1. Бағалау түсінігі және оның ролі

Бағалауда фирманың қаржы - шаруашылық әрекетін талдаумен шатастыруға болмайды.

Бизнесті бағалау әрдайым «бизнес қанша тұрады немесе қанша тұра алады?» деген тікелей сұраққа жауап береді.

Бағалау:

-фирманы бағалау, яғни оның барлық міндеттемелерімен және жүзеге асырыла бастаған жоспарлар мен қоса алғандағы бағалау;

-фирманың мүліктік кешенін бағалау болып табылады.

Бірінші жағдайда бизнесті бағалау фирманы (фирмадағы үлестерді, акцияларды) сатуға бағытталады. Екінші жағдайда ол өзара толықтырушы мүлік пен фирма меншігінің құқықтарын және оның әрекет етуші бизнестерін, «бизнес сызықтарын», «істерін», «бір пакет түрінде сату бойынша мүмкін мәмілелерді» өңдеуге бағытталады. Соңғысы сатылатын іс бойынша міндеттемелерді беруді білдіруі мүмкін.

Бизнес - сызықтарын бағалаудың жаңа ғана дамып келе жатқан фирмалар үшін маңызы зор. Тек кәсіпорын бизнес - сызықтарын бағалау негізінде ғана нарықта нық тұрып үлгерген, айқын бәсекелік артықшылықтары бар және тиімді перспективті өнімдері бар, бірақ үлкен активтер (мүлік) жинап үлгермеген жас фирмаларға бағалау жүргізілуі мүмкін.

Бизнесті бағалау заты - меншікті, шағын, индивидуалды кәсіпкерлер - жеке тұлғалардың бизнесі.

Бизнес - сызықты кең мағынада белгілі бір табыс алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін меншік құқықтарының, ұзақ мерзімді және бәсекелік артықшылықтардың, арнайы және әмбебап мүліктің, технологиялардың, сондай -ақ мәмілелердің ( ресурстарды сатып алу, мүлікті жалға алу, жұмысшыларды жалдау, өнімді өткізу бойынша) жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Мұндай кең мағынада бизнес-сызықты өнім сызығы деп те атайды. Инвестициялық талдауда оны инвестициялық жоба деп атайды.

Тар мағынада ол мәмілелердің (әсіресе ұзақ мерзімді), соның ішінде қызмет түрінде және технологияларға берілетін лицензиялардың жиынтығын білдіреді.

Соған сәйкес бизнес - сызықтар:

- өнім сызықтары немесе инвестициялық жобалар ретінде;

- бизнестің сатып алу және өткізу сызықтарын қамтамасыз ететін мәмілелер жиынтығы ретінде бағалау заты бола алады.

Шаруашылық тәжірибеде бизнес - сызықтарды бағалаудың негізгі мақсаттары:

1. Фирманың барлық бизнес - сызықтарын бағалау, олардың құнының саласы арқылы осы фирманың шынайы нарықтық құнын сипаттау;

2. Бизнес - сызықты құраушы мәмілелерді ұстаушы өз мәмілелік позициясын үшінші тұлғаларға сатуға негізделген максималды бағаны анықтау;

З. Бағасы жалғыз бизнес - сызығының бағасына сәйкес келетін бір өнімді кәсіпорынды бүтіндеу бағалау;

4. Қарастырылатын бизнес сызыққа сәйкес келетін инвестициялық жобаның құндылығын бағалау;

5 . Жоспарланған инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін құрылған жарғылық капиталың негізделген нарықтық құның белгілеу.

Фирмаларды бағалау жене олардағы үлестердi бағалау жоғарыда айтылғандай, фирмамен жүзеге асырылатын бизнес сызықтарды бағалау арқылы жургiзiледi. Алайда ол фирма мүлкi негiзiнде де жүргiзiлуi мүмкін.

Фирмаларды мулкi бойынша бағалау оның материалды жене материалды емес активтерiн бағалау келесi масаттарда жургiзiледi :

1 . Қандайда бiр ашық компанияның акцияларының ағымдағы нарықтағы котировкасы қаншалықты обьективтi eкенін тексеру ;

2 . Жабық компаниялар мен жеткiлiксiз дережеде өтiмдi акциялары бар кесiпорындардың нарықтық құнын бақылау ;

3. Жабық компаниялар немесе жеткiлiксiз дережеде етiмдi акциялар бар кесiпорындардың сатып алу - сату бағасы бойынша ұсыныстap дайындау;

4 . Компаниялардың барлық түрінің i қаржылық есебiнiң аудитiн құpy барысында олардың иелерiне ұсыну ушiн кәсіпорынның шынайы қаржылық жағдайы мен перспективалары туралы толық ақпаратты пайдалану.

2.Кәсіпорынды бағалау әдістері мен стандарттары

Кез - келген бағалау кәсіпорынның құнын, есептеуде жасалуын талап етедi:

1. Әрекет етушi ретiндегi кесiпорынды бағалау;

2. Кәсіпорынның жойылу құнын бағалау. Кәсiпорынды бағалау әдiстерi :

-табыстық ;

-нapықтық;

-мүлiктiк ( шығындық )

Бизнестi бағалаудағы құнның жалпыға ортақ стандарттар бағалауға қойылатын талаптар жиынтығын бiлдiредi.

Бизнестi бағалаудың 4 негiзгi стандарты ажыратылады :

1.Негiзiделген нарықтық құн;

2.Негiзделген құн ;

3. Инвестициялық құн ;

4.lшкi ( фундаменталды ) құн стандарты .

Негiзделген нарықтық құн стандарты бизнестi ( инвестициялық жобаны) бағалау кез - келген потенциялды сатып алушы жене бизнестi сатушы, кез - келген инвестор ушiн тең қол жетерлiк ақпарат (мулiк туралы ,нарықтағы ағымдық және болжамдық , конъюктура туралы ,іскерлік мүмкіндіктер туралы т.б.) негізінде жүргізілетінін білдіреді.

Негізделген құн стандарты бойынша, бизнесті бағалау бизнестің нақты сатып алушысы мен сатушысы үшін тең қол жетерлік ақпарат негізінде жүзеге асырылады .

Инвестициялық құн стандарты бойынша, бизнес нақты инвестордың

ақпараттандырылуы мен іскерлік мүмкіндіктерінің негізінде ғана бағаланады.

Ішкі ( фундаменталды ) құн стандарты бойынша, бизнес тәуелсіз бағалаушының өз ақпараттары мен инвестордың іскерлік мүмкіндіктері туралы мәліметтері негізінде бағаланады .

Қаржылық активтер негізінен мыналардан көрінеді:

1)бағалы қағаздар мен

2)банктік депозиттерде

Кәсіпорын меншігіндегі бағалы қағаздар:

-корпоративтік бағалы қағаздар (басқа кәсіпорындардың акция, облигация)

-мемлекеттік және муниципалды облигациялар.

-коммерциялық емес т.б.

Кәсіпорынның нақты активтерінің нарықтық құнын анықтау олардың келесіі тозу түрлерін есепке ала отырып жүргізілуі керек:

-физикалық; .

-экономикалық;

-технологиялық;

-функционалдық.

2 – тақырып. Бағалаудың негізгі принциптері және құн түрлері.

  1. Бағалау кездегі анықталатын құн түрлері. Нарықтық құн. Нормативті есептелетін құн. Инвестициялық құн. Салық салу құны. Үндемелі құн. Орнын басу құны.Баланстық құны. Ликвидациялық құн. Тиімді құн.

  2. Бағалау құнының қағидалары. Нарықтық ортамен байланысты қағидалар.

  3. Кәсіпорынның мүліктік құнына әсер ететін факторлар.

Негізгі ұғымдар:

Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға.

Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны.

Баланстық құн - кәсіпорьнның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.

Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдың активтердің құны.

Инвестициялық құн - егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны.

Орнын басу құны - бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар объектіні өндірудің ағымды кұны.

Жойылу құны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады.

1.Бағалау мақсаты мен құн түрлері. Бағалау мақсаты

Бағалау мақсаты - кәсіпорының нарыктық құнын есеп айырысумен негіздеу.

Кәсіпорьндарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Кәсіпорынның құнын бағалау көбінесе келесі жағдайлардан туындайды:

1) кәсіпорынды сату;

2) кәсіпорын мүлігінің бөлігін сату (жер төлімі, ғимараттар, құрылыстар);

3) ұйымды қайта құру немесе кәсіпорынды тарату (қосылу, бөліну, сіңісу және т.б.), және кәсіпорынның банкротқа ұшырағандағы төрелік сот және меншік иелерінің шешімі бойынша жүргізіледі;

4) бағалы қағаздар нарықтарында кәсіпорын акцияларын сатып алу және сату (акционерлік меншіктегі кәсіпорындарды немесе оның бөлігін сатып алу);

5) жауапкершілігі шектеулі қоғамда немесе серістестіктің жарғылық қорының үлесін сатып алу және сату (үлес ақша бірлігімен бағаланады);

6) кәсіпорынды жалға беру. құнды бағалау жал телемін белгілеу үшін маңызды;

7) кәсіпорынды жетілдіру мақсатында инвестициялық жобаның орындалуы мен оның негізделуі кезінде кәсіпорын құнын білу қажет;

8) несие алу үшін кәсіпорын мүлігін кепілге беру;

9) кәсіпорын мүлігін сақтандыру;

10) мүлікке салық салу үшін, оның салық базасын анықтау;

11) негізгі қорларды қайта бағалау.

Сонымен, мүліктік кешен құнын бағалану негізділігі мен дәлелділігі көбінесе бағалауды қолдану аумағының дұрыс анықталуына тәуелді, яғни сатып алу және сату, несие алу, сақтандыру, салық салу, т.б.

Құн түрлері:

Кез келген мүліктің құнның, бір-бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына (ақша эквиваленті мағынасында) алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

Құн, шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей объектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, Бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, күн және баға бір-бірімен тең болады. Мүлікке қатысты құн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын бағаны ұсынады. Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.

Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік құқыктарын беру мүмкіндігі.

1. Сұраныс. Сұраныс - белгілі бір уакыт үшінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет) саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.

2. Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік объектілерінің қабілетін - пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек кажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес жүреді.

3. Тапшылық. Үлкен сұраныс пен жоғары пайдалылыққа қарамастан, ешбір мүлік тапшы болмағанша құны болмайды.

4. Меншік құкығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік құқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар болған жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі бір түрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы бол­майды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құқыктарының нарық құнын бағалауға болады.

Мүліктің құнын бағалау нақты бір мақсатпен жүргізіледі (сатудың бағасын анықтау, ипотекалық несиені алу, мүлікті сақтандыру және т.б.). Бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолданғанда, мүліктің құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатындағы құнның бағалануы, ипотекалық несие мақсатындағы құнның бағалануынан ерекшеленеді, Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің токтатылу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.

Сөйтіп, бағалаудың тағайындалуына тәуелді мүлік әр түрлі құнға ие болады.

Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады:

Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге ерікті баратьш және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатуды жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз акпараттануы, нарық деформациясы және т.б. факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық құннан айырмашылығы болады. Нарыктық емес құл ретінде, мысалы, нормативті есептелетін құн бола алады.

Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің (ставкалардың, коэффициенттердің) бірлік шкалалары қолданылады. Нормативті есептелетін құл ретінде, мысалы, кәсіпорын мүлігінің салық салу құны болып табылады. Кәсіпорын мүлігіне салық салу үшін салықтық база ретінде негізгі қаражаттардың, материалдык емес активтердің, қорлар мен шығындардың орташа жылдык калдық құны жатады. Салық салу құнын есептеу үшін кәсіпорьн мүлігінің бухгалтерлік есебінің баланстық активіндегі қалдыктар алышады. Нормативті есептелетін

құнның тағы бірі, жерге салық салу үшін, жер телімінің кұнын анықтау болып табылады.

Мүліктік кешеннің нормативті есептелетін құнының көрсеткішін салық салу және мүлікті мемлекеттік сақтандыру органдары тәжірибеде пайдаланылады. Бұл көрсеткішті талаптар бойынша зақымды бағалау үшін сот органдары да қолданады.

Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық кұнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөледі.

Баланстық құн - кәсіпорьнның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.

Бастапқы құн - белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген баға. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойьшша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.

Қалпына келтіру кұиы - бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық калпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.

Қалдық құн. Егер баланстық құннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын қайталама нарығының бағасы бойынша жүргізсе, онда ол нарықтык сипаттама алады. Яғни, баға-лауға тәуелді қайта өндіру мен орнын басу құнын белгілейді.

Қайта өндіру кұны - қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру кұнын бағалау мүліктің тура сол сиякты объекгінің құны барабар шама.Қайта өндіру құнын аныктау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықган тәжірибеде орнын басу кұны қолданылады.

Орнын басу құны - бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар объектіні өндірудің ағымды кұны.

Тағы да мүліктік кешеннің құны мен жойылу құны туралы айтуға болады.

Мүліктік кешеннің құны. Мәміле жасағаннан кейін табыс әкелетін және қызмет жасай алатын объектінің құны. Мысалы, инвестор кәсіпорьн акцияларын алғанда және олардың құнын бағалау кезіңде, кәсіпорын-эмитент - бұл болашақта табыс әкелетін және тиімді қыз­мет жасайтын объект деп қарастырылады.

Жойылу құны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде.

Бағалаудың әр түрлі жағдайларына тәуелді құндардың бірнеше түрін ажыратады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандырулық, утилизациялық.

Инвестициялық құн - егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады.

Нарыктық кұнға қарағанда, инвестициялық құн нақты және белгілі бір жобамен және оның инвесторымен байланысы. Инвестициялық кұн, берілген инвестициялық кешені мен нәтижелері бойьшша мүліктік кешеннің нарыктық құнының өсуі ретінде қарастырылады.

Тұтыну құны. Объектінің құнын немесе маңыздылығын сипаттайды. Пайдалылық кезіндегі құн тұтынушылардың экономикалық тауарлық құны ретінде анықталады және оны пайдалану тиімділігіне негізделген (табыс, пайда, ыңғай түрінде).

Пайдалану кезіндегі құн міндетті түрде нарықтық құнын көрсетпейді. Тұтыну құны туралы мәліметгер, бағаланатын мүліктік кешеннің, әр түрлі сапасы мен пайдасы бар ұксас объектілермен салыстыру үшін керек.

Сақтандыру құны - сактандыру шартында (полисінде) көрсетілген және сактандыру мақсаттары үшін анықталатын объектілердің нарықтық құны. Сақтандыру құны сактандыруды қайта калпына келтіруді бағалау үшін қажет әлементі бойынша есептеледі.

Көбінесе сақтандыру құны орнын басу құны сияқты анықталады. Өйткені сақтану жағдайларынан кейін сактанушыға өзінің мүлігін қайтадан қалпына келтіруге мәжбүр болады.

Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдың активтердің құны. Утилизациялық құн - бұл салмақты материалдардан тұратын бағаланатын объектілердің кайталама кұны.